Бүгін университетіміздің психолог маманы Алнур Ошибаев «Отбасындағы психологиялық ахуалдың ерекшеліктері және Отбасындағы қарым-қатынасқа психологиялық жағдайдың әсері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Бұл жиында тек отбасылық қарым-қатынас психологиясы ғана емес, оған әсер етуші балалар психологиясы, олардың қиялы мен армандары, адамның жас ерекшеліктеріне қарай өмір құндылықтарының өзгеруі сияқты бір-бірімен тығыз байланысты тақырыптар көтерілді. Сонымен қатар, адамның өзін-өзі бағалауы, отбасы мен қоғам пікіріне деген көзқарастар жайлы сөз қозғалды.
Алнур Ошибаев адамға қоғаммен байланыс орнатуға қандай қасиеттер көмектесетін түсіндірді. Әрі адамға әсер етуші эмоциялар, түрлі сезімдері мен жауапкершілігі, шешім қабылдау қабілеттері туралы психологиялық тұрғыдан зерттеулерімен бөлісті.
Семинар соңында қатысушы студенттер мен оқытушылар өз пікірлері мен сауалдарын ортаға салды.
Напишите свой вопрос
×