• Гүлнұр
    / Ответить

    Сәлеметсіз бе,Жанар Амангелдіқызы.Мен осы жылы жалпы конкурспен Женпу ға түстім.2 семестрде грантымды сақтай отырып Хқту ға ауыса аламын ба?

    • Салеметсіз бе Гүлнұр?! Сіз жалпы конкурс арқылы түскен болсаңыз ауыса аласыз. Егер 1 семестрді қарызсыз жапсаңыз.

  • Айкөркем
    / Ответить

    Саламатсызба?! Мен Астана Халықаралық университетінде жергілікті әкімдік гранты арқылы 1 курста шет тілі мұғалімі мамандығы бойынша оқып жатырмын.Ахмет Яссауи универіне грантты сақтай отырып ауыса аламынба?

    • Саламатсыз ба Айкөркем?! Жергілікті әкімдік грантымен грантыңызды сақтай отырып өкінішке орай ауыса алмайсыз.Егер ауысатын болсаңыз бізге ақылы негізде келесіз.

  • / Ответить

    Саламатсыз ба! Қайырлы күн! Менде бір сұрақ бар еді’ Менің сіңілім сіз басқарып отырған университеттің 2 курс студенті, екі шет тілі мамандығандығында, ақылы бөлімінде оқиды. Біздің ата-анамыздың мүмкіндігі шектеулі жандар. Әкеміз жұмысқа жарамсыз, анамыздың жүрегі ауырады. Бізге жатақхана жағынан қандай да бір жеңілдік барма?Қазіргі таңда жалдамалы пәтерде тұрып жатырмыз, өзіңізде білетін шығарсыз бағасы тым қымбат. Филология бөліміне өткізгенбіз, ол кісілерден ешқандай жауап жоқ.Қандай да бір құжат қажет болса, мен өзім жеке апарып беремін. Өтініш жауап берсеңіз! Рахмет!

    • Сәлеметсіз бе Ақшолпан?! Сіз алдымен деканатыңызға барып өтініш жазуыңыз керек және де ата-анаңыздың мүмкіндігі шектеулі жандар екен растайтын құжаттарды қоса тіркеп өткізесіз. Мәселеңіз қаралатын болады

  • / Ответить

    Сәлеметсіз бе Жанар Амангелді қызы менің қызым. М. Әуезов атындағы университе оқыды. Сіздердің университетке ауысу ға бола ма?

  • / Ответить

    Саламатсыз ба Жанар Амангелдіқызы!! Жұмыстарыңызға сәттілік! Сұрағым: 1. Балам грантпен 2шет тілін 1курсын Жане 2курс қыркүйек-қаңтар семестрін ойдағыдай аяқтап’ жануя жагдайына байланысты оқудан өз өтінішімен шыққан еді’ енді ақылы жалгастыруга бола ма қай семестрден бастау керек. Екінші сұрақ: факультетін переводческое делога ауыстыруға бола ма? Қандай құжаттар дайындау қажет? Өтініш жауап күтемін.

    • Салеметсіз бе Жаңыл?!Ақылы негізде қайта оқуға болады. Тіркеуші офисі бөліміне ректорат 115 кабинеттен анықтасаңыз болады, оқыған пәндеріңізге қарай қай семестрден жалғастыра алатыныңызды анықтап береді.

  • Аноним
    / Ответить

    Сәлеметсіз бе,Жанар Амангелдіқызы!Күніңіз сәтті өтсін!Мен ХҚТУ 3-курс студенті,4 -курсқа көшіп жатқан студентпін.Мен 3 кредиттік пәннен жазғы семестрге қалып,белгілі бір себептерге байланысты емтиханды тапсыра алмадым.Көптеген келіп жеткен ақпараттарға сәйкес,4-курсқа өте алмайсың деп жатыр.Ол пән сервис пән,спец пән емес,мен 3-курстың барлық пәнін игеріп,барлығын 90+ баллмен емтихандарымды тапсырғанмын көктемгі семестрде.Бұрын 5 кредитке дейін қарыз болса,4 курсқа өтіп ,күзгі семестрінде оқып алуға болатын дейді.Менің сұрағым:3 кредиттік пән үшін (3кредит=17100 тг ,менімше логикалық тұрғыдан 3 кредит үшін қайта барлық курсты оқу тиімсіз)барлық игерілген кредиттерді қайта оқимын ба?(3 курс материалдарын) немесе 4 курстың күзгі семестрінде оқып,желтоқсан айында емтихан тапсырып жаба аламын ба?Бұл тек менің ғана емес бірнеше студенттердің проблемасы деп ойлаймын,сізден күзде 4 курс сабағына қосып,игерілмеген пәндерімізді оқуға мүмкіндік беруіңізді өтінеміз.

    • Салеметсіз бе?! Сіздерде 3 курстан 4 курсқа пән қарыздары бар болса пәнге тіркелуге деканат тарапынан өтініш хабылдағаннан кейін, қарыз пәндерді оң бағаға тапсырған болсаңыз курстан курсқа көшу мүмкіндігі бар. Пәнге тіркелген білім алушылар қазіргі таңда қарыз пәндерін оқып жатыр.

  • / Ответить

    Сәлеметсіз бе Жанар Амангелдіқызы.
    Мен 2021 жылы кентаудағы Дайындық факультетінде менеджмент және басқару мамандығы бойынша оқуға түстім. 30.06.2022 жылы тіл оқыту курсын бітіремін. Сұрағым: 2022ж қыркүйектен бастап 1курсты(турік квотасы) басқа мамандықка(экономика саласындағы) оқу үшін ауыстыруға болады?

  • Сәлеметсіз бе Жанар Амангелдіқызы!
    Менің сұрағым қазір Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университетінің 3 курсты аяқтадым,
    Орман шаруашылығы мамандығында оқимын,
    Келесі 4 курсты сіздердің университетеріңізге биология пәні мамандығына платный түссем қанша болады?Бұл мамандық бар ма? Немесе биология география бойынша сәйкес келетін мамандыққа ауысуғс мүмкіндігім бар ма

    • Сәлеметсіз бе Айгерім! Өкінішке орай 4-курста ауысуға мүмкіндігіңіз жоқ. Бітіруші курс болғаннан кейін ауысу мүмкін емес.

  • / Ответить

    Саламатсыз ба,Жанар Амангелдіқызы ! Мен қазір Жалпы Медицина факультетінде 2 курс студенті едім . Осы семестр біткен соң басқа универге ауысайын деген едім. Қай күннен бастап ауысуға болады және қай жерге барып өтініш жазу керек ? Немесе қай жерге барып ақпарат ала аламын айтып жіберіңізші.

  • / Ответить

    Саламатсыз ба! Қайырлы күн! Менде бір сұрақ бар еді’ Менің сіңілім сіз басқарып отырған университеттің 1 курс студенті, екі шет тілі мамандығандығында, ақылы бөлімінде оқиды. Біздің ата-анамыздың мүмкіндігі шектеулі жандар. Әкеміз жұмысқа жарамсыз, анамыздың жүрегі ауырады. Бізге оқу ақысынан қандай да бір жеңілдік барма? Өтініш жауап берсеңіз! Рахмет!

    • Сәлеметсіз бе Ақшолпан! ХҚТУ студенттері мен қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мәселесі үнемі университет басшыларының тікелей қадағалауында болатынан атап айтқым келеді. «Университетке ақылы негізінде қабылданған студенттерге оқу төлемақысына берілетін жеңілдіктер туралы ережесіне» сәйкес ақылы бөлімде оқып жүрген студенттер үшін жеңілдік комиссияның шешімімен қаржылық қолдау түрлері қаралыстырған. Онымен танысу үшін Университет сайтынан мына сілтемемен қарай аласыз: https://ayu.edu.kz/wp-content/uploads/2022/02/a-yly-negizde-abyldan-an-bilim-alushylar-a-o-u-t-lema-ysyna-beriletin-zhe-ildikter-erezhesin.pdf

  • / Ответить

    СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ,ҚҰРМЕТТІ «ЖАНАР
    АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ !
    ӨТІНІШ,СҰРАҒЫМ СІЗГЕ ЖЕТСЕ,ЖАУАП
    БЕРСЕҢІЗ..
    Мен өзім Түркістаннанмын,2021 ші жылы ҰБТ
    тапсырдым.Мамандығым Bo18 ағылшын тілі, екі
    шет тілі. ҰБТ нәтижесі бойынша Павлодарға
    грантқа түстім.Грант түрі ауылдық квота.Қазір
    Павлодар Педагогикалық Университетінде 1-
    курстың 2 ші семестрін оқып жүрмін.Өтініш,сізден
    сұрағым келетіні;
    Мен егерде 2 курстан өзім сүйген ЖОО- Қожа
    Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
    университетіне ауыссам грант емес ақылы түрде
    оқуға ауысатынымды білемін,
    Сол үшін егерде сіздердің универлеріңізде грантта
    оқитын студенттің орны босаса соған ауыса
    аламын ба?
    ӨТІНІШ; Егерде менің ауыспақшы болған
    мамандығым басқа болса, мысалы Тарих
    мұғалімдігіне,грант босаса егерде
    әрине,айырмашылықтарын Төлеп,оқымаған
    пәндерімді төлесем,2-курстан грант+стипендия
    алып оқи аламынба?
    Оқу үлгерімім өте жақсы,GPA 3.00 тен
    Жоғары,оқып жүрген университетімнен
    ешқандайда қарызым жоқ,жатақхана дан
    да,библиотекаданда,қалып қойған сабақтарым
    жоқ.Алла қаласа осы келе жатқан жазғы
    демалыста маған сол бұырып қалса,қай
    увқытта,қалай ауыса аламын? дипломдық
    жұмысым қалай болады?
    Бұл істі қарастыруға болама,үміт бар ма??

    АЛЛА разы болсын

    • Салеметсіз бе Али?! Сіз ауылдық квота бойынша білім алатындықтан грантты сақтай отырып ауыса алмайсыз. Тек ақылы түрде ғана ауыса аласыз. Егер, біздің университетке ауысатын болсаңыз ақылы түрде оқисыз. Бір семестр ақылы оқығаннан кейін, оқу үлгеріміздің нәтижесі бойынша босаған мемлекеттік білім грантына немесе Түркия квотасына ауысуға мүмкіндік бар. Сізге сәттілік тілеймін. Қосымша сұрақтарыңыз болатын болса мына номерге хабарлассаңыз болады. Тел: 8 778 963 79 79.

      • / Ответить

        Сәлеметсіз бе! Мен ҚазҰУ да 1 курс научная география мамандығында оқимын грантта. 2 курста ауыса аламынба грантты сактай отырып

        • Салеметсіз бе Жансұлу! Біздің университетімізде сіз оқып жатқан ғылыми география мамандығы болмағандықтан аталған мамандық бойынша ауыса алмайсыз.

      • Жасмина
        / Ответить

        Саламатсызба қалайсыз мен сұрайын деп отырған мәселем кешенді тапсырғанда паспорт ғана керекпа ?
        Сосын 9 сыныптан колледжге түскенмін осы жылы кешендіге тапсырсам деп едім колледжім бітпеген 2 курс студентпін мүмкіндік барма оқуға түсуге

        • Сәлеметсіз бе Жасмина! Тестке тіркелу онлайн болады, ал тест тапсыратын кезде міндетті түрде жеке куәлік қажет.

  • / Ответить

    Сәлеметсіз бе Жанар Амангелдіқызы мен Филология факультетінде ақылы түрде окимын орыс тілінде 2 курста яғни қазақ тілі педагогикасына ауыскым келеді.
    Ендігі жылы уже 3 курска өтемін ауысуга боладыма яғни 3 курстанн бастап оқи берсем боладыма? Ақылы окысам или қазір де ауысуга боладыма? Өтінем нақты түсінікті жауап бере аласызба. Жауабынызды кутем

    • Салеметсіз бе Ақбота?! Сіздің қазақ тілі педагогикасына ауысуға ҰБТ бойынша бейіндік пәніңіз сәйкес келмейді. Сонымен қатар қазір ауыса алмайсыз. Қосымша сұрақтарыңыз болатын болса мына номерге хабарлассаңыз болады.Тел: 8 778 963 79 79.

  • Amina
    / Ответить

    Merhaba,
    Üniversitenizin Diş Hekimliği Fakültesine 2022-2023 yılı için Türk ve Akraba Toplulukları kontenjanından başvuruda bulunmak istiyorum. Başvurular hangi tarihlerde yapılıyor ve bunun için hangi belgelerin gerekli olduğuyla ilgili bilgi almak istiyorum. Başvurularla ilgili bana yardımcı olmanızı rica ediyorum. Bu konuda ayrıntılı bilgi verebilir misiniz?
    Şimdiden çok teşekkür ederim.

  • / Ответить

    Сәлеметсіз бе, Жанар Амангелдіқызы! Мен шет ел азаматимин мен жане менимен бирге келген студенттер сабак уйрениумизге тил билмегендигимиз кииндик туудириб жатир.
    Сизден менын жауап алгим келетин сурагим Университетде шет тилдерин уйрететин косимша курстар барма? Егер бар болса каижерде кашан болатинин кимнен билуге болатынын айтсаниз.
    Егер болмаган жагдайда шет тили сабактарини окиту маселесини корип беруинизди сураймыз.

    • Сәлеметсіз бе Исраил?! Біздің университетіміздің кітапханасында Лингвистикалық орталық жұмыс жасайды. Лингвистикалык орталықта қазақ тілі, түрік тілі, орыс тілі және ағылшын тілдері оқытылады. Арнайы курстартар аптасына 10 сағат , жалпы 80 сағат өткізіледі. Толық ақпарат алу үшін университет кітапханасының 1 қабатында орналасқан Лингвистикалық орталыққа келіңіздер.

  • / Ответить

    Құрметті Жанар Амангелдіқызы, шартты ақылы деген келісімшарт бар екен. Біз оны жақында бірақ білдік. Сол келісімшартты қазір жасауға болады ма. Қайта ҰБТ тапсырсам деп едім, грантта оқу үшін

    • Салеметсіз бе Асел! Шартты келісім шартпен 1 қыркүйектен бастап өтініш беруіңіз керек болатын. Сіз алдағы шілде айындағы ҰБТ қатысып жоғары бал алсаңыз грантқа үміткер бола аласыз.

  • / Ответить

    Сәлеметсіз бе, Жанар Амангелдіқызы. Мен оқитын мамандықта грант биыл бөлінбеген осы мамандық бойынша квотада оқитындар да жоқ екен. Біз квотаға ауысу үшін орын босау қажет қой. Сонда универ аяқтағанша ақылы түрде оқимыз ба. Мен квотаға ауысқым келеді. Менің айтқым келгені бұл мәселе мамандықта квота бөлінбеген деп шешілмесе екен деймін. Осы мәселені қарастырсаңыздар екен өтініш.

    • Салеметсіз бе Дариға! Сіз оқып жатқан мамандық бойынша босаған квота орыны болмаса өкінішке орай ауыса алмайсыз. Егер, сіз оқып жатқан факультетте басқа мамандықтан квота орны босап жатса ,ол мамандықта үміткер болмаса факультет бойынша GPA жоғарылар іріктеліп ұсынылады. Сіздің GPA балыңыз жоғары болса мүмкіндігіңіз бар.

      Толығырақ ақпарат алу үшін тіркеуші офиске хабарлассаңыз. Қолдасбеков Ғабит +77021400985 (872533 6-36-36 ішкі 11-48)

  • Сәлеметсіз бе Жанар Амангелдіқызы!Менің сұрағым бар еді 1курс студенттеріне (сессия бітті) Есеп және аудит мамандығына түрік квотасы бөлінді ма? 1 жарты жылдық бойынша бөлінген квота саны мен мамандығын,иемденген студенттердің аты-жөнін инстаграм парақшасына салсаңыздар!

    • Сәлеметсіз бе Жанар! Квотадан босаған орындар бойынша мәлімет университет сайтына жарияланады .Сіз оқып жатқан мамандық бойынша квотадан орын босап жатса,егер GPA балаңыз 3.0 ден жоғары болса іріктеуге қатыса аласыз.

  • / Ответить

    Мен 2021 жылы қаңтарда мамандық ауыстыру үшін кешен ұбт тапсырған болатын. Шекті балды жинадым, өтініш те жаздым. Қарызымда жоқ еді. Бірақ ауыстырмады. Жазда ауысасыз деді. Жазда универ жабылып абыр сабыр болып жатты әрі мен қалада болмадым содан ауыса алмай қалдым. Енді қаңтарда қайтадан тест тапсыр деді. Мен тіркелейін десем орын толып қалыпты. Не істеуге болады. Ауыса алмай қалам ба деп уайымдап жүрмін. Жалпы қай курсқа дейін мамандық ауыстыруга болады өтініш жауап болса тезірек

    • Сәлеметсіз бе Шолпан! Өкінішке орай ауысу үшін тіркелу уақыты бітті. Ендігі тіркелу тамыз айында болады. Нақты мәліметті 87789637979 номеріне хабарласып алуыңызға болады.

  • Таджикулова Азиза
    / Ответить

    Құрметті Жанар Амангелдіқызы! Мен қазір филология факультетінде орыс тілі мұғаліміне оқып жатырмын. Сізден сұрайтыным бірінші семестрдан кейін факультет яғны жаратылыстану бағытына қарай ауыстыруға болама? Бар болса не істеу керек. Өтініш жауап жазыңызшы

    • Сәлеметсіз бе Азиза! Мамандықтан мамандыққа ауысу үшін бейіндік пән сәйкес келуі керек.Мамандық ауыстыруға өтініш жазу уақтысы 17-20.01.2022 күн аралығында жүргізілді.

  • / Ответить

    Саламатсыз ба мен қазір мектепте оқимын. Ағылшын тілін таңдадым. Бұл пәнді таңдағандар естуімше жуковскийдегі университетте оқиды екен. Сол рас па

    • Сәлеметсіз бе Ирода! Университетімізде тіл мамандықтары Қазыбек би көшесінде орналасқан ғимаратта білім алады.

  • / Ответить

    Сәлеметсіз бе! Менің қоятын сұрағым мынадай: 2021жылдың екінші семестрде босаған грант орынына қалай ауысуға болады? Мен қазір Кентауда дайындық факультетінде оқимын. Грантқа қалай ауыса аламын? Мамандығым менеджмент. Бір грант орны босапты осы мамандық бойынша. Жауабыңызды күтемін

    • Сәлеметсіз бе Шолпан! Университет сайтында ілінген мемлекеттік гранттан босаған орынға дайындық факультеті қатыса алмайды. Себебі босаған орын магистратура бойынша 1 курс менеджмент мамандығынан.

  • / Ответить

    Сәлеметсіз бе? Құрметті Жанар Амангелдіқызы! Мен 1 курс студентімін. Менің білгім келетіні 2 семестрде ақылы оқудан грантқа ауысу үшін GPA балл қанша болу керек? Конкурс түрінде өтетін болса қай уақыт аралығында қатысуға болады? Қандай өтініш жазуым керек грантқа ауысу үшін? Басқа мамандыққа грантқа ауысуға бола ма? Толық ақпарат болса өтініш)

    • Салеметсіз бе Ботагөз? Сіз оқып жатқан ақылы оқу түрінен грантқа ауысу үшін бірінші кезекте, мамандығыңызға грант (квота) бөлінген болуы тиіс. Екіншіден, үлгерімге байланысты GPA балыңыз 3.0 ден жоғары және барлық оқып жатқан пәндерді қарызсыз жабылуы керек. Конкурс жылына 2 рет болады қысқы сессия және жазғы сессия кезінде. Сондай-ақ толық ақпаратты өз деканатыңыздан білуіңізге болатынын есіңізге саламыз.

  • / Ответить

    Саламатсыздар ма ? Мен Қарағанды қаласында Каргуда Қандас мәртебесімен алған грантпен 1 курста оқып жатырмын,Заң факультетінде. 2 семестрде немесе 1 курстан кейін ауысайын дегенмін,грантты сақтап осы факультетке ауыса аламын ба? Ал ақылы түрде болса құжаттар тізімін сайтка жіберу арқылы ауысуға болама?

    • Сәлеметсіз бе Ұлпан? Сіз грантты сақтай отырып ауыса аласыз, 1 курстың бірінші семестрінде, яғни қысқы сессия кезінде (F) бағасы болмауы тиіс.Біздің университет ерекше статусы бар болғандықтан кейбір ерекшеліктеріне байланысты білім берудің айырмасы төленеді.
      Ескерте кетейік, біздің оқу ордамызда заң мамандығы бойынша оқу төлем ақысы жылына 600 мың теңге.

  • Асель
    / Ответить

    Сәлеметсіз бе! Жанар Амангелдіқызы! Неге резиденттерге степендия уақытылы түспейді? Бухгалтерге хабарлассак дұрыс жауап кайтармайды! Әлі октябрьдің степендиясы түскен жоқ, уже ноябрьдің аяғы болды! Жұмыс жасауға рұқсат жоқ, степендияны уақытында алмаймыз! Осы сұраққа жауап бересізбе әлде министрлікке жазып сұрап білемізбе? Ақша әлі универге түспеді, министерства акша аудармай жатыр деп бухгалтер 1айдан бери жауап беріп келе жатыр.

    • Сәлеметсіз бе Асел!
      Сіздердің шәкіртақыларыңыз 02.12.2021 күні қазан айына аударылды , қараша айына желтоқсан айының 10- на дейін аударылатын болады , желтоқсан айының шәкіртақысы және 2021 жылдың қаңтар айынан бастап шәкіртақыларыңыздың көбеюіне байланысты айырмасы осы айдың 20 шы жұлдызына дейін есептеліп қоса төленетін болады. Түсіністікпен қарауларыңызды сұранамын!

  • Арайлым
    / Ответить

    Мен Атырау университетінде 1 крус студентімін осы ХҚТУ университетіне ауыса аламынба???

    • Сәлеметсіз бе Арайлым! Жалпы конкурс негізінде грант ұтып алған жағдайда 1 семестрден кейін грантын сақтай отырып ауыса алады. Егер университеттің жеке грант ұтып алған болса ол жағдайда грант оқу түрімен ауыса алмайды. Транскрипт алып келуі міндетті
      Қазақстан ЖОО-нан ауысып келемін деген білім алушылар назарына:
      • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне
      ауысу туралы білім алушының оқып жатырған оқу орнының басшысының атына жазылған өтініш (түпнұсқа университеттің мөрі соғылған);

      Транскрипт (түпнұсқа);
      • ҰБТ немесе КЕ сертификат көшірмесі;
      • Шығармашылық емтихан нәтижесінің көшірмесі;
      • Аттестат немесе дипломның көшірмесі;
      • Оқу орнының лицензиясының көшірмесі;
      • Жеке куәлік көшірмесі.

  • Аноним
    / Ответить

    Здравствуйте! Учитель Туртабаев Сарсенбек очень некомпетентный. Все время неуважительно относится к обучающимся, несправедливый, с его стороны идет буллинг, не знает личные границы.

    • Құрметті Аноним сұрақ иесі, Техн.ғ.д., профессор С.Тұртабаев еңбек жолын жоғары мектепте бастаған, көп жылдар университетіміздің(1993 жылдан) басшылығында қызмет атқарған, оқу орнымыздың бүгінгі жеткен жетістіктеріне ауқымды үлес қосқан білімді, тәжірибелі ұстаз және уақытында басшы өкілі (2008-2013 жылдар аралығында оқу ісі жөініндегі вице-президент қызмет атқарған) ретінде өзіне де өзгеге де талап қоя алатын, оның орындалуын аяғына жеткізе алатын аға буын өкілі.
      Нақты арыздарыңыз бойынша жағдайды сипатап дәлелді деректер арқылы мән-жайды түсіндіріп,кездесуге келуіңізді ұсынамыз. Диалогқа дайынбыз.

  • Салматсыздарма, мен қазіргі кезде Абай айтындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 1 курс студентімін. Физика (В054) мамандығы бойынша грантта оқимын. 1 семестр аяқталғаннан соң ХҚТУ не ауысу туралы ақпарат алғым келіп еді. Мемлекеттік грантты сақтай отырып қысқы демалыста сіздердің университеттеріңізге Физика (В054) мамандығымен ауыса аламын ба?

    • Сәлеметсіз бе Қуаныш! Біздің университетіміздің Академиялық саясатының 7.6 “Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау” пунктіне сәйкес 2 курсқа “Математика және статистика”мамандығына ауысуыңызға мүмкіндік бар. “Түрік тілі”мен “Ясауитану” пәндерінен айырмашылықтар болады.

  • / Ответить

    Сәлеметсіз бе, Жанар Амангелдіқызы! Менің жауап алғым келетін сұрағым, өзім оқитын Филология факультеті мен 6 жатақхананың жылу мәселесі. Жатақханада ауырып жүрген студенттер көп. Онсызда көңілімізге жақпайтын, ескі, заман талабына сай емес корпусымызда, «сыртқы киіммен» сабақ оқимыз. Күн түспейтін беттегі аудиториялар тіптен суық. Осы мәселенің шешілуін талап етіп басшылыққа шағымдандық, ал жауабына қанағаттанбаймыз. Жылда болатын, жыл сайын осы уақытта қайталанатын мәселе екені белгілі, неге студенттерден оқу ақысын талап еткендей, студенттер өз қажеттіліктерін талап ете алмайды? Басшылыққа барып өз ойларын, талаптарын айтқанда неге дұрыс мәдениетті жауап қайтармай керісінше дөрекі жауап береді, сонда студенттердің ой-пікірі маңызды емеспе? Корпуста заман талабына сай құрал-жабдықтар (проектор, колонка, наушники) жоқ, факультет тіл мамандарын дайындайды, ал тіл үйренуге дұрыс жағдай жасайтын толықтай жабдықталған аудиториялар жоқ. Асхана мәселесі де бар, шағын ғана асханаға екі факультеттің студенттері оқытушыларымен сығылысып, таласып әрең тамақтанады. Жатақханадағы асхана әлі жұмыс жасамаған. Тым құрығанда асхананы оқытушыларға бөлек етіп жасауға болады деп ойлаймын. Студенттерді сіз тындамасаңыз кім тыңдайды? Сондықтан, Филология факультетінің жағдайына назар аударуды талап етеміз.

    • Саламатсыз ба Толғанай! Сіздің хатыңызбен танысып, мәліметтер бойынша тексеріп, тиісті тапсырмалар берілгенін хабарлаймын. №6 жатақхананың жылу беретін қазандығы толығымен жаңаланып сұйық отыннан газға ауыстырылып 29-қазаннан бастап жылу өз деңгейінде берілді. 29-қазанға дейін нарықта сұйық отын тапшы болуына байланысты жылу үнемді режимде берілді. Жатақханаға жылу жеткізетін жылу құбыры 6-қараша күні авариялық жағдайда істен шықты. 6-қазаннан бастап біздің мамандар жылу жеткізетін құбыр желісін жаңалауда. Бүгін, яғни 9-қараша күні сағат 18.00 дейін жұмыстар толық аяқталып жылу өз деңгейінде берілетін болады. 7, 8 қараша күндері шаруашылық мәселелер вице-ректоры Н.Батырбаев жатақханада болып, жағдайды түсіндіріп болған ақауды қалпына келтірумен айналысуда. Ақау жойылғаннан кейін жылу бойынша мәселе туындамайды.

      Бүгінгі таңда оқу ғимаратына жылу үздіксіз берілуде. Ғимараттың көлеңке тұсында аудитория іші 21 С, ал күн беті 25 С. Аудиторияда студенттер еркін жеңіл киіммен отыруға мүмкіндік бар.

      Оқу корпусының оқу процесіне қолайсыздық келтірмеу үшін 2022 жылдың жазғы демалыс кезінде жөндеу жүргізіп, заман талабына сай жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Оқу ғимаратында буфет жұмыс істейді, ал жатақханада 10-қарашадан бастап орталық асханадан мамандар бөлініп жұмыс істейтін болады.

  • / Ответить

    Сәлеметсіз бе, Жанар Амангелдіқызы! Менің жауап алғым келетін сұрағым, өзім оқитын Филология факультеті мен 6 жатақхананың жылу мәселесі. Жатақханада ауырып жүрген студенттер көп. Асхана жұмыс жасамайды. Онсызда көңілімізге жақпайтын сұрықсыз корпусымызда, «сыртқы киіммен» сабақ оқимыз. Күн түспейтін беттегі аудиториялар тіптен суық. Осы мәселенің шешілуін талап етіп басшылыққа шағымдандық, ал жауабына қанғаттанбаймыз. Жылда болатын, жыл сайын осы уақытта қайталанатын мәселе, неге студенттерден оқу ақысын талап еткендей, ым — жымсыз шешілмейді? Сондықтан, Филология факультеті студенттерінің жағдайына назар аударуды сұраймыз.

    • Саламатсыз ба Аружан! Сіздің хатыңызбен танысып, мәліметтер бойынша тексеріп, тиісті тапсырмалар берілгенін хабарлаймын. №6 жатақхананың жылу беретін қазандығы толығымен жаңаланып сұйық отыннан газға ауыстырылып 29-қазаннан бастап жылу өз деңгейінде берілді. 29-қазанға дейін нарықта сұйық отын тапшы болуына байланысты жылу үнемді режимде берілді. Жатақханаға жылу жеткізетін жылу құбыры 6-қараша күні авариялық жағдайда істен шықты. 6-қазаннан бастап біздің мамандар жылу жеткізетін құбыр желісін жаңалауда. Бүгін, яғни 9-қараша күні сағат 18.00 дейін жұмыстар толық аяқталып жылу өз деңгейінде берілетін болады. 7, 8 қараша күндері шаруашылық мәселелер вице-ректоры Н.Батырбаев жатақханада болып, жағдайды түсіндіріп болған ақауды қалпына келтірумен айналысуда. Ақау жойылғаннан кейін жылу бойынша мәселе туындамайды.

      Бүгінгі таңда оқу ғимаратына жылу үздіксіз берілуде. Ғимараттың көлеңке тұсында аудитория іші 21 С, ал күн беті 25 С. Аудиторияда студенттер еркін жеңіл киіммен отыруға мүмкіндік бар.

      Оқу корпусының оқу процесіне қолайсыздық келтірмеу үшін 2022 жылдың жазғы демалыс кезінде жөндеу жүргізіп, заман талабына сай жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Оқу ғимаратында буфет жұмыс істейді, ал жатақханада 10-қарашадан бастап орталық асханадан мамандар бөлініп жұмыс істейтін болады.

  • / Ответить

    Саламатсызба құрметті Жанар Амангелдіқызы

    Мен Айдана МКТУда Филология факультеті орыс тілінде ақылы түрде окимын 2 курста окимын
    Яғни 2 курста мамандық ауыстыруға болама?
    Қазақ тілі филологиясына осы мамандыққа 2 курстан бастап оки беруге болама или кайтадан 1 курстан бастап окидыма

    • Сәлеметсіз бе Айдана! Университет ережесінің 9 пунктіне сәйкес Кейбір ЖОО-дыр үшін бекітілген білім беру гранты бойынша GPA балы университет бекіткен курстан-курсқа көшу GPA балы сәйкес келген жағдайда ауысы алады. Білім алушы білім беру гранты бойынша ЖОО-нан университетке ауыстырылу барысында пән айырымдарының мөлшерден көп болуына байланысты, бір курсқа төмен қабылданатын жағдайды тек ақылы негізде ғана ауыса алады

  • / Ответить

    Сәлеметсіз бе Жанар Амангелдіқызы! Экология және Химия білім беру бағдарламасы бойынша докторантура ( PhD ) ашу биылғы оқу жылында қарастырылған ба? Осы мәселе бойыша жұмыс жасаймыз деген едіңіз. МНС -тен жоғары көтеріліп, осы бағыт бойынша ғылым саласында жоғарғы жетістіктерге жеткіміз келеді. Сонымен қатар, Институттардағы ғылыми қызметкерлердің жалақысы ғылым саласында қызмет ететіндер үшін өте төмен. ХҚТУ ғылым саласы қызметкерлерінің жалақысын ОПҚ қызметкерлерімен бірге көтеру жоспарда бар ма? Егер де жоспарда болса, нақты қай уақыттан бастап жоғарылайды?

    • Саламатсыз ба Сабина! Педагогикалық бағытта «D013-Химия педагогтерін даярлау» және ғылыми бағытта «D087-Қоршаған ортаны қорғау технологиясы (Экология)» докторантура білім беру бағдарламаларын ашу 2023-2024 оқу жылына жоспарлануда. Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі» қосымшаларының талабы бойынша кафедра тарапынан жан-жақты жұмыстар жүргізілу үстінде.
      Сонымен қатар, 2022-2023 оқу жылына кафедра тарапынан Өкілетті Кеңеске Түркия Республикасының жетекші жоғары оқу орнында «D087-Қоршаған ортаны қорғау технологиясы (Экология)» докторантура білім беру бағдарламасына бір орынға ұсыныс берілген.
      Университетке қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет!

  • Şoqan
    / Ответить

    Саламатсыз ба Жанар Амангелдіқызы.
    Менің атым Şoqan.
    Алла қаласа 2021 жылы Шымкент қаласының «Құқықтану» мамандығы бойынша ғылыми — педагогикалық магистратурасын бітіремін. 2009 жылы ҚР Əскери интитутының «Басқару» мамандығы бойынша бакалаврын бітіргенмін. 2005 жылдан бері мемлекеттік қызметтемін.

    Сұрақтарым:
    1. 2021 жылы PhD докторантурасына түсе аламын ба?
    2. Қай мамандық бойынша PhD-ға оқуға түсе аламын?
    3. Duolingo (ағылшын тілі) тестін тапсырсам, оның сертификаты жарамды болады ма?
    4. Мемлекеттік болмаса Түркияның грантына ие болу шарттары қандай?
    5. Грантта оқу қашықтан немесе сырттай түрде болу мүмкіндіктері қандай?

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Құрметті Шоқан, докторантура бағдарламасына «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай жұмыс өтілі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтаған адамдар өтініш бере алады.
      Өтініштерді қабылдау мерзімі 2021 жылғы 3 шілдеден 3 тамыз аралығында өңірлік тестілеу орталықтарында түсу емтиханын тапсыру үшін Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) сайтында тіркеледі. Денсаулық сақтау ведомстволық бағынысты ЖОО-ға түсушілер өздерінің жоғары оқу орындарының базасында түсу емтихандарын тапсырады.
      Докторантураға қабылдау білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша және шет тілін меңгергенін растайтын (IELTS 6.0, TOEFL ITP 543 балл, TOEFL IBT 60 балл, TOEFL PBT 498 балл) халықаралық сертификаттарды ұсыну арқылы жүзеге асады.
      Duolingo жарамайды.
      Түсу емтихандары 2021 жылғы 4-20 тамыз аралығында өңірлік тестілеу орталықтарында өтеді.
      Докторантураға түсу емтиханы эссе жазудан, докторантурада оқуға дайындыққа тест тапсырудан және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтиханнан тұрады.
      Түсу емтиханының нәтижесі бойынша мемлекеттік білім грантына түсе алмасаңыз сол нәтижемен Түркия гранты конкурсына қатыса аласыз.
      Сырттай оқу деген болмайды. Оқуға түссеңіз күндізгі бөлімде оқисыз.

  • Айида
    / Ответить

    Құрметті Жанар Амангелдіқызы, Экология білім беру бағдарламасы бойынша докторантура ( phD ) ашу жоспарда барма? Магистратураны бітіріп Институтта ғылыммен айналысу үстіндеміз. Енді ары қарай дамытқымыз келеді. Осы бағыт бойынша қолға алсаңыз екен, Экология бағыты бойынша Университетімізде мықты мамандар бар деп ойлаймын.

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Құрметті Айида! Университетімізде Экология білім беру бағдарламасы бойынша докторантура бағдарламасы жоқ. Сіздің ұсынысыңызды алдағы уақытты қарастыратын боламыз

  • Гулчехра Саттарханова
    / Ответить

    Сәлеметсіз бе? Құрметті Жанар Амангелдіқызы. Мен Жаратылыстану факультеті 1курс студентімін. Ақылы бөлімде оқимын. GPA балл жоғары болса грантқа ауыса аламың ба? Жоқ бірінші квотаға ауысуым керек па?

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Құрметті Гулчехра,мемлекеттік грантқа да, квотаға да өтуге болады. Бастапқы шарты оқып жатқан курста мемлекеттік грант не квота орыны босауы керек. Босаған орынға конкурс жарияланып, ұтып шыққан студентке беріледі

  • Сайлау
    / Ответить

    Саламатсыз ба мен тоғызыншы сынып оқушысымын мен тоғыздан Түркістан қаласына оқуға осы Қожа Ажмет Ясауи универсетіне түсуге болама

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Құрметті Сайлау, жоғары оқу орнына түсу үшін 11 сыныптың аттестаты немесе орта арнаулы оқу орындарының (колледж) дипломы керек.

    • / Ответить

      Салматсыздарма, мен қазіргі кезде Абай айтындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 1 курс студентімін. Физика (В054) мамандығы бойынша грантта оқимын. 1 семестр аяқталғаннан соң ХҚТУ не ауысу туралы ақпарат алғым келіп еді. Мемлекеттік грантты сақтай отырып қысқы демалыста сіздердің университеттеріңізге Физика (В054) мамандығымен ауыса аламын ба?

      • Сәлеметсіз бе Қуаныш! Жалпы конкурс негізінде грант ұтып алған жағдайда 1 семестрден кейін грантын сақтай отырып ауыса алады. Егер университеттің жеке грант ұтып алған болса ол жағдайда грант оқу түрімен ауыса алмайды. Транскрипт алып келуі міндетті
        Қазақстан ЖОО-нан ауысып келемін деген білім алушылар назарына:
        • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне
        ауысу туралы білім алушының оқып жатырған оқу орнының басшысының атына жазылған өтініш (түпнұсқа университеттің мөрі соғылған);

        Транскрипт (түпнұсқа);
        • ҰБТ немесе КЕ сертификат көшірмесі;
        • Шығармашылық емтихан нәтижесінің көшірмесі;
        • Аттестат немесе дипломның көшірмесі;
        • Оқу орнының лицензиясының көшірмесі;
        • Жеке куәлік көшірмесі.

  • / Ответить

    Сәлеметсіздер ме?!Мен қазір Кентау қаласындағы Дайындық факультетінің студентімін.Келесі жылы яғни 2021-2022 оқу жылында ректорлық грантқа өту үшін не істеу керек. Яғни түрік квотасынан ,ректорлық грантқа ауысқым келеді.

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Құрметті Жанізет, біздің университетімізде ректорлық грант деген жоқ. Мемлекеттік Білім гранты бар. Мемлекеттік білім грантына 1-семестрден кейін босаған білім гранты болса соған ауысуыңызға болады. Ол үшін GPA балыңыз жоғары болу керек.

      • Жанар Амангелдіқызы
        / Ответить

        Құрметті Шүкірбек. Педагогикалық мамандықтарға 75 балл, Медицина 90 балл, Стоматология 80 балл, Өнер мамандықтары 80 балл, басқа мамандықтарға 50 балл.

  • / Ответить

    Мен жеңгеме сенімхат(нотариально) беріп аттестатымды алдырмақшы болғанмын, жеңгемнің айтуынша ол аттестат архивтен жоғалып кеткен деседі. Сол себепті сізден шара қолданып көмектесуіңізді сұраймын. Сартаева Ақбота Орынбасаровна

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Құрметті Ақбота, Сіздің құжаттарыңыз университет мұрағатында сақтаулы тұр. Университетке келіп, кету қағазын толтырып, алып кетсеңіз болады

  • Сәлеметсіз бе Жанар Амангелдіқызы .Мен қазір Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өнер факультетінде ақылы бөлімінде оқимын . Сізден сұрайын дегенім сіздерге шет тіді мамандығына ауысып келуіме болады ма, әлде міндетьі түрде ҰБТ тапсыру керекпа

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Құрметті Аяжан! Сіз өнер мамандығына басқа мамандыққа ауысу үшін міндетті түрде бейіндік пән бойынша ҰБТ тапсырасыз. ҰБТ-ны тамыз айында тапсырасыз. ҰБТ-ны сәтті тапсырған жағдайда аусыға мүмкіндігіңіз бар.

  • / Ответить

    Саламатсыз ба ! мен қазір 11 сынып оқимын жақында ұбт тапсырамын. Менің қоятын сұрағым мен сіздерге стандарттау және сертификаттау мамандығы бойынша оқуға түспекші едім . Ұбт тапсырып болған соң сіздердің университеттеріңізде емтихан алына ма ? Мысалы ағылшын тілінен деген сияқты .

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Құрметті Саламат! Сізге сәттілік тілейміз. Біздің университетімізде сіз таңдап отырған мамандық жоқ. Дегенмен жоғары оқу орнына оқуға түсу негізінен ҰБТ нәтижесі бойынша іске асырылады.

  • / Ответить

    Саламатсыз ба, сізден сұрайын дегенім ауылдық квота бойынша оқуға түссе жалпы медицинаға . Оқу аяқталған соң сол ауылда міндетті түрде 3-4жыл жұмыс жасау керек әйтпесе сол 4жылдық стипендияны қайтарады деген рас па? Ауылдық квота жайлы толығырақ айта кетесіз бе? Оқуға түсерде ауылдық квотаны таңдамай түсуге бола ма? Ауылдық квотаға балл қосыла ма? Стипендия беріле ме?

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Құрметті Айдана. Ауыл квотасы арқылы оқуға қабылданған студенттер оқуын бітірген соң міндетті түрде ауылдық жерде кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті. Ауыл квотасы ауылдан шыққан жастарға беріледі. Мемлекттік білім гранты конкурсында Ұлттық тестілеу орталығындағы сіздің мәліметіңіз қарастырылады. Яғни, сіз ауылдық мектепті бітірсеңіз онда ауылдық квотаға қатысасыз. Ауылдық квотаға стипендия беріледі.

  • / Ответить

    Добрый день Жанар Амангельдиевна! Обращаюсь к Вам от имени родителя. Мой сын обучается в данном ВУЗе по специальности Стомотология на 3-ем курсе. У меня такой вопрос: студенты по данной специальности должны проходить практику в стомотологических клиниках по месту жительства (в связи с пандемией), мы живем в г.Туркестан, но до настоящего времени и после сессии как я поняла проходить практику в зубных кабинетах невозможно, так как, сама стомклиника университета переполнена студентами 4-5 курсов, а частные просто не хотят принимать или также ссылаются на переполненость студентов. К тому же студентам поручили самим оформить договора с клиниками по месту жительства. Эта работа разве входит в компетентность студентов? Разве ВУЗ не обязан обеспечить базами для прохождения практики? Специальность на которой обучается мой сын очень серьезная и очень ответственная, возможно ли решить эту проблему на уровне университета или факультета?

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Здравствуйте Газиза! Ваш сын нас неправильно понял, по-моему. У нашего университета есть договора с 7 стоматологическими клиниками Туркестана. Если же студент желает проходить практику в частной клинике, с которым у нас нет договора, то только в этом случае он должен принести договор.

  • / Ответить

    Сәлеметсізбе. Мен мед колледжде 4 курс студентімін. 2 айдан кейін бітіріп, диплом аламын. Сіздерді осы Универге Ағылшын тілі мамандығына қалай грантқа түсуге болады? Және қай уақыттарда? Платныйға оқу ақысы қанша? Осы туралы ақпарат бересізбе.

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Құрметті Ақерке! Грантқа түсу үшін ҰБТ тапсыруыңыз қажет. ҰБТ-ға 15.04.-30.06.2021 аралығында тіркеліп тапсыруға болады. Осы аралықта сіз екі рет ҰБТ тапсыру мүмкіндігіңіз бар. Өтінішті testcenter.kz сайтын арқылы онлай бересіз. Қазіргі таңда оқу ақысы қарастырылуды. Былтырға оқу ақысы 480 00 теңге.

  • Мақсат
    / Ответить

    Саламатсызба Жанар Амангелдіқызы университеттен дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасы бойынша докторантура ( phD ) ашу жоспарда барма? жоспарда жоқ болса осы мәселе бойынша қарастырып
    дене шынықтыру мамандығын ашсаңыздар дұрыс болар еді рахмет

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Саламатсыз ба Мақсат, «D005-Дене шынықтыру педагогтерін даярлау» докторантураның білім беру бағдарламасын жаңа 2021-2022 оқу жылына ашу жоспарда жоқ. Дегенмен 2022-2023 оқу жылына ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі» қосымшаларының талабы бойынша кафедра тарапынан жан-жақты жұмыстар жүргізілу үстінде.
      Университетке қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет!

  • Шәкәрім
    / Ответить

    Құрметті Жанар Амангелдіқызы!
    Қызметіңіз құтты болсын!
    Менің сұрағым, орыс бөліміндегі «Халықаралық қатынастар» магистр мамандығына Мемлекеттік грантқа түсу үшін неше балл алу керек?
    2.Академиялық ұтқырлық күзгі семестрден бастап ашыла ма? Ашылса, қай елдерде тәжірибеден өтуге болады?
    3.Сіздің магистранттарға ректорлық грантыңыз бар ма? Бар болса егер студент Түркияға барса, ERASMUS бағдарламасы жүре ме?
    Жауабыңызға алдын ала рахмет.

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Құрметті Шәкәрім, магистратура мамандығына грантқа түсу үшін ең алдымен сол мамандыққа бөлінген грант саны және сол мамандық үшін конкурсқа құжат тапсырған үміткерлердің санына байланысты болады. Сондықтан сізге грантқа түсу үшін нақты түсу балын айту қиын. Мемлекеттік білім гранты конкурсына КТ нәтижесі бойынша 75 (әр пән бойынша шекті балды алу керек) балдан асқан үміткерлер қатыса алады.
      2.Университетімізде Ерасмус бағдарламасымен қатар Орхун, Мевлана бағдарламалары бар.
      Мевлана, Орхун бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына 1 немесе 2 семестрге барып, білім алуыңызға болады. Ол үшін білім алушылар шетел жоғары оқу орындарына бару үшін арнайы ұйымдастырылған ағылшын немесе түрік тілі бойынша емтихан тапсырады.
      3.Университетімізде ректор гранты жоқ. Мемлекеттік білім гарантынан бөлек Түркия квотасы бар. КТ нәтижесі бойынша жоғары балл жинап, грантқа түсе алмаған үміткерлер Түркия квотасы конкурсына қатысады.

      Университетімізге қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет!

  • / Ответить

    Сәлеметсізбе, Жанар Амангелдіқызы мен сіздердің университетке түскім келеді Қазақ түрік университетінің,” Медицина саласына” 2021 жылдың түлегі едім, көп балалы отбасыдан шыққан оқушыларға , ақылы бөлімге түссе жеңілдік болама сіздерде?

  • / Ответить

    1 курс 1 семестрде
    Ағылшын тілі пәнінен
    Пайыз 72 балл
    Әріптік С+
    Балл 2.33
    Дәстүрлі Жақсы
    Енді сұрағым қызыл диплом алуға мүмкіндік бар ма???

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Құрметті Нұрсұлтан, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес 2018 жылғы 24-қарашадан бастап әріптік жүйедегі «С+» бағасы дәстүрлі жүйе бойынша «Жақсы» бағасының баламасы болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығының 5-қосымшасы 50-тармағына сәйкес «Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын және үлгерімінің (GPA) орта балы 3,5-тен төмен емес кезінде оқу пәндері мен оқу қызметінің басқа түрлері бойынша А, А – “өте жақсы”, В-, В, В+, С+ – “жақсы” деген қорытынды бағалары бар, сондай-ақ кешенді емтихан және (немесе) диплом жұмысын (жобасын) А, А – “өте жақсы” деген бағаға тапсырған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқыған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
      Бұл ретте оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырғаны немесе қайталап тапсырғаны бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.»
      Жоғарыда көрсетілген үлгілік қағидалар мен бұйрықтардың талаптары негізінде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, өзіңіз оқитын факультеттің деканына хабарласа аласыз.

  • / Ответить

    Сәлеметсізбе, Жанар Амангелдіқызы! Мемлекеттік гранттардан босаған бос орындарға конкурс нәтижесі қашан шығатынын айтып жібересізбе?

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Құрметті Гүлмира, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы қағидалары және Университетінің УЕ-ХҚТУ-038-2020 «БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫНАН ЖӘНЕ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ КВОТАСЫНАН БОСАҒАН ОРЫНДАРҒА АУЫСТЫРУ ЕРЕЖЕСІне сәйкес, университеттің жоғары білім алу бағдарламалары бойынша босаған мемлекеттік білім гранттарына ұсыну жазғы және қысқы демалыс кезеңінде конкурстық негізде жүзеге асырылады.
      2020-2021 оқу жылының күзгі семестрінде босаған вакантты мемлекеттік грант орындарына конкурстық негізде қаралған үміткерлердің құжаттары университет №6 Сенатының шешіміне сәйкес білім саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жіберілді. Жауабын күтудеміз.

  • Сәлеметсіз бе Жанар Амангелдіқызы! Мен Үсенов Жасұлан ХҚТУ Филология факультетінде екі шет тілі мамандығында 2-курс студентімін,ақылы бөлімде оқимын.Сізден сұрайтыным 1% үлесімен берілетін квота жайлы болып тұр.17.02.2020 күні шыққан бұйрықта Түркия Республикасынан босаған квоталар тағайындалды.Және осы бұйрықта менен GPA баллы төмен студент(менімен бір группада оқитын студент) 1% үлесімен берілетін квотаға өтіп кетті.Ережеге сәйкес 1% үлесімен берілетін квоталарды беру сіздің және 1-ші вице-президент Женгиз Томардың құзырында екен.Енді сізден сұрарым,мен 1% үлесімен квотаға үміткер болғым келеді.Көру қабілетім нашар,”Д” учетта тұрамын.Егер маған 1% үлесімен квота берсеңіз сеніміңізді ақтар едім.

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Құрметті Жасұлан,УЕ-ХҚТУ-038-2020 «БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫНАН ЖӘНЕ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ КВОТАСЫНАН БОСАҒАН ОРЫНДАРҒА АУЫСТЫРУ ЕРЕЖЕСІне сәйкес:

      6.2.Университет басшылығы университет президенті бұйрығымен құрылған арнайы комиссияда (бұдан əрі-комиссия) түскен жылын ескере отырып, оқитын білім беру бағдарламасы, мерзімдері бөлінісінде оқу үлгеріміне қарай GPA 3,00 және одан жоғары, академиялық қарызы жоқ (барлық оқу кезеңінде), ақылы негізде білім алатын білім алушының өтінішін оқу жылына екі рет, күзгі семестрде қазан айында, көктемгі семестрде ақпан айында қарайды.
      6.5.Курстағы жалпы квотаның 1%-ын Өкілетті Кеңес төрағасы, 1%-ын университет президенті үлгеруші, ақылы оқитын білім алушыларды конкурстан тыс, өз шешімдерімен бұйрыққа ұсына алады.
      Аталған ереженің жоғарыда көрсетілген тармақтарына сәйкес, Сіз, 2021-2022 оқу жылының күзгі семестрінде қыркүйек айының 30-шы жұлдызына дейін өтініш білдіре аласыз.

      • Скендерова Айдана
        / Ответить

        Саламатсызба құрметті Жанар Амангелдіқызы

        Мен Скендерова Айдана МКТУда Филология факультеті орыс тілінде ақылы түрде окимын
        2 курста окимын
        Яғни 2 курста мамандық ауыстыруға боладыма?
        Қазақ тілі филологиясына.

        • Сәлеметсіз бе Айдана! Университет ережесінің 9 пунктіне сәйкес Кейбір ЖОО-дыр үшін бекітілген білім беру гранты бойынша GPA балы университет бекіткен курстан-курсқа көшу GPA балы сәйкес келген жағдайда ауысы алады. Білім алушы білім беру гранты бойынша ЖОО-нан университетке ауыстырылу барысында пән айырымдарының мөлшерден көп болуына байланысты, бір курсқа төмен қабылданатын жағдайды тек ақылы негізде ғана ауыса алады

  • / Ответить

    Сәлеметсіз бе!
    Мен 2021 жылғы түлегімін. Менің таңдап жатқан мамандығым “Туризм” мамандығы. Мен сіздердің университеттеріңізге оқуға түскім келеді.
    Менің сұрағым—”Түрік квотасымен”оқуға түсу үшін қандай құжаттар қажет?

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Құрметті Эльмира, сіздің біздің университетімізді таңдап отырғаныңызға қуаныштымыз. Түрік квотасына түсу үшін ҰБТ тапсыру керек. Мемлекеттік грант конкурсына қандай талап қойылса, түрік квотасының конкурсынада сол талап қойылады. Сізге сәттілік тілейміз!

  • / Ответить

    Саламатсызба құрметті Жанар Амангелдіқызы!

    Дайындық факультетінде түрік квотасында оқимын. Алдыңғы жолы бізден мамандық ауыстырғысы келетіндер жайлы сұраған еді. Тізімді жібердік. Жалпы медицина саласына ауысқым келген еді. Өтініш осы мәселені қарауыңызды сұраймын. Квота сақталса екен. Рахмет!

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Құрметті Алан. Түркия квотасымен түскен білімгер сол түскен мамандығы бойынша оқып, бітіреді. Ал егер басқа мамандыққа ауысатын болсаңыз онда ақылы оқу түріне ауысып кетеді.

  • Сәлеметсіз бе.мен егер медициналық көлледж бітіріп кешенді тест тапсырсам. Мені сіздердің медициналық үневерге 2 курстан бастап алама или бірінші курстан ба .

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Саламатсыз ба, Медицина мамандығына тек 1-курстан қабылданады және бакалавриатта 5 жыл оқиды.

      • Диляра Абдилхамидова
        / Ответить

        Саламатсыз ба! Жанар Амангелдіқызы. Мен қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында мемлекеттік грантпен оқып жатырмын. Жалпы медицина факультетінде. Осы семестр біткен соң,2 семестр ауысайын деп едім ауысуға бола ма? Грант сақтала ма?

        • Сәлеметсіз бе Диляра! Сіз 1 курстың бірінші семестрінде яғни, қысқы сессия кезінде (F) бағасы болмаған жағдайда, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы ректорының келісімімен мемлекеттік білім беру грантын сақтай отырып ауыса аласыз.
          Біздің университетіміз ерекше статусы болғандықтан кейбір ерекшеліктеріне байланысты Білім беру гранты құнының айырмасы төленеді.
          Пән айырмашылығы болса оны төлеп оқуға міндеттелесіз.

    • Сәлеметсізбе, Мен КГУ университетінің 1 курс студентімін Өмірзақ Мерей . Физика B054 мамандығында. 2 семестірде Гантты степендияны сақтап ауысуға болама .

      • Сәлеметсіз бе Мерей! Жалпы конкурс негізінде грант ұтып алған жағдайда 1 семестрден кейін грантын сақтай отырып ауыса алады. Егер университеттің жеке грант ұтып алған болса ол жағдайда грант оқу түрімен ауыса алмайды. Транскрипт алып келуі міндетті.
        Қазақстан ЖОО-нан ауысып келемін деген білім алушылар назарына:
        • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне
        ауысу туралы білім алушының оқып жатырған оқу орнының басшысының атына жазылған өтініш (түпнұсқа университеттің мөрі соғылған);

        Транскрипт (түпнұсқа);
        • ҰБТ немесе КЕ сертификат көшірмесі;
        • Шығармашылық емтихан нәтижесінің көшірмесі;
        • Аттестат немесе дипломның көшірмесі;
        • Оқу орнының лицензиясының көшірмесі;
        • Жеке куәлік көшірмесі.

  • Саламатсызба Болатбек Серікбайұлы мырза! Мен Қазақ-Ресей медициналық университетінде 2 курс студентімін. Елімізде эпидемиялық жағдайға байланысты, барша студенттер онлайн жүйесінде оқып жатырғандығы баршамызға мәлім. Осыған байланысты ата-аналарымызға әжептәуір ауырлық түсуде. Өйткені ақылы түрде оқып жатырмын және өзім Қызылорда қаласының тумасымын. Алайда оқуға деген ынтам өте жоғары, соңғы GPA баллдарым 3,51. Қойылатын сауалдарым: 1. Жаңа оқу жылынан бастап, Сіз жетекші болып отырған оқу орнына ауысуға қандай құжаттар тапсыруға болатындығын? 2. Оқу орнында оқу барысында ақысыз (грант) жүйесіне ауысуға сұрақтар қарастылады ма екен? 3. Жалпы медицина факультетінде оқу мерзімі? Құрметпен Дамир Бағдатұлы.

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Құрметті Дамир, біздің университетке ауысу үшін алдымен өзіңіз білім алатын университет ректорының атына өтініш жазып, өтінішке тиісті адамдардың қолын қойдырып, печать бастырып біздің университетке алып келесіз. Өтінішпен бірге транскрип болуы керек. Қосымша мәлімет алу үшін мына телефонға хабарласыңыз 87475441353. Сіз бірінші кезекте ақылы түрде қабылданасыз. Бір семестірден кейін оқу жетістіктеріңіз бойынша босаған грант, квотаға ауысуға мүмкіндігіңіз бар. Медицина мамандағы бойынша бакалавриат оқу мерзімі 5 жыл.

  • / Ответить

    Саламатсыздарма. 25-26 ақпан күні өткізілен 8(сегизинші) Республикалык олипияда жайлы сұрағымыз бар ені.
    Менің ұлым Мырзахан Тұрарбек Асқарұлы қатысқан болатын. 25 ақпан күні техникалық ақауларға байланысты деп қосыламды. 26 ақпанға ауыстырылды. 26 ақпан күні басталып 4 есептен 8 балл шыктыда, сіздердин сайттарыңыз ошип қалды. Себебі неде екенің білуге болама. Немесе Сіздердің іріктеу тасілдеріңіз басқашама. Сол жері бізге түсініксіз болды.
    Будан кейін Биздің сіздердің Унивеситеттеріңізге оқуға деген ниетімизде басылды.

    • Жанар Амангелдіқызы
      / Ответить

      Сәлеметсіз бе, Асқар. 25-ақпан күні техникалық ақаулықтарға байланысты расында тест тапсыратын сайт жұмыс жасамады. Сол себепті біз ақпан айының 26-27 күніне шегердік. Ол күндері сайтта кедергі болмады, телефонмен тапсыруға болмайтын туралы ескертілді және интернет жақсы жұмыс жасап тұру қажет болатын. Мүмкін сізде интернет әлсіз болуына байланысты тест тапсыратын сайттан шығарып жіберген шығар. Ақпан айының 26-27 күндері бізге оқушылардан ешқандай шағым келмеді және тест тапсырушы оқушыларға тек 1 мүмкіндік беріледі.

      • / Ответить

        Сәлеметсіз бе, Жанар Амангелдіқызы! Менің жауап алғым келетін сұрағым, өзім оқитын Филология факультеті жылу мәселесі. Жатақханада да ауырып жүрген студенттер көп. Онсызда көңілімізге жақпайтын ескі корпусымызда, «сыртқы киіммен» сабақ оқимыз. Күн түспейтін беттегі аудиториялар тіптен суық. Осы мәселенің шешілуін талап етіп басшылыққа шағымдандық, ал жауабына қанғаттанбаймыз.Неге студенттер қажеттігін қамтамасыз етілмейді? Айтылатын нәрсе көп ,тек соны тыңдар жан бар ма? Оқу ақысын төлеп оқып жатқандықтан соған сәйкес білімгерлерге жағдай жасалса дейміз. Корпусымыз сыртта бөлек қалғандықтан ба , оқуға қажетті қажетті дым жоқ онын несін жасырайық? Өзіміз тіл мамандығымыз тыңдалым ,сөйлеуді дамытатын сабақ бар ,ал оған қолданатын құрал жоқ.Айта берсен жыр көп , 2 корпуска 1 кішкене асхана деген не сұмдық, ол асханамыз үлкен болсада бір сәрі кішкене ғана жерде ағайы да бар сығайы да бар бәріміз ығылысып-сығылысып бұйырғанын ғана алып жүрміз. Сондықтан, Филология факультеті студенттерінің жағдайына назар аударуды сұраймыз.

        • Саламатсыз ба Әсел! Сіздің хатыңызбен танысып, мәліметтер бойынша тексеріп, тиісті тапсырмалар берілгенін хабарлаймын. №6 жатақхананың жылу беретін қазандығы толығымен жаңаланып сұйық отыннан газға ауыстырылып 29-қазаннан бастап жылу өз деңгейінде берілді. 29-қазанға дейін нарықта сұйық отын тапшы болуына байланысты жылу үнемді режимде берілді. Жатақханаға жылу жеткізетін жылу құбыры 6-қараша күні авариялық жағдайда істен шықты. 6-қазаннан бастап біздің мамандар жылу жеткізетін құбыр желісін жаңалауда. Бүгін, яғни 9-қараша күні сағат 18.00 дейін жұмыстар толық аяқталып жылу өз деңгейінде берілетін болады. 7, 8 қараша күндері шаруашылық мәселелер вице-ректоры Н.Батырбаев жатақханада болып, жағдайды түсіндіріп болған ақауды қалпына келтірумен айналысуда. Ақау жойылғаннан кейін жылу бойынша мәселе туындамайды.

          Бүгінгі таңда оқу ғимаратына жылу үздіксіз берілуде. Ғимараттың көлеңке тұсында аудитория іші 21 С, ал күн беті 25 С. Аудиторияда студенттер еркін жеңіл киіммен отыруға мүмкіндік бар.

          Оқу корпусының оқу процесіне қолайсыздық келтірмеу үшін 2022 жылдың жазғы демалыс кезінде жөндеу жүргізіп, заман талабына сай жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Оқу ғимаратында буфет жұмыс істейді, ал жатақханада 10-қарашадан бастап орталық асханадан мамандар бөлініп жұмыс істейтін болады.

Сұрақ жолдаңыз

Напишите свой вопрос

 

    ×