Факультеттер

Бүгінгі таңда университеттің 10 факультетінде: бакалавриатта – 67, магистратурада – 41, резидентурада – 28, докторантурада – 16, интернатурада — 2 білім беру бағдарламасы бойынша әлемнің 15 елінен барлық деңгейлер (бакалавриат, интернатура, магистратура, резидентура, докторантура, дайындық курсы) бойынша 10 мыңға жуық білім алушылар білім алуда.
Оқу дәрістерін 72 ғылым докторлары мен профессорлары, 88 философия докторлары (PhD), 294 ғылым кандидаттары мен доценттері, 193 ғылым магистрлері жүргізуде. Оның ішінде Түркия Республикасынан келген профессорлар мен қызметкерлер саны – 37.
Білім беру үдерісінде қазіргі заманға сай компьютерлік, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларға негізделген ең озық оқу әдістері пайдаланылуда.  Танымал ғалымдар спутниктік байланыстың көмегімен бейнеконференция жүйесі арқылы он-лайн режимінде сабақ өткізеді. Оқу орны заманауи құрал-жабдықтар орналасқан мамандандырылған зертханаларға, оқу кабинеттеріне; оқу үдерісін жеделдетуге және ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін макеттерга ие.
Іргелі оқу ордасында Мекемтас Мырзахметұлы, Рахманқұл Бердібай, Мұрат Жұрынов, Тәкіжан Ағдарбеков, Қажыбек Бекбосынов, Рахима Жұбатырова тәрізді елімізге танымал белгілі ғалымдар мен әдебиет, өнер майталмандары, халық әртістері дәріс оқыған.

DSC03787
Напишите свой вопрос

 

    ×