Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті мектепке дейінгі, бастауыш білім беру, педагогика және психология, отандық және дүние жүзілік тарих, журналистика бойынша жоғары білікті мамандар даярлайтын аймақтағы негізгі орталық болып табылады. Мамандарды даярлау үш сатылы жүйе бойынша жүзеге асырылады: бакалавриат, магистратура, PhD докторантура. Оқу үдерісі барысында шет тілдерін меңгеруге, сапалы білім беруге, өзге ұйымдармен тығыс байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінген. Факультет түлектері ғылым мен білім саласында, әкімшілік-мәдени жұмыста, ішкі істер жүйесінде, ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінде сұранысқа ие. Республика мен аймақтың көрнекті саяси, қоғамдық, ғылыми қайраткерлерінің арасында біздің факультеттің түлектері бар. Мамандарды дайындау педагогика, психология, тарих және журналистика бойынша іргелі білім бағдарламаларына негізделген. Факультетте 13 Білім беру бағдарламасы бойынша 550 білімгер бар. Оның ішінде Түркия, Қытай, Қырғызстан, Түркменстан, Ресей, Өзбекстан, Ауғанстан сияқты елдерден келген шетелдік білімгерлер бар. Студенттерге білікті оқытушы-профессорлар дәріс жүргізеді. Оның ішінде: 5 ғылым докторы, 33 ғылым кандидаты, 20 PhD доктор, 31магистр- аға оқытушылар оқытушы бар. Маман дайындаумен «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру», «Педагогика және психология», «Тарих» және «Журналистика» кафедралары айналысады. Сондай-ақ университет білім алушыларына жалпыға міндетті пәндер бойынша қызмет көрсететін «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасы бар. Студенттер үшін арнайы жасақталған интерактивті дәрісханалар, соңғы үлгіде жабдықталған кітапхана, интернет сыныптары, спорт кешені, студенттік асхана, жатақханалар бар.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті  — кәсіби дамуды жетілдіру, іргелі білім беру, гуманистік бағытта тәрбиелеу негізінде жоғары білімді, рухы биік, Отанын сүйетін, инновацияға ашық әрі бейім тұлға дайындауды негізгі міндеті деп біледі.

ББ, 6B01101  Педагогика және психология
ББ, 6B01202  Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
ББ, 6B01303  Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
ББ, 6B01615  Тарих
ББ, 6B02231  Тарих
ББ, 6В03239  Журналистика
ББ, 6B03279  Сандық медиа және телерадиожурналистика
ББ, 7М01101  Педагогика және психология
ББ, 7M01202  Мектепке дейінгі тәрбиелеу және  оқыту педагогикасы
ББ, 7М01300  Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
ББ, 7M02210  Тарих
ББ, 8D01101  Педагогика және психология
ББ, 8D01604  Тарих
ЭПК, 6В01101-Педагогика және психология
ЭПК, 6B01202-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
ЭПК, 6B01303-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
ЭПК, 6В01615-Тарих
ЭПК, 6В02231-Тарих
ЭПК, 6В03239-Журналистика
ЭПК, 6В03279-Сандық медиа және телерадиожурналистика
ЭПК, 7М01101-Педагогика және психология
ЭПК, 7М01202-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
ЭПК, 7М01303-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
ЭПК, 7М02210-Тарих
ЭПК, 8D01101-Педагогика және психология

6В03279-Сандық медиа ЖОЖ-2023-2024

6В03279-Сандық медиа және телерадиожурналистика Электив пәндер катологі 2023-2024

ББ 6В03279 Сандық медиа және телерадиожурналистика 2023-2024ж.

Аты-жөніҚызметіҒылыми дәрежесіҚабылдау телефоны корпоративті поштасы
Абжалов Сұлтанмұрат ӨтешұлыДеканфилос.ғ.к., доцент(72533) 6-36-36

ішкі10-97

+77012834442

sultanmurat.abzhalov@ayu.edu.kz

Жаркинбаева Динара СабитқызыОқу-әдістемелік ісі жөніндегі декан орынбасарыМагистр оқытушы(72533) 6-36-36

ішкі10-96

+77716960430

dinara.zharkinbayeva@ayu.edu.kz

БураеваЖанат БауыржановнаҒылым және тәрбие жөніндегі декан

орынбасары

PhD., аға оқытушы(72533) 6-36-36

ішкі10-96

+77078146455

zhanat.burayeva@ayu.edu.kz

Егенова Райхан ПирмахановнаФакультет әдіскері (72533) 6-36-36

ішкі10-96

+77056959377

raykhan.egenova@ayu.edu.kz

Орынбаева Калима ШералиевнаФакультет IT маманыМагистр+77015787956

kalima.orynbayeva@ayu.edu.kz

РысбековаАйманҚалышбайқызыПедагогикалық

ғылымдаркафедрасының меңгерушісі

п.ғ.к., доцент м.а.(72533) 6-36-36

ішкі13-04

+77758972064

aiman.risbekova@ayu.edu.kz

Жумадуллаева Айгуль

Аязбавна

Мектепке дейнгі және бастауышта білім беру кафедрасының меңгерушісіп.ғ.к., доцент3 ғимарат №125

(72533)6-36-36 (12-89)

aigul.jumadullaeva@ayu.edu.kz

Примкулова Гаукар ЖанкуловнаТарихкафедрасының меңгерушісіТарих.ғ.к., доцент3 ғимарат №221

8(72533)6-36-36(1302)

87024886434

gaukar.primkulova@ayu.edu.kz

Бельдибекова Әлия ТасболатқызыЖурналистикакафедрасының меңгерушісіФилос.ғ.к., аға оқытушыРекторат  № 517

(72533) 6-36-36

aliya.bildebekova@ayu.edu.kz

13
Білім беру бағдарламасы
570
Білімгер
75
Жұмыспен қамтылған
86
ОПҚ

Факультетте жалпы соммасы 64 258 057 млн тенге құрайтын ғылыми жоба орындалуда. Қоғамдық ғылымдар кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты А.Балтабаева ҚР ҒжЖБ Ғылым комитетінің Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша 2022-2024 жж. арналған гранттық жобасын жеңіп «Ұлы Жібек жолы сопылық тарикаттар мұрасының қазақ қоғамы мәдени кеңістігіне интеграциясы» атты ғылыми-зерттеу тақырыбымен жұмыс жүргізуде. Түркология, Археология ғылыми зерттеу институттарымен интеграциялану жұмыстары негізінде докторанттарға диссертациялық тақырыптар ұсынылып «Нәзір Төреқұловтың қоғамдық-саяси қызметінің тарихы мен шығармашылығы және оны ЖОО жүйесінде пайдалану әдістемесі», «Мұстафа Шоқайдың мұғажырлық қызметінің тарихын жоғары оқу орындары жүйесінде пайдаланудың әдістемесі (ХІХ ғ. екінші жартысы-ХХ ғ. басы)», «Осман империясы мен Түркістан өлкесіндегі білім беру жүйелері, сабақтастығы», «Қазақ тарихына қатысты түрік және орыс тілді деректерді ЖОО оқу үдерісіне ендірудің педагогикалық шарттары (ІХ-ХІІІ ғғ.)», «Қоңырқожа Кожиковтың қоғамдық-саяси қызметінің тарихы және педагогикалық көзқарастары» атты тақырыптар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Факультет ОПҚ-ның әлемдік рейтингісі жоғары ғылыми журналдарда – 19 мақала, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынатын басылымдарда — 128 мақала жарық көрді.

Факультетте түрлі бағыттағы студенттік клубтар жұмыс жасайды. «Орда» тарихи-танымдық клубы студенттерді ұлттық құндылықтарды насихаттауға тәрбиелеуді мақсат етеді. Осы клубтың ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым», тарихи қалалар мен мұражайларға саяхаттар, Түркістан облысының құрылуына орай түрлі мәдени іс-шаралар өтті. Сондай-ақ, «Ясауи жастары» студенттік клубы түрлі қайырымдылық іс-шаралар мен қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша пікірталас, дөңгелек үстелдерді тұрақты түрде ұйымдастырады. Бұл студенттік клубтың  іс-шараларына университеттің барлық факультеттерінен білім алушылар белсенді қатысып, өз ой-пікірлері және ұсыныстарымен бөліседі.

Факультет университетпен жасалған меморандумдар аясында алыс және жақын шетелдердің жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Ұлыбритания, Түркия, Татарстан, Өзбекстан және т.б. елдердің жоғарғы оқу орындарынан келген профессорлар университеттің студент, магистрант және докторанттарына дәріс оқиды. Факультетіміз Түркия Республикасының Ататүрік, Гази және Эрджиес университеттерімен әріптестік орнатып, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер алмасу жоғары деңгейде дамып келеді. Жазғы демалыс айларында факультет студенттері мен магистранттары Түркия Республикасының жоғары оқу орындарында бір айлық тәжірибеден өтеді.

Факультеттің 1 оқытушысы ҚР ҒжЖБМ 2022 жылдың  Үздік оқытушысы, 1 оқытшуы ҚР ҒжЖБМ 2022 жылдың «Мемлекеттік ғылыми стипендия» иегері және  5 оқытушы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. 2022-2023 оқу жылында еліміздің Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі құрылған комиссияға Тарих кафедрасының жетекші ғалымдары қатысып, архивтік құжаттар негізінде құнды деректерді бірнеше томдық жинақ етіп шығарды. «BILIM-ORKENIETI» Ұлттық  инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының  ұйымдастыруымен өткен байқауда 1 курс  студенті   Досанханқызы Құмаргүл  «Үздік жас ақын -2021» жеңімпаз атанды. Факультет мамандықтары бойынша білім алатын білімгерлер жыл сайынғы студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасының жеңімпаздары болып табылады. 2021-2022 оқу жылында студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасында 6B03239-Журналистика білім беру бағдарламасының  студенттері 1 орын, 6В01300 – Пәнсіз мамандандыру мұғалімдерін дайындау бағыты бойынша ХІІІ Республикалық пәндік олимпиадасында 2 орынды иеленді. 2021-2022 оқу жылында 7 студент Түркия және Қырғызстан Республикасының ЖОО-да бір академиялық кезең бойынша білім алып қайтты. 6 шетелдік оқытушы профессор білімгерлерге дәріс жүргізді.

Напишите свой вопрос

 

    ×