WhatsApp Image 2022-07-18 at 16.04.45

офис директоры

Исаков Азат Абдувахидұлы

 

Коммерцияландыру офисі

Коммерцияландыру офисі университетте жүргізілген ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді еліміздің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыратын өнімдер мен қызметтерге айналдыру, өндірілген технологияларды коммерцияландыру және зияткерлік және өнеркәсіптік меншік құқықтарын тиімді басқару арқылы Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, ғалымдары мен қызметкерлеріне консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету үшін құрылған.
Миссия:
Жобаларды коммерциялаудың тиімді стратегиясымен ғылыми-зерттеу инновацияларын нарыққа шығару, университеттер мен өндіріс арасында жоғары қосылған құны бар жобаларды әзірлеу, академиялық кәсіпкерлік зерттеулерін белсенді түрде жүргізу және интернационалдандыру қызметін кеңейту.

Қызметі

Коммерцияландыру офисі инвесторларға мыналарды ұсына алады:
Ахмет Ясауи Университетінің ғалымдары мен қызметкерлерінің жобалар портфель.
Ахмет Ясауи Университеті ғалымдарының патенттелген әзірлемелерінің портфель.

Коммерцияландыру офисінің қызметтері:
1. Коммерцияландыру үшін жобаларды іздеу, бағалау және инновациялық қызмет субъектілерімен келісімшарттар жасау мақсатында келіссөздер жүргізу;
2. Ғылыми зерттеу жобаларын басқару және жобаны таңдау процесін ұйымдастыру; мониторинг жасау және бағалау жұмыстарын ұйымдастыру; маркетингке және коммерцияландыруға үлес қосу;
3. Ұлттық және халықаралық гранттық қолдау бағдарламаларыны хабарлау , жобаға өтінім беру процесі және жобаны басқару бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру;
4. Интеллектуалды меншікті қорғау және лицензиялау тұралы кеңестер беру;
5. Жобалардың техникалық және коммерциялық әлеуетін көрсету, жобаларды одан әрі жүзеге асыруға әріптестер, инвесторлар іздеу үшін инновациялық жобалардың көрмелеріне, жәрмеңкелеріне қатысу;
6. Коммерцияландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
7. Офис қызметінің мақсаттарын жүргізуге қажетті келісімшарт жобаларын, корреспонденциялар, анықтамалар мен басқа да құжаттар дайындау;
8. Студенттік инновациалық жобаларды қолдау мақсатында Start-up компаниялар, Бизнес-инкубаторлар, Акселерациялық бағдарламалар құру, қолдау көрсету;
9. Университетіміздің жас ғалымдарына өз жұмыстарын коммерциялау бойынша тренинг-семинарлар беру.

Мақсаты
  • Университет ғалымдарына технологияларды және ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру әдістері жайында ақпараттық және таныстыру жұмыстарын жүргізу;
  • Университет ғалымдарының ғылыми зерттеу нәтижелерін, консалтингтік және сараптамалық қызметтерін  коммерцияландыру  бойынша кеңес беру, қолдау көрсету.
  • Бизнес-инкубатор бағыты университеттің стартап жобаларымен айналысатын білім алушыларды қолдау, стартап жобалардың санын, сапасын арттыру және олардың арасында кәсіпкерлікті ынталандыру болып табылады.
Міндеттері
  1. Ғылыми зерттеу жобаларды басқару, мониторинг жасау және бағалау жұмыстарын ұйымдастыру;
  2. Университеттің коммерцияландыру мүмкіндігі бар ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін саралау және нарыққа шығаруға қолдау көрсету;
  3. Ғалымдардың ғылыми жетістіктерінің жалпы білім беру саласына және экономикаға үлес қосуын қамтамасыз ету мақсатында университеттің инновациялық инфрақұрылымын құру және басқару;
  4. Интеллектуалды меншікті қорғау және лицензиялау тұралы кеңестер беру;
  5. Жас ғалымдардың зерттеулерін қолдауға бағытталған Start-up компаниялар, Бизнес-инкубаторлар, Акселерациялық бағдарламалар құру, қолдау көрсету.
  6. Университетіміздің Жас ғалымдарына өз жұмыстарын коммерциялау бойынша тренинг-семинарлар беру.
Келешекке бағдар
  • Әрбір зерттеушіні жобаға және әрбір жобаны кәсіпкерге айналдыру арқылы академиялық білімді әлеуметтік пайдаға айналдыру;
  • Университетінің зерттеушілеріне ұлттық және халықаралық жобаларға қатысуда қолдау көрсету және қаржылық қолдау механизмдерінің қажетті мүмкіндіктерін пайдалану, сонымен қатар ашық есік, семинарлар және оқу іс-шараларын ұйымдастыру;
  • Университет пен өнеркәсіп арасында ынтымақтастықты кеңейту;
  • Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстар саласында зерттеушілердің еңбегі нәтижесінде туындаған зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және басқару, сонымен қатар қоғамға қажетті жаңа тауарлар мен қызметтердің пайда болуына әкелетін зияткерлік меншікті өнеркәсіпке ендіру механизмдерін қалыптастыру;
  • Оқытушы-профессорлық құрам мен студенттерді өздерінің кәсіпорындарын ашуға бағыт беріп, көмек көрсету.

патент және зияткерлік меншікті қорғау секторының үйлестірушісі

Оразбаева Орынкуль Оразбаевна

жаңа ғылыми жобаларды іздеу, іріктеу бойынша маманы

Абдрашит Жасұлан Қайратұлы

Қаржы және құжаттар бойынша жетекші маманы

Абдугапар Шахноза Анарбайқызы

Бизнес-инкубатор YASSAWI, стартап жобаларды қолдау секторының үйлестірушісі

Бекжанова Жанар 

 Ақылы қызмет көрсету және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу секторы
Жоба менеджері

Мендыбаева Гульжан Мейрамкуловна

Ақылы қызмет көрсету жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу секторының маманы

Дауленбаева Эльмира Альмахановна

Ақылы қызмет көрсету жәнеғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу секторының үйлестірушісі

Досмаилова Айгуль Мусылманбековна

Активтерді,орындарды жалға беру және тауар,өніма сату секторының үйлестірушісі

Арипжанов Тимур Ауезханұлы

Активтерді,орындарды жалға беру және тауар,өніма сату секторының маманы

Кулахметов Шерзод Алауиддинулы

Напишите свой вопрос

 

    ×