БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

     Өкілетті Кеңес – ортақ мекеме, ортақ басқару ұстанымын басшылыққа ала отырып, университетті басқаруда әкімшілік, қаржылық және академиялық әдістер мен негіздерді белгілеу құзіретіне ие, университеттің заңды тұлғалық мәртебесіне өкілдік ететін ең жоғарғы шешім қабылдаушы органы болып табылады.

Өкілетті Кеңес 10 (он) мүшеден тұрады. Өкілетті Кеңестің 5 (бес) мүшесі Түркия Республикасы Үкіметі тарапынан жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер арасынан тағайындалады. Осы мүшелердің біреуі Түркия Республикасының Президенті тарапынан Өкілетті Кеңес төрағасы болып тағайындалады.
     Сенат университеттің академиялық органы болып табылады. Сенат ректордың төрағалық етуімен, ректор өкілі (бірінші орынбасары), ректор орынбасарлары, факультет декандары, клиника-диагностикалық емхананың бас дәрігері, институт пен колледж директорлары, кәсіподақ төрағасы мен жастар ұйымының жетекшісі және әр факультеттен сайланатын оқытушы-профессорлар құрамының бір өкілінен және Сенат хатшысынан құралады. Оқу, тәрбие және ғылым басқармаларының бастықтары Сенаттың дербес шешімімен мүшелікке кіреді. Университет Сенатының негізгі мақсаты – біліктілігі жоғары, сапалы мамандар даярлаумен қамтамасыз ету бойынша жалпы ұжымның жұмысын үйлестіру.

     Басқару кеңесі университет ректоры мен ректор өкілі (бірінші орынбасары), ректор орынбасарлары және декандардан құралады. Басқару кеңесіне мүшелік мерзімі, тағайындалған тұлғалардың негізгі қызмет мерзімімен шектеледі. Ректор өкілі ректор қызметін уақытша атқарған кезде университет Басқару кеңесіне төрағалық етеді. Университет Басқару кеңесі мәжілісінің өтетін күні мен уақытын ректор белгілейді. Университет Басқару Кеңесі әкімшілік мәселелерде ректордың көмекші органы болып саналады.

     Оқу-әдістемелік комитет барлық академиялық мәселелер бойынша саясатты қалыптастыратын, академиялық стандарттарды, практикалар мен пәндерді реттейтін қағидаларды жасауда және қабылдауда маңызды рөл атқаратын, оқыту мен оқу процесін бақылауды жүзеге асыратын, білім беру бағдарламаларын бекітетін және жетекшілік ететін негізгі орган болып табылады.

     Ғылыми комитет университеттің ғылыми зерттеулеріне қатысы бар барлық мәселелер бойынша университеттің саясатын қалыптастыратын негізгі орган болып табылады. Бұл кеңес зерттеу жүргізу стандарттары мен этикасын әзірлеу жөніндегі шараларды жүргізеді, мақұлдайды, ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды ұйымдастырады және басқарады, сондай-ақ Ғылыми орталықтар мен Жоғары мектеп, факультеттер арасында ғылыми инновациялық дамуға, зерттеулерге қатысты қызметтерін үйлестіреді.

Напишите свой вопрос

 

    ×