Оқу- әдістемелік комитет жұмыстары

Оқу-әдістемелік комитет жұмыстары ҚР ҒжЖБМ нормативті нұсқау құжаттарына, ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, университет басшыларының бұйрықтарына және өкімдеріне сәйкес білім беру үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді;  оқытудың кредиттік технологиясына сәйкес университеттің құрылымдық (факультет, кафедра) бөлімдерінің әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыруды және үйлестіруді; кредиттік оқыту технологиясына сай ББ жұмыс оқу жоспарларын, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін, элективті пәндер каталогын әзірлеуде факультеттер мен кафедралардың жұмыстарын ұйымдастыруды;  оқытудың жаңа тенхнологиялары мен әдістерін зерделеуді, талдап қорытуды және оқу үдерісіне ендіруді; оқу үдерісін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға, жоғары білім беру мәселелері бойынша конференциялар мен семинарлар ұйымдастыруға қатысуды; бакалавриат мамандықтарының оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу мониторингін жүргізуді (ғылымның қазіргі талаптарына және білім беру технологиялары жауап беретін, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілмеген пәндерді анықтауды);  ҚР ҒжЖБМ грифін иемдену үшін РОӘБ мен ОӘК ұсынылатын қолжазба оқулықтарды/оқу құралдарын рәсімдеу бойынша әдістемелік кеңес беруді; республикалық деңгейде ұйымдастырылатын түрлі байқаулардың («Жыл әдіскері», «Ұлағатты ұстаз», т.б.) университет деңгейінде жүзеге асырылуын ұйымдастыруды көздейді.

Напишите свой вопрос

 

    ×