Ахмет Ясауи университетінің Түлектер Қауымдастығы
d

Түлектер қауымдастығының төрағасы
(1995 жылғы түлек)
Азимова Эльвира Әбілқасымқызы

a

Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры
(1996 жылғы түлек)
Асанова Мәриям Тасболатқызы

Қауымдастық тарихы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Түлектер қауымдастығы университетте қызмет етуші түлектердің бастамасымен ректор Темірбекова Жанар Амангелдіқызының қолдауының арқасында 22.06.2021 жылғы сенат мәжілісінің (№9 хаттама) шешімі негізінде құрылды.
Бүкіл түркі әлемінде жүрген түлектердің басын қосу арқылы университет имиджін көтеруді көздеген аталмыш қауымдастықтың болашаққа бағдары айқын.
Қауымдастықтың ұйымдастыруымен өткізілетін мәдени және іскерлік шаралар университет түлектерінің біртұтастығын сақтауға негіз болады деген сенім білдеріміз!

Қауымдастық мақсаты

Қауымдастық Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлектерін біріктіру, арадағы ынтымақтастықты күшейту, олардың кәсіби сапасын және іс-тәжірибелік дағдыларын тұрақты жетілдіру үшін жағдай жасау, кәсіби мүдделерінің құқықтарын қорғауда материалдық, моральдық және құқықтық қолдау көрсету, университеттің стратегиялық дамуына көмектесу, университетте даярланған мамандарды жұмысқа орналастыруға, әлеуметтік, экономикалық, саяси және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға ықпал ету.

Қауымдастық міндеттері:

  • Қауымдастық филиалдарын немесе өкілдіктерін ашу арқылы барлық буындағы түлектер арасындағы тұрақты байланыстарды орнату. Жыл сайын дәстүрлі түрде жалпыуниверситеттік «Түлектер күнін» атап өту (сәуір айының соңғы күні)
  • Барлық буындағы түлектер арасындағы тұрақты байланыстарды орнатуға және қолдауға көмектесу;
  • Заманауи білім алушының мәдени өсуіне мүмкіндік жасай отырып, олардың рухани және басқа да материалдық емес қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • Ахмет Ясауи университеті түлектерін белсенді қоғамдық қызметке рухани бағдарлау және тарту мақсатымен олардың неғұрлым дарынды бөлігінің жеке қабілеттерін айқындау;
  • Ахмет Ясауи университеті түлектері мәртебесінің абырой-беделін арттыруға көмектесу;
  • Түлектердің кәсіби мүдделерін жүзеге асыруға ықпал ету, олардың жұмысқа орналасуына көмектесу;
  • Түлектерге материалдық көмек көрсету, демеушілік қызметті ұйымдастыру, ғылымда жетістікке жеткен және мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен білім алушыларға қолдау көрсету үшін «Эндаумент-Яссы» қорын құру арқылы осы мақсаттарға қол жеткізу;
  • Семинарлар, конференциялар, дәрістер, курстар және насихаттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
  • Білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізуге қатысу;
  • Білімгерлерді кәсіптік практикадан өткізуге қолдау көрсету;
  • Университетке имидждік қолдау көрсету (телевизиялық бағдарламаларда және т.б. бұқаралық ақпарат құралдарында насихат жұмыстарын жүргізу);
Напишите свой вопрос

 

    ×