Журналистика түлектері университетімізде қонақта!

Журналистика түлектері университетімізде қонақта!
Достар, ертең, 8 қараша күні сағат 14:00-де университет Мәдениет орталығының кіші залында қаламгер түлектерімізбен кездесу болады.
Келіңіздер, көріңіздер, қонақ болып түлектерімізге қолдау көрсетіңіздер!

Құрметті достар!

Құрметті достар!
Ертең, 28 қыркүйек күні сағат 11:00-де Еңбек адамдарын насихаттау, құрметтеу мақсатында «Менің жетістігім — менің нәтижем!» тақырыбы бойынша афишада көрсетілген түлектеріміз онлайн дәріс өткізеді.
Университет түлектерін қолдау үшін әріптестерді, түлектер қауымы мен студенттерді, педагогтар мен тоғызқұмалақ ойынына қызығушылық танытушыларды онлайн дәріске қатысуға шақырамыз!
Зум 500 адамға арналған.
Бәріңіз сиясыздар
Еңбек күніне орай өткізіліп жатқан іс-шара болғандықтан, айтары бар түлектеріміздің еңбек жолымен танысу, сұқбаттасу жастарға мотивация берері сөзсіз.
Ендеше сіздерді зумда күтеміз!

Түлектер форумына шақырамыз

Құрметті Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымы, ұстаздар және университет түлектері!

Сіздерді 2022 жылдың 14 қазанында болатын тәуелсіз еліміздің төл перзенті, тұстас құрдасы, түркі әлемінің білім ордасы атанған университетіміздің 30 жылдық мерейтойына орай Түлектер қауымдастығының ұйымдастыруымен өтетін «Терең тарихтан-жарқын болашаққа» атты университет түлектерінің І-ші Форумына шақырамыз!

Университеттің негізі 1991 жылы Түркістан Мемлекеттік университеті ретінде қаланса, 1992 жылы Халықаралық қазақ-түрік университеті болып қайта құрылғандықтан бізге биыл 30 жыл толып отыр.

Құрметті түлектер! Университетіміздің білімі мен ғылымын, мәдениетін көтеруге үлесімізді қосайық. Білгенімізді ортаға салып, жақсарту ұсыныстарымызды тастайық.

Кейінгі жастарға дұрыс бағыт пен бағдар беріп жол сілтейік.

Бәріміз осы қара шаңырақтың қара наны мен қара суынан қуаттанып, бойымызға Яссауидің ілімін дарытып шыққан қарапайым ғана бозбала мен бойжеткен болатынбыз.

Бүгінде қолымыз аузымызға жетіп, біреуге көмек беретіндей,

ақылға ақыл қосатындай дәрежеге де келіп қалғанымыз рас.

Осы білім ордасының бір жапырақ қағазының арқасында үлкен өмірге жолдама алып, білімімізді одан әрі дамытып, өзімізді шыңдап жетіліп небір биіктерден көрініп, лауазымды орындарды тоздырып та үлгергендеріміз бар арамызда.

Аллаға шүкір, сол жетістіктердің барлығы Түркістанның киелі топырағы мен Яссауи шапағатының арқасында деп білейік.

Достар, 14 қазан күні форумның екінші жартысы әртүрлі тақырыпта түлектердің қызықты іс-шараларымен жалғасын табады.

«Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» тақырыбы бойынша университеттің даму болашағы туралы баяндамалар және түлектердің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалады.

Түркістан қаласының экономикасын көтеру мақсатында экономика мамандығының түлектері «Түркі әлемінің экономикалық интеграциясы» атты дөңгелек үстөл өткізеді.

«Ұшқан ұяға тағзым!» тақырыбымен Өнер мамандығының елімізге танымал тәжірибелі түлектері студенттерге шеберлік сынып (мастер класс) өткізеді.

«Яссауиден шапағат-дәрігерден ұстаздарға махаббат» айдарымен медицина мамандығының дәрігер-түлектері университет қызметкерлеріне тегін диагностикалық көмек көрсетеді.

«Ізгілік ізі – тазалық» тақырыбы бойынша Экология мамандығының түлектері Түркістанның экологиясын жақсартуға өз үлестерін қосу үшін дөңгелек үстөл өткізеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру» тақырыбында құқықтану мамандығының түлектері құқықтану мамандығында білім алып жатқан студенттермен дебат өткізеді.

Университетіміздің филолог-ғалым түлектері қазіргі «қазақ тілін оқыту методикасындағы жаңалықтармен» бөлісетін болады.

Журналистика түлегінің ұйымдастыруымен «Дикция және сөйлеу техникасы» бойынша журналистика студенттері үшін тренинг өткізіледі.

Сонымен қатар, университетіміздің кітап қорына үлес қосу мақсатында түлектер тарапынан университет кітапханасында «Кітап сыйлау акциясы» ұйымдастырылып отыр (кез келген түлек өзі білім алған мамандығы бойынша кез кезген оқулық, монография, т.б жастарға мотивация беретін кітап түрлерін сыйға тарту ете алады).

Форумның соңы университетіміздің музыкалық және актерлық өнер кафедрасы түлектерінің ұйымдастыруымен «Түлектерден жалынды сәлем! атты керемет КОНЦЕРТпен және түлектердің ұстаздармен бірлескен бас қосу салтанатты кешімен аяқталады.

«Мен Ахмет Ясауи университетінің түлегімін!,

«Мен осы қара шаңырақта қызмет еттім/етемін!» деуші ниеті түзу барлық жандарды форумға шақырамыз!

Мерейлі тойың құтты болсын Ахмет Ясауи университеті!

Әрбір түлектің кеудесінде

«Менің университетім – менің мақтанышым!»

деген сағыныш пен құрмет тұру керек.

Келіңіздер! Қатысыңыздар! Атсалысыңыздар!

Жаңарған, түлеген Түркістандағы қара шаңырақтарыңызға бас сұға кетіңіздер!

Alma mater тыныс-тіршілігімен таныс болыңыздар!

Алғаш рет Түлектер форумы өткізіледі

Құрметті Ахмет Ясауи Университеті-нің түлектері!

Қазан айының 14-і күні университетіміздің 30 жылдық мерейтойы аясында Түлектер форумы өткізілмек.
Келіңіздер, университеттің 30 жылдығын бірге атап өтейік!
Түрленген, түлеген, жаңарған, жасарған Түркістанда басымыз қайта қосылсын!
Біз сіздерді асыға күтеміз, қымбатты түлектер, қадірменді ұстаздар!
Толық ақпаратты (форум бағдарламасын) Ахмет Ясауи университеті Түлектер Қауымдастығы парақшасынан және төмендегі сілтеме бойынша университет сайтының негізгі бетінен көре аласыздар.

Түркиядағы жер сілкінісіне көмек!

Достар, әлемді дүр сілкіндірген Түркиядағы зілзала бәрімізге ауыр тиді. Оңай емес!
Алла жәрдемші болсын!
Күннен күнге қаза болғандар саны да артып, көңілді құлазытып жатыр.

«Бала анасынан, ана баласынан айырылмасын! Ешкімнің және ешқандай елдің басына бұлт үйірілмесін!
Елімізде тек тыныштық болсын!»,- деген дұғамызды оқудан шаршамайық!
Осы орайда Ахмет Ясауи университеті Түлектер қауымдастығының басқарма мүшелері де белсенділік танытып, белгіленген есеп шот бойынша өз үлестерін қосуда.
Бұған дейін университет оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлері бір күндік жалақысын аударған болатын.
Біздің университетімізде бүкіл түркі әлемінен келіп, білім алып жатқан жастар көп.
Студент кезімізде бір шаңырақ астында бірге жүріп, бірге күлген, студенттік өмірді бірге кешкен Түркиялық достарымыз, группаластарымыз болды.
Түлектер қауымдастығы қиындыққа тап болған түркиялық достарымызға көңіл айтып, Алладан сабыр тілейді!

Достар, теңізге құйған тамшыдай болса да көмек-қолұшын созам деушілер болса, Түркияның қазақстандағы елшілігі ашқан мына есеп-шот ашық:

https://kaspi.kz/pay/afad

Arkadaşlar, dünyayı sallayan deprem hepimizi derinden yaraladı.
Kolay değil.
Allah yardım etsin!
Ölen insan sayısı her geçen gün artmakta ve bu çok üzücü.

Çocuk annesinden, anne de çocuğundan mahrum kalmasın!

Hiç kimsenin ve hiçbir ülkenin başına kötü olay gelmesin!
Ülkemizde barış/huzur olsun! diye dua etmekten bıkmayalım.

Bu konuda Ahmet Yesevi Üniversitesi Mezunlar Derneği Yönetim Kurulu üyeleri de aktif olarak faaliyet göstermekte ve açılan hesaba katkı sağlamaktadır.
Üniversitemizin öğretim üyeleri bir günlük maaşını aktarmıştı.

Türk Dünyasından üniversitemizde okuyan birçok genç var.
Öğrenciyken aynı çatı altında birlikte yürüyen, birlikte gülen, öğrencilik hayatını birlikte deneyimleyen Türk arkadaşlarımız ve grup arkadaşlarımız vardı.
Mezunlar Derneği zor durumda olan Türk dostlarımıza başsağlığı diliyor ve Allah’tan sabır niyaz etmektedir!

Arkadaşlar, az çok demeden katkıda bulunmak isterseniz, Türkiye Cumhuriyeti’nin Kazakistan Büyükelçiliği tarafından açılan aşağıdaki hesaba katkıda bulunabilirsiniz:

https://kaspi.kz/pay/afad

Напишите свой вопрос

 

    ×