Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры – білімді, талантты студенттерді қаржылай ғана емес, сонымен қатар рухани мотивациялық қолдауға да ие. Осы мақсатта, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының дарынды жастарды қолдау үшін  ұйымдастырылған конкурсқа қатысып, степендияның біріне ие болдым.

2018 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының степендианттарын марапаттау Алматы қаласы Тұран университетінде өтті. Қазақстанның түрлі жоғарғы оқу орындарынан жиналған Елбасы Қорының степендия жеңімпаздары бір-бірімізбен таныса отырып, пікір алмастық. Марапаттау іс-шарасы «Қазіргі Қазақстанда ғылымның инновациялық дамуы мен сұранысы» атты ХІІ халықаралық ғылыми конференцияның ашылуында, салтанатты түрде куәлік табысталуымен жалғасты.

Мектеп қабырғасында көптеген жастар арасындағы олимпиадаларға қатысып, жүлдеді орындарға ие болғанмын. Бірақ, бәрінен бұрын менің шығармашылық қабілеттерім университетте жандана бастады.

Университет қабырғасында көптеген ғылыми-теориялық конференцияларға, республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, оқу ордамыздың қоғамдық өміріне де белсене ат салысып келемін.

Елбасы Қорының стипендианты атанғанда менің бойымды болашаққа деген сенімділік пен ертеңгі күні халық пен мемлекет алдында жауапкершілік күші биледі. Елбасы Қоры тарапынан мұндай қолдауға ие болу әр студент үшін үлкен жетістік.

Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорына және іс-шараны жоғарғы дәрежеде өткізген ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Елбасы қорының жастарды қаржылай қолдауы – «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» деген қазақтың жақсы бір мақалына негізделгендей. Талантты студенттерді қолдау, ол еліміздің ертеңіне инвестиция салғанмен тең деп ойлаймын.

Ел болашағы – ол біздің жастардың қолында!

Клименко Иван

Ахмет Ясауи университеті

Орыс тілі мен әдебиеті

мамандығының 4 курс студенті

   

Германияда бакалавриат, магистратура және PhD докторантураны ағылшын тілінде тегін оқу

Германияда ағылшын тілінде тегін оқығыңыз келеді ме?

Қолайлы университетті және бағдарламаны іздепжүрсіз бе?

Германияда 2019–2020 оқу жылына өтініштер қабылдау уақыты басталды. DAAD www.daad.kz неміс академиялық алмасу қызметінің веб-сайтында Германиядағы бакалавриаттан PhD-ға дейін оқу бағдарламаларын табуға болады.

Төмендегі ағылшын тіліндегі оқу бағдарламалары бойынша ақпараттық брошюралардың сілтемесі:

  • Германиядағы халықаралық Бакалавриат бағдарламалары (жүктеп алу)
  • Германиядағы халықаралық Магистратура бағдарламалары(жүктеп алу)
  • Германиядағы халықаралық Докторлық бағдарламалар (жүктеп алу)

Бұл ақпараттық брошюралар ағылшын бағдарламаларын, университеттерді, қаланы, оқытудың басталу уақыты, веб-сайттың сілтемелерін және электрондық поштаны көрсетеді.

NB: Медицина және құқық бағдарламаларының көпшілігі тек неміс тілінде екенін ескеру қажет.

Бакалавриаттың негізгі құжаттары:

  1. Тілдік сертификат: DSH, TestDaF, IELTS (6.0-ден бастап), TOEFL (ең азы 80);
  2. Oрта (толық) жалпы білім туралы аттестат немесе оқу орнынан алынған анықтама мен транскрипт (егер аттестат болмаса);
    NB: 11 жылдық білім беру мектебінің барлық түлектері үшін дайындық курстарын (штудиенколлегнеміс тілінде өту керек. Немесе қазақстандық университетте 1 курс оқуды бітіру қажет, содан кейін Германияда университетке түсу керек.
  3. Академиялық анықтама немесе диплом (кемінде 1 жыл жоғары білім немесе университет алдындағы дайындық өту туралы (студенттік колледждер);
  4. Мотивациялық хат;
  5. Резюме.

Магистратураға арналған негізгі құжаттар:

  1. Тілдік сертификат: DSH, TestDaF, IELTS (6.5-тен бастап), TOEFL (ең аз 80);
  2. Бакалавр дипломы немесе оқу орнынан алынған анықтама мен транскрипт (егер диплом болмаса);
  3. Мотивациялық хат;
  4. Резюме.

PhD докторантурасының негізгі құжаттары:

  1. Тілдік сертификат: DSH, TestDaF, IELTS (6.5-тен бастап), TOEFL (ең аз дегенде 80);
  2. Магистр дипломы немесе оқу орнынан алынған анықтама мен транскрипт (егер диплом болмаса);
  3. Ұсыным хаттар;
  4. Зерттеу жобасы;
  5. Мотивациялық хат;
  6. Резюме.

Барлық құжаттар неміс немесе ағылшын тіліне аударылып, нотариалды куәландырылуы қажет.

Өтініштерді қабылдау мерзімі бағдарламалар мен университеттерге байланысты: наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде.

Өнімді инновацияларды ынталандыру порталы ұсынып отырған ғылыми-зерттеу жұмыстарына грант ұсынатын мекемелер тізімі

Тізім

Конкурс іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша жүргізіледі:

 

Іргелі зерттеулер бойынша:

  1. Мемлекеттің әскери ұйымын дамыту;

Қолданбалы зерттеулер бойынша:

  1. Әскери техника мен қарулы күштерді технологиялық жетілдіру мен жаңғыртуды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  2. Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің факторы мен құралы ретінде цифрландыру.
  3. Әскери қызметшілердің тамақтану рационын жаңғырту саласындағы зерттеулер.

 

Құжаттарды қабылдау: 17.10.-17.11.2018ж. аралығында жүргізіледі

Конкурс құжаттамалары 
 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2018 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды.
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш. Уәлиханов атындағы бір сыйлық;
– педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлық;
– түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлық;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық;
– 75 мемлекеттік ғылыми стипендияны оның ішінде 50-і талантты жас ғалымдарға арналған.
Конкурстардың шарттарын www.scedu.kz/about/memlekettik-siiliktar-men-stipendiyalar сайтының «Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар» бөлімінен алуға болады. Конкурстардың материалдарын жеке авторлар немесе олардың сенімді адамдарынан газетте хабарландыру шыққан күннен бастап 30 күн аралығында тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұрынғы ХҚКО)(http://gov4c.kz сайтында мекен-жайлар көрсетілген) қабылданады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қазақстандық студенттер арасындағы дербес стипендияларды алуға ай сайынғы конкурс өткізеді

Қордың стипендиясы конкурстық негізде тағайындалады, онда Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнайы оқу орындарының (өнер және мәдениет) студенттері қатыса алады.

Қордың конкурсына өтінім беретін үміткерлер кемінде екі курсты сәтті аяқтауы, академиялық үлгерімі бойынша максималды көрсеткіштері болуы тиіс. Университеттің  ғылыми-зерттеу, шығармашылық және қоғамдық өмірінде белсенді қатысуы. Кандидаттар өздерінің үлгерімдерін сертификаттармен, грамоталармен, баяндамалармен, жарияланымдарымен, сөйлеген сөздерімен және сыйлықтарымен растауы қажет.

Қордың стипендиясы жалпы белгіленген стипендия өзгеше төленеді, бір жылға тағайындалады және ай сайын оқу жылы кезінде ғана төленеді, маусым, шілде және тамызды қоспағанда.

Жыл сайынғы конкурс екі жүйелі турдан тұрады:

Екінші турды Қор жоғары оқу орындарында өткізеді, оның барысында Қордың стипендиясын алуға үздік студенттерді іріктеу жүзеге асырылады.

Екінші (республикалық) турды Қор жоғары оқу орындарының ұсынған студенттері арасында өткізеді.

Конкурсқа қатысу үшін алдын ала Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті -Елбасы Қорының студенттік стипендияларын тағайындау ережесін жүктеп өтінімді толтыру қажет.

  • Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған өтінімді жүктеу.
  • Өнер және мәдениет оқу орындарының студенттеріне арналған өтінімді жүктеу.
  • Ережені жүктеу.

Өтінімдерді қабылдау 2018 жылғы 28 мамырдан басталып 21 қыркүйекке дейін.

Қордың стипендиясының мөлшері және саны.

Барлық тілек білдірушілерді қатысуға шақырамыз!

Анықтама үшін:

  • Едигеева Роза Макашевна, +7 (727) 220 92 24, roza@fpp.kz

Исмаилов Тимур Муратович, +7 (727) 220 92 14, tismailov@fpp.kz

Номинация «Студенттер арасында ең үздік технологиялық шешім»

Номинацияның негізгі мақсаты

Жастардың инновацияға деген қызығушылығын ынталандыру, практикалық тәжірибе алуға және технологиялық кәсіпкерлердің жаңа ұрпағын өсіруге мүмкіндік беру.

Номинацияның жүлдегерлері үшін келесі сыйлықтар көзделген:

1 орын — жетекші шетел оқу орнында немесе технологиялық дамуды қолдау саласында ұйымда оқыту курсы;

2 орын — 800 000 теңге;

3 орын — 400 000 теңге;

Халықтың дауыс беру жүлдесі – 200 000 теңге.

Осы номинациядағы Байқаудың қатысушыларына қойылатын талаптар:

  • ЖОО студенттерінен 2 – 5 адамнан тұратын команда болу;
  • әлеуметтік-маңызды тапсырманы шешуге және/немесе қоғам өмірінің сапасын жақсартуға және/немесе бар өндірістердің, технологиялардың, үдерістердің, өндірістік/ұлттық компаниялармен келесі ұсынылған өнімдер мен қызметтердің өзекті мәселелеріне ең жақсы шешім ұсынуға бағытталған жобаны дайындау:
    • Өндіріс циклінің қосалқы өнімін алу үшін қалдықтарды пайдалану және оларды кәдеге жарату жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Тұрғын үй және офистік ғимараттарда ауаны тазарту және оттегі құру мәселелері жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Сурдоаударманы шынайы уақытта автоматтандыру жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Көпірлерді, жедел сатыны, эскалаторларды және т.б. аппатылығын / техникалық ақауларын анықтау жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Оқу орындарындағы қауіпсіздік мәселелері жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Жастарға жұмысқа орналасу және кәсіби бағдар беруді ынталандыру (жастар еңбек биржалары) жөнініде желілік кеңістіктегі технологиялық шешімді ұсыныңыз.
  • ұзақтығы 2,5 минуттан аспайтын технологиялық шешім туралы бейне-презентация дайындау, өтінімді берген кезде бейнероликке сілтемені көрсете отырып, YouTube порталына шығару. Осы бейне-презентация келесі ақпаратты қамтуы керек:
  • — жоба әлеуметтік-маңызды тапсырманы және/немесе қоғам өмірінің сапасын жақсартуды және/немесе бар өндірістердің, технологиялардың, үдерістердің, өндірістік/ұлттық компаниялармен ұсынылған өнімдер мен қызметтердің өзекті мәселелеріне ең жақсы шешім ұсынуды қалай шешеді;
  • бизнес-жоспар;
  • команданда әрбір қатысушысының рөлі.

Шешімдерді іріктеу тәртібі:

Осы номинациядағы Байқау төрт кезеңде өткізіледі:

I кезең – «ТДҰА» АҚ веб-парақта (өтінімді онлайн беру) байқау үшін ең үздік шешімге бар өндірістердің, технологиялардың, үдерістердің, өндірістік/ұлттық компаниялармен ұсынылған өнімдер мен қызметтердің өзекті мәселелерін орнатады;

II кезең – бейне-өтінімдерді жинау;

III кезең – 20-баллдық шкала бойынша Сараптамалық комиссия мүшелерінің бағалары бойынша 10-нан артық емес финалға қатысушылар-командаларды іріктеу;

IV кезең — Сараптамалық комиссия алдында бейнеконференц байланыс арқылы 10-нан артқы емес финалға қатысушылар – командалардың сұрақтарға жауап (2 мин.) және онлайн питч (презентация) 3 (мин.), оның нәтижесі бойынша жүлдегерлер,2,3 орындар таңдалатын болады.

Халықтың дауыс беру жүлдегері бәріне қарағанда онлайн дауыс беру/ұнатулардың ең көп мөлшерін жинаған жоба болады.

Іріктеудің өлшемшарттары:

  • ұсынылатын шешімді жүзеге асырудың жоғары потенциалы;
  • ұсынылатын шешімнің өзектілігі;
  • тапсырманы орындауға жасампаздық;
  • шешудегі инновациялық құраушы;
  • нарыққа бағдарландық;
  • өмір сапасын арттырады;
  • командада жұмыс жасай алу.

https://natd.gov.kz/activity/nic/

Напишите свой вопрос

 

    ×