Бизнес-Инкубатор

Бизнес-инкубатор бағытының негізгі мақсаты — университеттің стартап жобаларымен айналысатын білім алушыларды қолдау, стартап жобалардың санын, сапасын арттыру және олардың арасында кәсіпкерлікті ынталандыру болып табылады.

Бизнес-инкубатор бағытының жұмыс тәртібі:

  • Студенттік стартап жобалар туралы білім алушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, стартап жобалардың даму кезеңіндегі көрсеткіштерімен таныстырылады;
  • Инкубациялық бағдарламасы ұйымдастырылады;
  • Инкубациялық бағдарламадан сәтті өткен білім алушылар арасында университеттің ішкі конкурсы ұйымдастырылады, инкубациялық сертификат беріледі;
  • Конкурста инновациялық, коммерцияландыруға әлеуеті бар перспективалы стартап жобалар анықталады;
  • Жеңімпаздар марапатталады, авторлармен келісім-шарт жасалынады;
  • Жүлделі перспективасы бар стартап жобалар Республикалық және Халықаралық конкурстарға қатысады;
  • Стартап жобаларды қолдау мақсатында университеттен және сырт көзден инвестиция тарту жұмыстары жүргізіледі;
  • Стартап жобаларды ары қарай дамыту үшін акселерациялық бағдармаларға қатысады және табыс табу мақсатында университет жанынан стартап-компания құрылады.

Инкубациялық бағдарламасы
Напишите свой вопрос

 

    ×