Жоғарғы медициналық білімнен кейін білім беру факультеті


Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультеті денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде білім береді.
Факультеттің негізгі мақсаты – оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, заманауи талаптарға сай практикалық денсаулық сақтау мамандарын сапалы дайындау. Жоғары медициналық білімнен  кейінгі білім беру факультеті интернатурада «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтары бойынша және 31 резидентураның білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Факультет жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары аясында заманауи  сұраныстарға жауап бере алатын жоғарғы білікті медицина саласының мамандарын даярлайды. Кафедралардың оқу, тәрбие  және ғылыми жұмыстарына басшылық жасайды. Білім беру бағдарламаларының, оқу жоспарларының, пәндердің жұмыс оқу бағдарламаларының әзірленуін және тәжірибеде қолдануын қадағалайды. Факультеттің құрамына енетін кафедралардың оқу, тәрбие және ғылыми жұмыстарына басшылық жасайды. Білім алушылар үшін мамандық ерекшеліктеріне сәйкес жасақталған интерактивті дәрісханалар, электронды кітапхана, оқу залы, компьютер кабинеттері жұмыс істейді және факультеттің оқу клиникалық базалары Шымкент қаласында орналасқан медициналық мекемелермен қамтылған.
Профессор-оқытушы құрамы жаңа заман талабына сай мамандар даярлап, халықаралық деңгейде білім беру үшін медицинадағы  инновациялық технологияларды қолданып, аянбай еңбек етуде. Жалпы 174 профессор-оқытушы құрамы бар, 11 ғылым докторы, 6 РhD доктор, 57 ғылым кандидаты, 20 магистр  өз білімдерін, интерндерге, резиденттерге білім беруде тынымсыз еңбек етуде, (дәрежелі профессорлар-оқытушы- 40%).

Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультетінің миссиясы:

Қазақстан мен түркітілдес елдерде денсаулық сақтаудың озық инновациялық әдістерін енгізетін, медициналық білімнің, ғылым мен тәжірибенің дамуына үлес қосатын заманауи талаптар мен міндеттерге жауап беретін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

     Факультеттің мақсаты:

Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласында жоғары кәсіби деңгейдегі мамандарды даярлайтын өзiндiк дәстүрі бар бiлiм және ғылым орталығына айналу. Бұл мақсат аясында денсаулық сақтау салаларындағы білім беру процесiн түркі халықтарының дәстүрлі діни дүниетанымы мен әлемдік заманауи педагогикалык жетістіктермен ұштастыра отырып жүргізу кезделеді. Бұл мақсаттарды жүзеге асырy үшiн төмендегідей мiндеттер қойылған:

  • факультеттің оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттыру, педагогикалық және ғылыми базасын жасақтау;
  • білімгерлердi денсаулық сақтау мәселелерді сараптап, сауатты синтез жасауға баулу;
  • қоғамдағы денсаулық сақтау саласы үдеріс ретінде талдау, сараптау, әлемдегі саясат және оны Қазақстан негiзiнде тұжырымдау;
  • оқытушылардың денсаулық сақтау саласының кез келген аспектiсiне қатысты ғылыми тұжырымдамалар жасауына, іргелі еңбектер жазып, зерттеулер жүргізуіне колдау көрсету;
  • Қазақстандағы және шетелдегі денсаулық сақтау мәселелермен айналысатын орталықтармен әріптестік негізде бірлесе жұмыс істеу.

Мамандар дайындау

Факультетімізде «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтары бойынша және 31 резидентураның білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.Оқыту қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі. Оның ішінде Түркия, Өзбекстан, Моңғолия елдерінен шетелдік білімгерлер бар. Факультетте 174 профессор-оқытушы құрамы бар, 11 ғылым докторы, 6 РhD доктор, 57 ғылым кандидаты, 20 магистр  окытушы дәріс береді. Маман дайындаумен факультеттің 10 кафедра (Акушерлік-гинекология, Педиатрия, Жұқпалы аурулар және фтизиатрия, Арнайы хирургиялық пәндер, № 1 Жалпы дәрігерлік практика, Неврология, психиатрия,наркология, Профилактикалық медицина және стоматологиялық пәндер, № 2 Жалпы дәрігерлік практика, Хирургия және анестезиология-реанимация, Терапия) кафедрасының оқытушы-профессорлары айналысады.  Аталған мамандықтарды дайындауға оқу ордамыздын материалдық әлеуеті заманауи талаптарға толық жауап береді.
Мамандарды даярлау екi сатылы жүйе бойынша жүзеге асырылады: интернатура, резидентура. Оқу үдерісі барысында білімгерлердің шет тілдерін меңгерулеріне, сапалы білім алуларына мәдениет орталығы, ғылыми кітапхана және басқа да қоғамдық орындар қызмет етеді. Білім алушылардың рухани-материалдық сұраныстарын қанағаттандыруға толық мүмкіндік жасалған. Кампусымыздың  кітапханасында білім беру бағдарламаларына қатысты қазақ, орыс, түрік, араб және ағылшын тiлдерiнде оқу және ғылыми әдебиеттер жеткілікті.
Факультет түлектері ғылым мен білім саласында, әкімшілік-мәдени жұмыста, ішкі істер жүйесінде, ұлттық қауiпсiздiк комитетi қызметi мен діни сараптамалық бағыттарда үлкен сұранысқа ие. Республика мен аймақтың көрнекті саяси, қоғамдық, ғылыми, діни қайраткерлерінің арасында біздің факультеттің түлектері бар. Денсаулық сақтау мамандығының алғашқы түлектері бүгінгі таңда Қазақстанның стратегиялык маңызы зор аймақтарында жемісті еңбек етіп, еліміздің діни саласының шығармашылық тұрғыдан дамуына зор үлес қосуда, әлі де барынша атсалысып келеді.

1995 жылдан бастап  Шымкент қаласында медицина факультетінің білім алушылары 5 курсты  медициналық-санитарлық «Фосфор» бірлестігінің базасында білім алуымен құрылды. Факультеттің тұңғыш деканы медицина ғылымының докторы, профессор И.О.Байдаулет, одан кейінгі жылдарда факультетті профессор Н.К.Тузелбаев, З.Сатханбаев, М.Е.Жантеев, Б.Қ.Жунисов, А.А.Сариева, М.С.Жунисов, А.Р.Жумадилова, С.А.Туктибаева басқарды. Алғашқыда факультетте бакалавриат және жоғары білімінен кейінгі интернатура мамандықтарына бойынша білім берсе, қазіргі таңда интернатура, резидентураның 33 білім беру бағдарламасымен 10 кафедрада оқу үдерісін іске асыруда.
2023 жылдың қараша айынан бастап медицина ғылымының кандидаты, МВА А.С.Абдрахманова  басқарып келеді.

Құрметті білім алушылар, 

Жоғары медициналық білімнен  кейінгі білім беру факультеті медициналық білім беру саласында жоғары беделге ие, білім беру саласында да медициналық ғылым мен клиникалық қызметті дамытуда да дәстүрлері зор.

2018 жылғы 15 тамызда университет Сенаты дипломнан кейінгі білім беру факультетін Жоғары медициналық білімнен  кейінгі білім беру факультеті етіп қайта құру туралы шешім қабылдады. Факультет Х.А.Ясауи атындағы университеттің Шымкент кампусында орналасқан.

Факультеттің атауы мен мәртебесі өзгеріп қана қойған жоқ, сонымен қатар жүзеге асырылып жатқан резидентураның білім беру бағдарламаларының саны артып, оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Университеттің клиникалық базалары Шымкент және Түркістан облысындағы ірі мемлекеттік және жетекші жекеменшік медициналық мекемелер болып табылады. Сонымен қатар, студенттер Қазақстанның ірі ғылыми медициналық орталықтарында, сондай-ақ басқа аймақтардағы медициналық ұйымдарда оқып, клиникалық тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады. Бәсекелестік артықшылық — Түркиядағы университет клиникаларында, соның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде интерндерді, резиденттерді және оқытушылар құрамын оқыту және оқыту мүмкіндігі.

Факультет Қазақстаннан ғана емес, барлық түркітілдес елдердің өкілдерін тағылымдамадан өтушілер мен резиденттерді дайындайды. Факультет тұрақты түрде қосымша клиникалық талқылаулар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, шеберлік сыныптары мен семинар-тренингтер өткізеді. Факультет студенттердің одан әрі ғылыми зерттеулерге қатысуы және PhD докторантураға түсуі үшін жағдай жасайды.

Университет түлектері Қазақстанның барлық аймақтарында, жақын және алыс шетелдерде табысты еңбек етуде, олардың арасында көрнекті ғалымдар, менеджерлер және тәжірибелік дәрігерлер б

Медицина ғылымдарының кандидаты, МВА, Әлия Абдрахманова

Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу және іске асыру (29.09.2021) бойынша көрсетілген бағыттар негізінде сапалы білім беру және ғылыми әлеуетін дамыту арқылы университетіміздің түркі әлеміндегі алдыңғы қатарлы оқу орнына айналуына үлес қосу.

МИССИЯ

Сапалы білім беру және ғылыми әлеуеті жағынан заман талабына сай, университетішілік және университетаралық бәсекелерде жоғары мәртебеге ие, таңдаулы, факультет деңгейіне жету. 

БАҒДАР

Түркітілдес елдердегі университеттердің алдыңғы қатарлы медицина факультеттерінің бірі саналатын факультет ғылым, білім және тәжірибе үштұғырлығы қағидаттары бойынша үздіксіз дамып келеді, бұл бір миссиямен шабыттанған мамандардың күш-жігерін біріктіреді. 

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ

Факультетіміздің ерекшеліктеріне байланысты мынадай құндылықтарға назар аударылады:

  • Клиникалық диагнозды тұжырымдай отырып, емдеу жоспарын тағайындау;
  • Медициналық көмектің барлық деңгейлерінде дәлелді тәжірибе негізінде оның тиімділігін бағалай алу;
  • Тәуекелдерді бағалай білу және медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін ең тиімді әдістерді қолдана білу;
  • Әділеттілік;
  • Құрмет;
  • Пікір еркіндігі;
  • Құқық;
  • Сыни көзқарас;
  • Ынтымақтастық;
  • Толеранттылық;
  • Мәдениеттілік;
  • Сапалылық;
  • Сабырлылық;
  • Теңдік;
  • Жауапкершілік;
  • Жаңашылдық;
  • Жүйелілік;
  • Ғылымилық;
  • Тәуекелділік;
  • Қолдау т.б.

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

  • Университет жеке ме, мемлекеттік пе?

Университетіміз Қазақстан және Түркия Республикалырының келісімшарты негізінде ашылған ортақ мемлекеттік университет?

  • Оқу төлемақысына жеңілдіктер алу үшін/ Түркия квотасына ие болу үшін қандай критерийлер бар? GPA балы неше болу керек?

GPA-сы 4,00-ге тең оқу үздігі келесі семестрде келісім шартта көрсетілген сомадан 25%-ға; GPA-сы 3,67-ден жоғары оқу үздігі 15%-ға аз төлеу құқығына ие болады. GPA-сы 3,00-ден кем емес, соңғы семестрде D, D+6 C-, C бағалары жоқ тұл жетім немесе қамқорлықсыз қалған білім алушы оқу төлемақысынан 100%-ға дейін, әлеуметтік жағдайы төмен (жартылай жетім, төменгі жалақы алатын) білім алушыларға 25%-ға дейін, ата-анасының бірі университетте 5 жылдық еңбек өтілі бар білім алушалар 25%-ға дейін, Халықаралық, құрлықаралық жеңімпаздарға 100%-ға дейін оқу төлемақысынан жеңілдік алуына мүмкіндіктер бар.

  • Оқып жүріп мемлекеттік грантқа ие бола аламыз ба?

Ия, мамандығыңызға сәйкес босаған орын болса GPA балыңызды есептеп, межеге сай болса мемлекеттік грантқа ие болу мүмкіндігі бар.

  • Жатақхана кімдерге беріледі?

Шетелдік білім алушыларға, грант бойынша оқитын (Түркістан қаласында және 30 км-ге дейінгі қашықтықта орналасқан елді-мекендерде тұрмайтын) білім алушыларға жатақхана қарастырылады. Квота және ақылы негізде оқитына білім алушылардың өтініштері шетелдік және грант негізінде оқитын білім алушылар  жатақханаға орналасып біткен соң қолға алынады.

  • Жатақханаға өтініштер қашан қабылданады?

Жатақханаға өтініштер жазғы демалыс кезінде университеттің портал жүйесі арқылы қабылданып, критерийлерге лайық білім алушының өтініші мақұлданады.

  • Білім алушыларға университет тарапынан медициналық көмек беріледі ме?

Ия. Білім алушыларға және қызметкерлерге Университетіміздің ауруханасында, Сымбат клиникасында және факультетіміздегі бөлімшесінде тегін медициналық көмек беріледі.

  • Оқу процесі қашан басталады және қашан аяқталады?

Оқу процесі қыркүйектің алғашқы аптасында басталып, 1-семестр қысқы емтиханмен қоса алғанда қаңтар айының ортасына дейін жалғасады. 2-семестр ақпан айының алғашқы аптасына басталып маусым айының соңында аяқталады.

  • Сабақтар қай тілде беріледі? Сабақ тілін өзіміз таңдауымызға бола ма?

Факультетте топтың және пәннің тіліне орай екі тілде сабақ беріледі.

  • Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға қандай көмектер бар?

Тұл жетімдер және асыраушысынан айырылған білім алушылар жатақхана төлемақысынан 100%-ға босатылады, оқу квотасын және оқу жеңілдігін беру барысында кейбір критерийлерден босатылады. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың жатақхана төлемақысын 50% төлеуге мүмкіндік беріледі.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМА

29.11.2023-30.11.2023 ж. күндері аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында Педиатр күніне орай «Большая Евразийская педиатрическая школа» болып өтті. Аталмыш Халықаралық шара барысында бірнеше ғылыми конференциялар, ғылыми семинарлар және де академиялық ұтқырлық дәрістері жоспарланған. Ғылыми семинарлар мен академиялық дәрістерге Азия бөлігінің әлемге танымал ғалымдары, Өзбекстан Республикасының Ташкент, Бұхара, Самарқанд, Термез қалаларындағы ғылыми зерттеу институттарының ғалымдары және Қазақстан Республикасынан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультетінің 4 оқытушы-профессорлар құрамы мен 2 педиатр-резиденттер қатысты. «Большая Евразийская педиатрическая школа» соңында Қазақстандық және Өзбекстандық ғалымдарға Халықаралық сертификаттар табыс етілді.

Халықаралық тағылымдамадан өткен факультетіміздің оқытушы-профессорлар құрамы:

  1. Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультетінің деканы, м.ғ.к. – Абдрахманова А.С.
  2. Педиатрия кафедрасының меңгерушісі: м.ғ.к.,доцент – Токбергенова С.М.
  3. Педиатрия кафедрасының м.ғ.к.,доцент – Калменова П.Е.
  4. ЖДП №1 кафедрасының меңгерушісі: м.ғ.к. – Кулаев К.Т.
  5. Педиатрия кафедрасының педиатр-резиденті – Садыкова Л.
  6. Педиатрия кафедрасының педиатр-резиденті — Абдукарим Л.

2022

7R01102 Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың
7R01103 Жалпы хирургия Б
7R01104 Неврология ересектердің, балалардың 
7R01105 Терапия
7R01107 Кардиология ересектердің, балалардың
7R01108 Эндокринология ересектердің, балалардың
7R01110 Гастроэнтерология ересектердің, балалардың 
7R01111 Офтальмология ересектердің, балалардың 
7R01112  Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың
7R01113 Психиатрия ересектердің, балалардың 
7R01114 Радиология 
7R01116  Клиникалық фармакология
7R01117 Физикалық медицина және реабилитация ересектердің, балалардың 
7R01118  Балалар хирургиясы 
7R01119  Оториноларингология ересектердің, балалардың
7R01120  Травматология-ортопедия ересектердің, балалардың 
7R01121  Урология және андрология ересектердің, балалардың
7R01122  Дерматовенерология ересектердің, балалардың 
7R01124  Онкология ересектердің
7R01129  Патологиялық анатомия 

33
Білім беру бағдарламасы
999
Білім алушы
70
Жұмыспен қамтылған
174
ОПҚ

Ғылыми-зерттеу жұмыстары:
Факультет оқытушы-профессорлар құрамының Халықаралық басылымдарда, Scopus және Web of Science деректер базасында, әлемдік рейтингісі жоғары ғылыми журналдарда, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынатын басылымдарда 40 ғылыми-зерттеу мақалалары жарық көрді.Факультет білім алушылары бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық және халықаралық конкурстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болды

Әлеуметтік–тәрбие жұмыстары:
Кәсіби дамуды жетілдіру, гуманистік бағытта тәрбиелеу негізінде жоғары білімді, адамгершілігі мол, жалпытүркілік рухы биік, Отанын сүйетін, иновациялық құрылымға бейім тұлға дайындау болып табылады. Факультеттің мамандық бойынша әр-бір топтатың оқу-тәрбие жұмысы бойынша жауапты эдвайзерлер тағайындалған.Тәлімгерлік жұмыстар үшін эдвайзерлердің жеке жүктемелерінде сағаттар бөлінген. Эдвайзерлер бекітілген тәрбие жұмыс жоспарлары бойынша жұмыс атқарады. «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жоладры бойынша университет жастарының бәсеке қабілетті болуына барынша жағдай жасалуда. Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе отырып әлеуметтік, қоғамдық-саяси жұмыстарды атқаруда. Жатақханаға мұқтаж қалада тұрғылықты жері жоқ  200 білім алушы жатақханаға орналастырылған. Әлеуметтік жағдайы төмен ата-анасынан айырлаған білім алушыларды жатқханаға тегін орналыстырылған.Сонымен қатар интеллектуалды клуб, жастарды патриоттық рухта, жоғары кәсібилікке, іскерлікке, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді; жастар мен жасөспірімдерді жат қылықтардан (маскүнемдік, нашақорлық,бұзақылық т.б.) сақтандыруды; салауатты өмір салтын насихаттауды; сұхбаттар, кездесулер, лекциялар, семинарлар, тренингтер және  басқа да мәдени көпшілік шаралар өткізуді, Қазақстанның рухани даму саласына үлес қосуды мақсат етеді.

Халықаралық қатынастар:
Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультетінің білім алушылары Түркия республикасының белгілі Сивас,Эге, Токат Осман Паша, Ататүрік, Нигде Омер Халис Демир университеттерінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға жіберіліп білім алуға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы бойынша «Астана медицина университеті» АҚ, Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетімен, С.Д.Асфендияров ат.Қазақ Ұлттық Медицина Университетімен, Қазақ Медициналық Үздіксіз білім беру институтымен, Қазақ-Ресей Медицина Университетімен академиялық ұтқырлық аясында мемерандумға қол қойылған. Семестр бойынша 5В130100 — Жалпы медицина  білім беру бағдарламасының интерндері  Түркия Республикасының жоғары оқу орындарында бір семестр тәжірибеден өтеді. 2023-2024 оқу жылы қабылданған 5В130100 — Жалпы медицина  білім беру бағдарламасының  білімгерлері бірлескен бағдарлама аясында білім алу кезеңінің 1 семестрін Түркияның Сивас қаласындағы Сивас университетінде оқитын болады.

Факультет жетістіктері:
Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультеті бойынша оқытылатын барлық білім беру бағдарламалары мамандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуден өтіп, Қазақстан Республикасына Жоғары кәсіптік білім беруде білім бағдарламасын арнайы аккредитациялау стандартының талаптары мен критерийлеріне сәйкес деп таңылған.  Білімгерлердің іс-тәжірибе өтетін ұлттық медициналық 50 және 4 шетелдік мекемелерімен келісім-шарттар түзілген. Факультет ОПҚ ғылыми жұмыстары Thomson Reuters, Scopus, Elsevier базасында тіркелген импакт-факторы бар ғылыми журналдарда жариялануда. Бітруші түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 75 ℅. ҰКП Атамекен рейтингісіне бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламалар қатысады, онда медициналық ЖОО арасынан 4 орында тұрмыз. Факультет мамандықтары бойынша білім алатын білімгерлер жыл сайынғы студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасының жеңімпаздары болып табылады.

Напишите свой вопрос

 

    ×