Шымкент кампусы

Жоғары  медициналық  білімінен кейінгі білім  беру   факультеті  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  15.08.2018ж. өткен  Сенатының шешіміне сәйкес жүргізілген  құрлымдық  өзгерістер нәтижесінде   бұрынғы «Дипломнан кейінгі білім беру» факультетінің  негізінде  құралды.  
Жоғары  медициналық  білімінен кейінгі білім  беру   факультетінде 15 мамандық бойынша 1408 білімгерлер бар. Факульетте 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығының  бакалавриаты, 5В130100 «Жалпы медицина» интернатурасының «Терапия», «Педиатрия», «Жалпы дәрігерлік практика», «Хирургия», «Акушерия және гинекология» мамандықтары бойынша, 5В130200-«Стоматология» интернатурасы бойынша және резидентураның 6R111500 — «Невропатология,соның ішінде балалар невропатологиясы», 6R114200-«Педиатрия», 6R114400-«Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар гинекологиясы», 6R110100-«Терапия», 6R112700– Жалпы  хирургия мамандықтары бойынша  білім беріледі.
Факультет  жоғары медициналық білімнен кейін білім  беру  бағдарламалары  бойынша, заманауи  сұраныстарға жауап бере алатын жоғарғы білікті медицина саласының мамандарды  даярлайды. Факультет кафедраладың оқу-әдістемелік, клиникалық, тәрбие  және ғылыми жұмыстарына басшылық жасайды. Білім беру бағдарламаларының, оқу жоспарларының, пәндердің жұмыс оқу бағдарламаларының әзірленуін және тәжірибеде қолдануын қадағалайды. Оқу-тәрбие үдерісінің ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік  бағытын үйлестіреді. Маман дайындаумен факультеттің 10 кафедрасының (Акушерлік-гинекология, Педиатрия, Жұқпалы аурулар және фтизиатрия, Травматология–ортопедия және онкология, № 1 Жалпы дәрігерлік практика, Неврология, психиатрия,наркология, Профилактикалық медицина және стоматологиялық пәндер, № 2 Жалпы дәрігерлік практика, Хирургия және анестезиология-реанимация, Терапия) оқытушы-профессор-құрамы айналысады. Білім алушылар үшін мамандық ерекшеліктеріне сәйкес арнайы жасақталған интерактивті дәрісханалар, электронды кітапхана, оқу залы, компьютер кабинеттері жұмыс  істейді және Шымкент қаласында орналасқан 39 медициналық мекемелер факультеттің клиникалық базалары болып табылады.
Факультетте оқытушы-профессорлар жаңа заман талабына сай мамандар даярлап, халықаралық деңгейдегі білім беру үшін медицинадағы  иновациялық технологияларды қолданып, аянбай еңбек етуде.
Жоғары  медициналық  білімінен кейінгі білім  беру  факультетінде 19 ғылым докторлары, 3 РhD доктор, 66 ғылым кандидаты өз білімдерін студенттерге, интерндерге, резиденттерге білім беруде тынымсыз еңбек етуде, (дәрежелі оқытушы-профессорлар 45%).

15
Мамандық
1408
Студент
91
Жұмыспен қамтылған
272
ОПҚ
    • ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің  ғылыми зерттелетін грантты қаржыландыру конкурсына «Совершенствование  нейрохирургической  помощи в  снижении  перинатальной  смертности от врожденных пороков  развития позвоночника и спинного  мозга» м.ғ.д., профессор  Ғ.М. Еликбаевтың гранттық  жобасы.
    • ҚР БжҒМ-нің 2015-2018 жылдарға жарияланған гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижесі бойынша «Жалпы дәрігерлік практика» кафедрасының м.ғ.д.,  профессор Түзелбаев Н.К. жетекшілігімен “ОҚО еңбекке  қаблетті  жасынан асқан халыққа біріншілік  медициналық –санитарлық  көмекті оңтайландыру ” тақырыбында ғылыми жоба орындалуда.
    • Факультет  білім алушылары бірнеше  ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық және халықаралық конкурстарына қатысып, жүлделі орындарға ие  болды.

Кәсіби дамуды жетілдіру, гуманистік бағытта тәрбиелеу негізінде жоғары білімді, адамгершілігі мол, жалпытүркілік рухы биік, Отанын сүйетін, иновациялық құрылымға бейім тұлға дайындау болып табылады.
Факультеттің  мамандық  бойынша  әр-бір  топтың  оқу-тәрбие  жұмысы  бойынша   жауапты эдвайзерлер  тағайындалған. Тәлімгерлік  жұмыстар  үшін  эдвайзерлердің жеке  жүктемелерінде  сағаттар  бөлінген. Эдвайзерлер   бекітілген тәрбие  жұмыс жоспарлары  бойынша  жұмыс  атқарады. (университеттің нормативтік-құқықтық құжаттарымен, ішкі тәртіп ережелері, курстан курсқа көшіру GPA-балы т.б.)
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты  Елбасының бағдарламасы бойынша Ұлттық сананы жаңғыртуға бағдарланған мақаланың бірінші бөлімінде берілген «бәсекеге қабілеттілік» бойынша университет жастарының бәсеке қабілетті болуына барынша жағдай жасалуда.
Шымкент  қаласының ішкі  саясат  бөлімінің «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе отырып әлеуметтік, қоғамдық-саяси  жұмыстарды атқаруда. Жатақханаға мұқтаж қалада тұрғылықты жері жоқ 305 білім алушы жатақханаға орналастырылған. Әлеуметтік  жағдайы  төмен ата-анасынан  айырлаған  білім алушыларды  жатқханаға  тегін  орналыстырылған.

Факультет білім алушылары Түркия республикасының белгілі Хажетепе, Ақдениз, Гази, Ататүрік, Йылдырым Баязит, Эржиес университеттерінде акдемиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға жіберіліп білім алуға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы бойынша «Астана медицина университеті» АҚ, Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетімен, С.Д.Асфендияров ат.Қазақ Ұлттық Медицина Университетімен, Қазақ Медициналық Үздіксіз білім беру институтымен, Қазақ-Ресей Медицина Университетімен академиялық ұтқырлық аясында мемерандумға қол қойылған.

Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, Оболенск қаласының Федеральді бюджеттік ғылыми мекемесі болып табылатын  «Қолданбалы  микробиология  және биотехнологияның»  мемлекеттік ғылыми  орталығымен мемарандум, келсім-шарттарға қол қойылған.

Факультеттің ОПҚ-на медициналық генетикадан  мастер-класс  өткізу  мақсатында АҚШ-ң Техас  штатынан «International Medical Exchange»  атты  комерциялық  емес  американдық  корпорация және Американың  ең  үздік   бестігіне  кіретін «Baylor  College  of  Medicine» атты медициналық мектебінің,  медициналық  генетика саласы  бойынша  әлемде көшбасшы  орын алатын «Baylor  Genetics-ң» қызметкері  визитинг-профессор бағдарламасы ұйымдастырылған.

Факультет  деканы м.ғ.к. А.А.Сариева Педиатрия кафедрасының  доценті м.ғ.к.  П.Е. Калменова., Жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының  оқытушысы м.ғ.к. С.А. Ташимова., Жалпы дәрігерлік практика каедрасының  профессор м.а. м.ғ.д. А.Ш.Садыкова, Хирургия және анестезиология-реанимация р  кафедрасының  меңгерушісі м.ғ.к., доцент А.З.Сатханбаев сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы  бойынша Түркия республикасының  Гази Эржиес университетінде дәріс беріп қайтты.

  • Жоғары медициналық  білімінен кейінгі білім  беру факультеті бойынша оқытылатын барлық  мамандықтары  мамандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуден өтіп, Қазақстан Республикасына  Жоғары кәсіптік білім беруде білім бағдарламасын арнайы аккредитациялау стандартының талаптары мен критерийлеріне сәйкес деп танылған.
  • Хирургия және анестезиология-реанимация р  кафедрасының  профессоры  Ғ.М. Еликбаев Қазақстан Республикасының  100 жаңа  есімдер номинациясына үміткер ретінде ұсынылды.
  • Білімгерлердің іс-тәжірибе өтетін ұлттық медициналық 10 және 6 шетелдік мекемелерімен келісім-шарттар түзілген:
  • Факультет ОПҚ  ғылыми жұмыстары  Thomson Reuters, Scopus, Elsevier базасында  тіркелген импакт-факторы бар ғылыми журналдарда  жариялануда:
  • Бір оқу  жылында факультет бойынша  80 ОПҚ университетте, 119 ОПҚ басқа ұйымдарда біліктілігін жетілдірді:

Бітіруші түлектердің  жұмысқа орналасу деңгейі 75 ℅

Напишите свой вопрос

 

    ×