Дайындық орталығы

Дайындық факультеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 06.10.1997 жылғы №1/447 бұйрығымен ашылды. Құрылған кезінен бастап Қазақстандық және Түркиялық болып Түркі дүниесінен келетін білім алушылар түрік, қазақ, орыс және ағылшын тілін курс жүйесіне қарай үйренуде. Білім алушылар, Дайындық факультетінде күз және көктем жарты жыл, 2 семестр бойынша тек қана тіл үйренеді. Дайындық факультетінде оқитын білім алушылар, топтарға бөлініп, әр топта 2 тілде білім алады. Білім алушылар, тіл үйренгеннен кейін факультеттерді таңдай отырып, өз мамандықтарын 4 тілде жалғастыра алады.

Дайындық факультетінің білім алушылары, оқу жылында 3 түрлі топқа бөлінеді. Бірінші топ Түркия квотасындағы білім алушылар (TK): бұл білім алушылар Қазақстан азаматтары, Түркия Республикасының шәкіртақысына ие. Екінші топ Түркі дүниесінен келген тыңдаушылар (TD): бұл тыңдаушылар, әр түрлі мемлекеттерден және Түркі Мемлекеттерінен келеді және Қазақстан Республикасының шәкіртақысына ие. Түркі дүниесі үшін 200 грант бөлінеді. Үшінші топ Түркия Республикасынан келген тыңдаушылар; бұл тыңдаушылар Қазақстан Республикасының шәкіртақысына ие.

Университетіміз Қазақстанның ғана емес, Орта Азия аумағының таңдаулы оқу орны ретінде күннен күнге даму үстінде. ЖОО дейінгі Дайындық факультеті тіл  үйрету білімін жетілдіре отырып, бітіруші түлектеріміз әр түрлі аумақтарда тіл үйренудің мүмкіндігімен және  өздеріне жаңа бір білімнің есігін ашу мүмкіндігін тудыртты. Біз де факультетімізде білім алушыларымыздың ен жаксы шарттарда білім алуларын жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерімізді қолдана отырып, білім алушыларымызға қолдау көрсетудеміз. ЖОО дейінгі Дайындық факультетінің орналасу жері, университетеміздің басқа факультеттерге қарағанда ерекше. Себебі, ЖОО дейінгі Дайындық факультетіне білім алуға келетін тыңдаушыларымыз отбасынан алғаш рет жырақта және өзге бір мемлекетте білім алуда. Бұл себептен де жастарымызға тыныштық пен қауіпсіз бір қоғам ұсыну кезінде оларға өмір сүру заңдылықтарын үйрету біздің ен басты қызметіміз.

Тіл үйретуде білім алушыларға ұсынылған мүмкіндіктерін дамыту, білімді ең жоғары деңгейде беру, университеттің жетістіктері арасында бастапқы қатарда орын алу, қателіктерімізді түзету, университетімізді таңдаулы білім ордасы ретінде қалыптастыру, академиялық қызметімізді қадағалай отырып, өз-өзін дамытып, динамикалық бір құрылымға айналдыру, мемлекетімізді Қазақстан аумағында ең жоғарғы деңгейде ұсына білу. Мақсатымыз; қоғамдық құндылықдарды құрметтеу, жауапкершілік иесі, өзіне деген сенімділік жоғары, ақылды, көзі ашық, көкірегі ояу жастар және алған білімімен университетімізді дүниенің ерекше аумақтарында ұсынатын жастар тәрбиелеу.

Сыйластық негізіндегі өзара қарым-қатынас,

Ұрыс-жанжалдан өзін аулақ ұстау,

Ұйымшылдық; кәсіптілік; тәлімгерлік;

Жауапкершілікті мойына алу,

Турашылдық, сенімділік және жауапкершіліктің мәнісін ұғу.

Жемкорлықты жою,

Адамдарды кемсітетін жағдаяттардан аулақ болу (этникалық түбір, дінді насихаттау, нәсілшілдік),

Өзге аумақтардан келетін білім алушылардың мәдениеті, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне құрмет көрсету,

Оқу үдерісін қолдау,

Білім  алушылардың білім тәртібі және тұлға ретінде дамуын қалыптасуы үшін еңбек ету.

17
Мемлекет
644
Білім алушы
72
ОПҚ

Факультетіміздің оқытушы-профессор құрамы индикативтік жоспарын бекітіп, жоспар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Дайындық факультетінде білім алушыларға түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Атап айтар болсақ, Атамекен, Қарашаңырақ, Қазақша үйренейік, Turkish club, English club үйірмелері білім алушылардың танымдық қабілеттерін арттыруға, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баулиды, үйретеді.
Университетімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін оқытушылар мен студенттер спартакиядасына оқытушы-профессор құрамы мен білім алушыларымыз белсенді түрде қатысып, жүлделі орындардан көрінуде.

Дайындық факультетіне жыл сайын түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтардан тыңдаушылар келіп білім алуда. Балтық елдері, Ресей Федерациясына кіретін Түркі тілдес Республикалар, Моңғолия, ҚХР, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Ауғанстандағы ұлттық орталықтар арқылы байланыс жасап, кәсіби бағдар жұмыстары жүргізіледі.

Университетімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін оқытушылар мен студенттер спартакиядасына оқытушы-профессор құрамы мен білім алушыларымыз белсенді түрде қатысып, жүлделі орындардан көрінуде.

2017-2018 оқу жылы ұйымдастырылған спартакиядада оқытушы-профессор құрамы жүлделі екінші орынға ие болды.

Түрік тілі кафедрасының оқытушылары А.Бегділла, Ж.Ералиев және Н.Ирисбекова Юнус Эмре институтының емтиханын тапсырып, С1 сертификатын алды.

Ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары Қ.Ағайдарова, З.Мухамедвалиева және А.Орманов 2016 жылы IELTS (Academic) емтиханын тапсырып, сертификатын алды.

2022-2023 Оқу жылы

2022-2023 оқу жылында Дайындық орталығында ТК (Түркия квотасы) 267, ТД (Түрік дүниесі) 149, ТР (Түркия) 39 тыңдаушы жалпы саны 455 тыңдаушыға білім беруде. Сонымен қатар, Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ Өзбекстан, Иран және Қытайдан 42 тыңдаушы блім алып, ҰБТ-ға дайындалуда.

Напишите свой вопрос

 

    ×