Спорт және өнер  факультеті

Спорт және өнер  факультеті 2001 жылы негізі қаланған университеттің спорт және өнер арқылы беделін арттыруға үлес қосып жатқан факультеттің бірі. Қазіргі таңда факультет құрамында  4 кафедра, 15 мамандық  бойынша  мамандар    дайындап,   қазіргі  таңдағы  заманауи талаптарға  сай, қызмет атқарады.

Қалыптасқан алғашқы жылдардан-ақ «Спорт және өнер » факультеті профессор-оқытушылар құрамы деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленіп келеді. Факультетте  ҚР халық әртісі Қажыбек Бекбосын, ҚР халық әртісі Рахима Жұбатырова, ҚР спорт қайраткерлері мен 79 оқытушы-профессорлар  құрамы  қызмет   етуде. Спорт және өнер  факультеті түлектері Республикамыздың түпкір-түпкірінде әртүрлі қызмет ету салаларында қызмет атқаруда. Атап айтқанда: еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, Азия – 2018 ойындарының жеңімпазы Дидар Хамза, Бағлан Ибрагимов, Қазақ фильм киностудиясының актері Ержан Нұрымбет, әнші  сазгерлер Алтынай Жорабаева, Нұржан Қалжан, «Алдараспан» театрының директоры Нұржан Төлендиев, және көптеген мамандар табысты еңбек етуде. Бүгінгі күні  Спорт және өнер  факультеті — Қазақстан Республикасының спорттық және мәдени ағарту саласына қажетті жоғары дәрежелі мамандар даялайтын ірі ғылыми-білім орталығы болып саналады.

Қызметкерлдің аты-жөніҚызметіТел/Вацап номеріЭлектронды почтасы
1.Абусейтов Бегахмет ЗайнидиновичДекан87085851449begakhmet.abuseitov@ayu.edu.kz
2.Ельжанов Дархан НуржановичСпорт және өнер факультетінің декан орынбасары87016585272darxan.eljanov@ayu.edu.kz
3.Мамбетаев Ермек БахытжановичСпорт және өнер факультетінің декан орынбасары87053478332ermek.mambetaev@ayu.edu.kz
4.Ерназарова Айсулу АлиевнаФакультет әдіскері87016676563aisulu.ernazarova@ayu.edu.kz
5.Ботақараев Алимбай ТугелбаевичОрындаушылық өнер кафедрасының меңгерушісі87017032300alimbai.botakaraev@ayu.edu.kz
6.Ақназаров Серік БаянкуловичДене мәдениеті кафедрасының меңгерушісі87715695844serik.aknazarov@ayu.edu.kz
7.Сейдахметов Ермек ЕргешовичДене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі87073546254ermek.seidakhmetov@ayu.edu.kz
8.Шаханбаев Мұрат НұрмағанбетовичБейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі87056936761murat.shakhanbayev@ayu.edu.kz
11
Білім беру бағдарламасы
988
Студент
80
Жұмыспен қамтылған
87
ОПҚ

Факультетте ғылым саласы бойынша жүргізілетін жұмыстардың бағыттар айқындалып ҚР ҰҒТА  тіркеліп, осы бағыттарда ОПҚ ғылыми жұмыстары жүргізуде негізгі 2 тақырып белгіленіп, олар :

1.Бейнелеу өнері және Орындаушылық өнері кафедраларының  ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық бағыттары «Рухани жаңғыру аясындағы түркі қолөнерінің    сабақтастығы: өнертану мен этнопедагогика мәселелеріндегі теориялық-әдіснамалық байланыстарды көрсету» ғылыми бағыт бойынша зерттеулер жүргізіп келеді.

2.Дене мәдениеті және Дене тәрбиесі кафедраларының  ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық бағыттары «ЖОО-да сауықтырудың инновациялық әдістерін зерттеу және оларды дене мәдениеті сабақтарында қолдану» ғылыми бағыт бойынша зерттеулер жүргізіп келеді.

Факультетте студенттердің түрлі бағыттағы клубтары жұмыс істейді. «Сұңқар» клубы студенттерді елін, жерін сүюге, патриорттық сезімдерін қалыптастыру үшін жұмыстар атқаруда.

«Тенгри» үйірмесі студенттердің шығармащылық бағыттарын шыңдау үшін түрлі киім үлгілерін сән әлеміне жетелейтін бағыт беріліп жұмыс жасауда. Студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында факультетте  түрлі спорттық секция жұмыс істейді. Оларға дзюдо (ерлер, қыздар), қазақша күрес, самбо, еркін күрес, баскетбол (ерлер, қыздар), таэквандо, бокс, гимнастика, тоғызқұмалақ, волейбол секілді спорт секциялары мен тренажер залы, жүзу бассейні үздіксіз қызмет етуде. Олармен 5 аға бапкер, оның ішінде екеуі ҚР ЕСЖ,  4  бапкер  және 3 спорт нұсқаушылары жаттығу жұмыстарын жүргізеді.

«Театр» үйірмесі студенттерден құралып, арнайы спьектальдер дайындалып үлкен сахналарға қойылымдарын қояды.

Қазіргі таңда студенттеріміз жыл сайын студенттеріміз Мевлана бағдарламасының академиялық ауысу бойынша Түркия Республикасының  Гази, Хажеттепе, Акдениз университеттерінде бір семестр көлемінде білім алуда. Факультет студенттері мен түлектері ЖОО-ның мәртебесіне және халықаралық келісім шарттарға сәйкес бакалавриатта, магистратурада және докторантурада Түркияның алдыңғы қатардағы университеттерінде өз білімін жалғастыруда.

Дене мәдениеті кафедрасының оқытушыларының еңбегінің арқасында спорт саласында студенттеріміз топ жаруда. 2018 жылғы Азия ойындарының чемпиондары Бағлан Ибрагимов , Дидар Хамзаның чемпион болуда. Спортшыларымыз Әлем чемпионы 4, Азия чемпиондары 3, ҚР Чемпионы 15, ҚР Спорт шебері 35, ҚР Чемпионының жүлдегерлері 10 аса студенттеріміз топ жаруда.

Бейнелеу өнері кафедрасы 2018-2019 оқу жылында Нұр-Сұлтан қаласында өткен 100 үздік оқытушы конкурсында аға оқытушы У.Нұрланова БжҒМ-нің алғыс хатымен және төсбелгімен марапатталды. 2018-2019 оқу жылында «AYU Leaders» клубы және «Jas Otan»  ЖҚ ұйымдастырылуымен «AYU Fashin show 2019» атты  Қол өнер байқауында  кафедраның   ART командасы  «Ең үздік қол өнер» иегері атанды.  2019 жылы п.ғ.к. Е.Б.Ауелбеков қауымдастырылған профессор атағына ие болды. 2022-2023 оқы жылында Түркия Республикасында Phd бойынша 2 түлегіміз бітіріп, кафедра студенттеріне дәрістер беруде.

Орындаушылық өнері кафедрасы 2018 жылы ҚР Білім және Ғылым министірлігінің Мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен  Сейтметов Айткүл Мүбаракқызы марапатталды. Салалық мәдениет спорт және ақпарат қызметкерлерінің одағының Еңбек даңқы төсбелгісімен Исатаев Ержан Ибадуллаұлы марапатталды. Театр өнерінің мамандығының студенттері пәндік олимпиадаларында 2021-2022 оқы жылдарында топ жарып 1 орын, 2-орындарды және үздік орындаушы деген номинацияларды жеңіп келуде.

Напишите свой вопрос

 

    ×