Теология факультеті

Теология факультеті 6В02228-Дінтану, 6В01683 — Дінтану, 6В02229 — Теология, 6В02266 — Исламтану білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті мамандар даярлайтын аймақтағы негізгі орталық болып табылады. Факультетте мамандарды даярлау екі сатылы жүйе бойынша жүзеге асырылып келеді: бакалавриат, магистратура. Оқу үдерісі барысында шет тілдерін меңгеруге, сапалы білім беруге, өзге ұйымдармен тығыз байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінген. Факультет түлектері ғылым мен білім саласында, әкімшілік-мәдени жұмыста, ішкі істер жүйесінде, ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметі мен діни сараптамалық бағыттарда үлкен сұранысқа ие. Факультет түлектері арасынан республикаға танымал тұлғалар бар. Аймақтың саяси, қоғамдық, ғылыми, діни салаларында қайраткерлерлік көрсетіп жүрген факультет түлектері ел дамуына орасан зор үлес қосуда. Факультетте мамандарды дайындау 6В2228-Дінтану және 6В02229-Теология, 6В02266-Исламтану салалары бойынша іргелі білім бағдарламаларына негізделген. Бүгінгі таңда факультетте 269 білім алушы бакалавриат білім бағдарламасы негізінде, 22 білім алушы магистратура білім бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Оқыту қазақ, түрік, араб, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Факультетте 6 білім беру бағдарламасы бойынша 291 білімгер білім алуда. Оның ішінде Түркия, Өзбекстан елдерінен келген шетелдік білімгерлер бар. Факультетіміздің білім алушыларына  Түркиялық ғалымдар, әлемдік деңгейдегі алыс-жақын шетелдік оқытушы-профессорлар дәріс береді. Қазіргі таңда факультетте 1 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаты, 11 PhD доктор, 10 магистр оқытушы дәріс беруде. Факультетте маман дайындаумен Дінтану және Теология кафедралары айналысады.

 

 

Студенттерге қажетті мәліметтер

Аты-жөніҚызметіДәрежесіЗуумҚабылдау  телефоны корпоративті почтасы
1Кенжетаев ДосайДеканФилос.ғ.д., профессорИдентификатор: 8529349712

Пароль: 7AyT2f

dossay.kenzhetay@ ayu.edu.kz

 

2Қыпшақбаев НұрперзентОқу-әдістемелік ісі жөніндегі декан орынбасарыМагистрИдентификатор: 870 924 9686

Пароль: 24NwJG

nurperzent.kypshakbayev@ayu.edu.kz

8 (72533) 6-36-36 (19-76)

 

3Сайфунов БауыржанҒылым және тәрбие жөніндегі декан орынбасарыPhD докторИдентификатор конференции: 582 491 3183

Пароль: KR3mV4

bauyrzhan.saifunov@ ayu.edu.kz

8 (72533) 6-36-36 (19-76)

 

4Нурматов ЖахангирТеология кафедрасының меңгерушісіPhD докторИдентификатор: 946 401 6577

Пароль:2021

zhakhangir.nurmatov@ ayu.edu.kz

8 (72533) 6-36-36 (11-39)

 

 

5Шауенов ДидарДінтану каедрасының меңгерушісіPhD докторИдентификатор:213 135 9747

Пароль: 123345

didar.shauyenov@ ayu.edu.kz

8 (72533) 6-36-36 (19-92)

 

6Букенова ЖауһарФакультет әдіскеріӘдіскерИдентификатор: 846 401 9856

Пароль:2021

zhaukhar.bukenova@ ayu.edu.kz

8 (72533) 6-36-36 (11-21)

 

 

7Боранбаева ДинараФакультет хатшысыХатшыИдентификатор: 8493185160

 

dinara.boranbay@ ayu.edu.kz

8 (72533) 6-36-36 (11-21)

 

6
Білім беру бағдарламасы
273
Білімгер
70
Жұмыспен қамтылған
25
ОПҚ

Факультет оқытушы-профессорлар құрамының Халықаралық басылымдарда, Scopus және Web of Science деректер базасында, әлемдік рейтингісі жоғары ғылыми журналдарда, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынатын басылымдарда 54 ғылыми-зерттеу мақалалары жарық көрді.
2022 жылы Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Естайұлы Шүкеевтің қолдауымен факультет оқытушы-профессорларының жылдар бойғы еңбектерінің жемісі «Иасауи Антологиясы» сериясымен 9 томдық кітап болып жарыққа шықты. Халқымыздың бұл тарихи құнды жәдігерлері қазақ тілінде оқырмандарға тұңғыш рет жол тартты. Бұл антологиялық жинақта «Жауахир-ул-Абрармин Әмуәжил-Бихар» Теңіз толқындарындағы ізгіліктің жауһарлары (Сұлтан Ахмет бин Махмұд Хазини әл-Хисари), «Рашахат айн әл-хаят»  Тіршілік көзінің сыр тамшылары (Мәулана Әли ибн Хусейн), «Тариқат әдебі туралы Рисала» (Құл Қожа Ахмет Иасауи), «Пақырнама» (Құл Қожа Ахмет Иасауи), «Диуани Хикмет» (Құл Қожа Ахмет Иасауи), «Бустан ул-Мухиббин» (Шайх Худайдад Таш-Мұхаммад әл-Бухари),«Хужжат уз-Закирин ли-раддил мункирин» (Мәулана Мұхаммед Шәриф), «Жүректің айнасы» (Құл Қожа Ахмет Иасауи),  «Хадиқат ул-Арифин» (Исхақ ибн Исмаил Ата әл-Қазығұрти) және «Иасауи жолының тарихы» атты құнды жәдігерлердің аудармалары, транскрипциясы һәм ғылыми сипаттамалары факультеттің оқытушы-профессорлары тарапынан жасалып ғылыми айналымға енгізілді.
Факультетте Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің дінтану кафедрасы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дінтану кафедрасымен, Түркология ғылыми зерттеу институтымен ғылыми жұмыстар бойынша интеграциялану келісім-шарты жасалған. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің дінтану кафедрасымен «Орталық Азиядағы діни рухани үдерістер және оның түрік халықтарының тарихи тағдырына ықпалы» тақырыбында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дінтану кафедрасымен «Қоғамда және тұлға бойында экстремизммен радикализмге қарсы діни сананы қалыптастыру» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Дінтану кафедрасының доценті, ғылым докторы (PhD) Абдрасилов Тұрғанбайдың жетекшілігімен «Түркі ғалымдарының әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты жалпы соммасы 12 млн тенгені құрайтын ғылыми жоба орындалуда.
2021-2022 оқу жылында ғылым докторы (PhD), доцент Абдрасилов Тұрғанбай ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы-2021» мемлекеттік байқауының жеңімпазы атанды.
2021 жылдың қыркүйек айынан бері факультет ғалымдары Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығымен бірлесе отырып, Халықаралық және Республикалық деңгейдегі дөңгелек үстелдерге жүйелі түрде баяндамашы ретінде қатысып келеді.
Теология факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының тапсырысы негізінде Ислам энциклопедиясын құрастыруға белсенді атсалысуда.
2022-2023 оқу жылының басынан бастап  Теология және филосософия ғылымдарының докторы, профессор Кенжетаев Досай Тұрсынбайұлының авторлығында Түркістан телеарнасынан «Ясауи әлемі» ғылыми-танымдық бағдарламасы көрерменге жол тартты. Аталмыш телебағдарламаға қатысушы факультеттің ғалымдары әр апта сайын Қазақстан халқына төл мәдениетіміздің мәйегі — Ясауи ілімінің рухани қыр-сырларын ғылыми тұрғыда түсіндіріп, бәсі биік ұлттық құндылықтарымызды паш етуде талмай еңбек етіп келеді.

Теология факультетінде белсенді студенттер тарапынан құрылған «Ренессанс» интеллектуалды жастар клубы жұмыс істейді. «Ренессанс»интеллектуалды жастар клубықызметінің мәніуниверситет абыройын көтеруге атсалысу; халықаралық ынтымақтастықты нығайту; еліміздегі тыныштықтың мызғымастай берік болуына, қазақ халқының және Қазақстанды мекендеген өзге ұлт өкілдерінің ауызбіршілігін, ынтымағының, бауырмалдығының арта түсуіне ат салысу; жастардың кәсіби деңгейін көтеру мақсатында ғылыми көпшілік шаралар ұйымдастыру; жастарда азаматтық, елдік сана қалыптастыру; қайырымдылық іс-шаралар өткізу; әлеуметтік жағдайы төмен білім алушыларға қайырымдылық көмек көрсету; қазақ халқының мәдени мұраларын (тіл, әдебиет, тарих, өнер, салт-дәстүр, имандылық) насихаттау; тарихи-мәдени орындарға жастардың танымдық саяхаттарын ұйымдастыру.Сонымен қатаринтеллектуалды клуб, жастарды патриоттық рухта, жоғары кәсібилікке, іскерлікке, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді; жастар мен жасөспірімдерді жат қылықтардан (маскүнемдік, нашақорлық,бұзақылық т.б.) сақтандыруды; салауатты өмір салтын насихаттауды; сұхбаттар, кездесулер, лекциялар, семинарлар, тренингтер және  басқа да мәдени көпшілік шаралар өткізуді, Қазақстанның рухани даму саласына үлес қосудымақсат етеді.

Теология факультеті Түркия Республикасының Ататүрік, Гази және Эрджиес университеттерімен әріптестік орнатқан. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер алмасуы жоғары деңгейде дамып келеді. Жазғы демалыс айларында 6В02228 — Дінтану және 6В02229-Теология білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары Түркия Республикасының жоғары оқу орындарында бір айлық тәжірибеден өтеді. 2022-2023 оқу жылы қабылданған 6В02266-Исламтану білім беру бағдарламасының  білімгерлері бірлескен бағдарлама аясында білім алу кезеңінің 3 курсын Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Мармара университетінде оқитын болады.

Факультет мамандықтары бойынша білім алатын білімгерлер жыл сайынғы студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасының жеңімпаздары болып табылады. 2021-2022 оқу жылында студенттердің  6В02228 – дінтану мамандығы топтық кезеңде 3-орын иеленсе, жекелей білім сайысы кезеңінің нәтижесі бойынша 2-ші жүлделі орынды иеленді. 2021-2022 оқу жылында 2 озат студент, 3 озат магистрант Түркия Республикасының ЖОО-да бір академиялық кезең бойынша білім алып қайтты. Бүгінгі күнге дейін факультетімізде 26 шетелдік оқытушы-профессор білімгерлерге дәріс беріп, білім нәрімен сусындандырды. 2022-2023 оқу жылында факультет білімгерлеріне Түркиялық 5 оқытушы-профессор дәріс жүргізуде.

Напишите свой вопрос

 

    ×