Стоматология факультеті


2013 жылы қыркүйек айының 1-ші жұлдызында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сенаты шешімі негізінде медицина факультетінің құрамында «Стоматология» кафедрасы ашылды. Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к., доцент м.а., жоғарғы санатты дәрігер-стоматолог  Мұхтар Әмзебекұлы Искендиров тағайындалды.
12.11.2016 жылғы Өкілетті Кеңестің 53-ші мәжілісінде Университет Сенатының 29.08.2016ж. 1-ші мәжілісінде қабылданған шешімдер талқыланып, нәтижесінде 2017-2018 оқу жылынан бастап университетте Стоматология факультетін ашуға шешім қабылданды.
2017жылдың 1-ші сәуірінде факультет деканы болып профессор Юксел Түркөз тағайындалды. 2019-2020 оқу жылынан бастап факультет деканы болып Керем Энгин Акпынар тағайындалды.
2018-2019 оқу жылына дейін  265 түлектер бітірді.
Факультетіміз туралы
Факультетімізде Стоматология мамандығы бакалавриат деңгейінде 5 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі, бітірген студенттер интернатураны дипломнан кейінгі білім беру факультетінде жалғастырады.
Білім беру бағдарламалары Болон үдерісіне сай жұмыс берушілердің және заман талабына сай жаңарту жұмыстары үнемі жүргізіліп отырылады.
Факультеттің ерекшелігі – 2017-2018 оқу жылы қабылданған білімгерлер үшін Болон үдерісі және Түркия мемлекетінің медициналық жоғары оқу орындарымен сәйкестендіре отырып білім беру бағдарламасы дайындалуына байланысты, 1-ші курсқа қабылданған білімгерлер келесі оқу курстарында Түркияның кез-келген медициналық ЖОО-да сыртқы академиялық мобильділік алмасу бағдарламасы негізінде білім ала алатын мүмкіндікке ие болды. Бұл оқу жылында 1 және 2 курстар осы білім беру бағдарламаға сай білім алуда. Факультетімізде студенттер теориялық алған білімдерін науқаста қолдану мүмкіндігі және қарап үйрену,  білімдерін арттыруы мақсатымен стоматология клиникасы, студенттеріміз клиникаға дейін дайындық мақсатында муляж мен манекендерде  тәжірибелік дағдыларды жасап үйренулері үшін құрылған фантом және протез-техник лабораториялары бар.
Факультет жоғары курс студенттері үшін университетіміздің 110 орындық клиника–диагностикалық орталығында, Түркістан медицина колледжінде, ЖШС «Сара» тіс емханасында, Түркістан қалалық «Эмаль» тіс емханасында, «Ырыс-дент» клиникасында,  «Алтын тіс» клиникасында  практикалық дәрістер өткізіледі.
Факультетімізде қазақ, түрік, орыс,  ағылшын тілдерінде сабақ жүргізіледі, қажеттік туындаған кезінде аудармалар жасалынады.
Факультетіміз студенттері Университет қалашығында жатақхана, асхана, кітапхана, мәдениет орталығы, кафетерия және спорт алаңдары сияқты жерлерді пайдалана алады. Мәдениет орталығы студенттерімізге өз мәдени құндылықтарымен қатар бауырлас мемлекеттерден келген студенттерге көрсету және олардың да мәдени құндылықтарын көруге мүмкіншіліктері бар. Мұндай жағдай әлемде санаулы университеттердің ғана студенттеріне көрсете алатын ерекше мүмкіншілігі.
Факультетіміздің іс-шараларына қатысатын  студенттер үшін  жыл бойы концерт, көрме, көрме, саяхат және конференция сияқты әр-түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылуда.
Университетіміз жалпы 2309 орынды жатақханаға ие, оның ішінде  стоматология факультеті студенттері үшін 436 орын бөлінген және 10 студентімізге ақысыз тұру мүмкінділігі берілген.
Жалпы студенттердің түскі және кешкі тамақтарын университетіміз қалашығындағы 5 дана асханада ұйымдастырылылады. Сонымен қатар студенттердің басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз ететін бірнеше супермаркеттер бар.
16.06.2017 күнгі №6 Университет Сенат мәжілісінің шешімі бойынша:

Факультетімізде
Терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасы
Хирургиялық және балалар жасындағы стоматологиясы кафедрасы
Адам патологиясы кафедрасы
Зертханалық пәндер кафедрасы
— 4 негізгі кафедра бар.
Факультетімізде 5 профессор, 5 доцент, 7 доцент м.а., 36 оқытушы тарапынан оқу-әдістемелік, ғылыми жұмыстар жүргізілуде.

Құрылымдық бөлімдерҚызметкерлдердің Аты — жөніҚызметіZoom немесе Google meet

сілтемесі

Whatsap —

бы бар нөмері

Қала телефон (ішкі нөмері)Корпоративті почтасы (ayu.edu.kz
1Стоматология факультетіХасан ГундогарФакультет деканыИдентификатор конференции: 259 615 89 01 Код доступа: Fq8Ben+ 90 505 279 30 806-36-36 (153)gundogar.hasan@ayu.edu.kz
2Стоматология факультетіТатыкаева Угилжан БурхановнаОқу ісі жөніндегі декан орынбасарыИдентификатор конференции: 595 152 91 55 Код доступа: zQ0y5y+7702 614 17016-36-36 (467)ugilzhan.tatykayeva@ayu.edu.kz
3Стоматология факультетіНұрдинов Нұрсұлтан Сейсенбайұлы

 

 

Ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарыИдентификатор конференции: 315 315 7695 Код доступа: Lv5EHg+7705 378 78 916-36-36 (283)nursultan.nurdinov@ayu.edu.kz
4Адам патологиясы кафедрасыЖуманазаров Назарбек АбдуназаровичКафедра меңгерушісіИдентификатор конференции: 854 337 7956 Код доступа: 492656+7778 535 72 586-36-36 (278)zhumanazarov.nazarbek@ayu.edu.kz
5Зертханалық пәндер кафедрасыАйболова Гулнар КурбантаевнаКафедра меңгерушісіИдентификатор конференции: 867 137 1214 Код доступа: 849703+7747 315 64 326-36-36 (1414)gulnar.aibolova@ayu.edu.kz
6Терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасыИскендиров Мұхтар ӘмзебекұлыКафедра меңгерушісіИдентификатор конференции: 5125942020 Код доступа: 4ThAfb+7701 447 39 256-36-36 (118)muhtar.iskendirov@ayu.edu.kz
7Хирургиялық және балалар жасындағы стоматология кафедрасыТемуров Фазладин ТурабаевичКафедра меңгерушісіИдентификатор конференции: 980 445 0019 Код доступа: A1+702 783 12336-36-36 (158)fazladin.temurov@ayu.edu.kz
1
Мамандық
614
Студент
68
Жұмыспен қамтылған
70
ОПҚ
Напишите свой вопрос

 

    ×