Филология факультеті

             Қожа Ахмет Ясауи университетінің  білім ошақтарының бірі  — Филология факультеті. Факультет тіл мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыра отырып,  оқу жоспарларының және пәндердің жұмыс оқу бағдарламаларының әзірленуі мен тәжірибеде қолданылуын қадағалайды. Сонымен қатар маман дайындау сапасының құзіретін қалыптастырады.  Факультеттің құрамына енетін кафедралардың оқу, тәрбие және ғылыми жұмыстарына басшылық жасайды. Оқу-тәрбие үдерісінің ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік бағытын үйлестіреді. Құрылымның Даму стратегиясын әзірлеп, жұмыс берушілермен байланыстар орнатады. Мамандар дайындау бағыттары бойынша білім беру қызметінің нарығын зерделейді. Факультеттің негізгі мақсаты — барлық түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтардан келген жастарды достық пен бауырмашылдыққа баулумен қатар қазақ, түрік, орыс, ағылшын, қытай тілдерін терең меңгеруіне жағдай жасап, болашақ мамандарын әзірлеуде сапалы қызмет ету болып табылады.

Филология факультетінде 6 кафедра бар:  Қазақ филологиясы кафедрасы, Түрік филологиясы кафедрасы, Ағылшын филологиясы және аударма ісі кафедрасы, Педагогикалық шетел тілдері кафедрасы, Орыс тілі және әдебиеті кафедрасы және Жалпыакадемиялық ағылшын тілі кафедрасы,. Соның ішінде Жалпыакадемиялық ағылшын тілі кафедрасынан  өзге 5 кафедра мамандық даярлайды.  Факультетте 3 профессор, 32 ғылым кандидаты, 3  қауымдастырылған  профессор, 20 РhD аға оқытушы, 12 доцент, 25 аға оқытушы, 45 магистр оқытушылар еңбек етіп келеді. Факультеттің ғылыми дәрежелік көрсеткіші – 40%.

6B02332 Шетел филологиясы ағылшын тілі БББ
6B02335 Аударма ісі ағылшын тілі БББ 
7M02313-ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ БББ  
6В01716 Қазақ тілі мен әдебиеті БББ
6В02336 Филология қазақ филологиясы БББ 
7M01737 — Қазақ тілі мен әдебиеті БББ 
7M02315 — Филология БББ 
8D01705 — Қазақ тілі мен әдебиеті
6В01717 Орыс тілі мен әдебиеті БББ
6В01764 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті БББ 
7M01738 — Орыс тілі мен әдебиеті БББ  
6В01719 Шетел тілі екі шетел тілі ағылшын түрік
7M01708 Шетел тілі екі шетел тілі
6B02333 Шетел филологиясы түрік тіл
6В02267 Түркітану
7М02314-Шетел филологиясы(түрік тілі)
7М02313–ЭПК Шетел филологиясы ағылшын тілі
7М01738 — ЭПК Орыс тілі мен әдебиеті
7М01737-ЭПК Қазақ тілі мен әдебиеті
7M01708 ЭК Шетел тілі екі шетел тілі (ағылшын және түрік тілдері)
6В02336-ЭПК Филология қазақ филологиясы
6В02335 –ЭПК Аударма ісі ағылшын тілі
6В02332 – ЭПК  Шетел филологиясы ағылшын тілі.
6В01764 – ЭПК Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
6В01719 ЭК Шетел тілі екі шетел тілі (ағылшын және түрік тілдері)
6В01718 ЭК Шетел тілі екі шетел тілі (ағылшын және қытай тілдері)
6В01717 – ЭПК Орыс тілі мен әдебиеті
6В01716 -ЭПК Қазақ тілі мен әдебиеті
6В02267 – ЭПК Түркітану. электив. каталог
7М02212-ЭПК Түркітану
6В02333 – ЭПК Шетел филологиясы түрік тілі
7М02314-ЭПК Шетел филологиясы (түрік тілі)

 

 

ОПҚ-ның аты-жөні

 

Кафедрасы

 

Телефон номері

 

Whatsup номері

ZOOM

идентификат орномері

 

E-mail

1.Абдулкадир ӨзтүркТүрік филологиясы87789151802+905334358252885 098 64 94ozturk.abdulkadir@ayu.edu.kz
2.Сүйінжанова Жанар КиікбайқызыҚазақ

филологиясы

87776034055

87015676184

87776034055684 394 3328zhanar.suinzhanova@ayu.edu.kz
3.Алашбаев Ерлан ЖорабекұлыТүрік филологиясы 

87713483879

87713483879722 365 26 71yerlan.alashbayev@ayu.edu.kz
4. 

Утебеков Сенбек Бейсенбекұлы

 

Түрік филологиясы8705916959487059169594     638 321 96 23 

senbek.utebekov@ayu.edu.kz

 

5.Бейсембаева Салтанат БайгазыновнаОрыс тілі мен әдебиеті87088238405

87025090916

87025090916285 413 9273saltanat.beysembayeva@ayu.edu.kz
6.Сейтова Меруерт ЕргешхожаевнаПедагогикалық шетел   тілдері8701463209987014632099556 722 4056meruyert.seitova@ayu.edu.kz
7.Жылқыбай Гүлімжан ҚызметқызыҚазақ

филологиясы

8775632311587756323115280 820 1257 

gulimzhan.zhylkybay@ayu.edu.kz

8.Адиева Пакизат МинаваровнаҚазақ

филологиясы

87781659956

87058552107

87058552107591 933 3621 

pakizat.adiyeva@ayu.edu.kz

 

9.

 

Ермекбаева Айсулу Шериевна

Ағылшын

филологиясы және аударма ісі

 

87054838683

 

87054838683

 

689 081 1756

 

aisulu.ermekbayeva@ayu.edu.kz

10.Жанатаев Қазақбай АбдуалиевичЖалпыакадемиялық ағылшын тілі8701567805687015678056793 817 8900kazakbay.zhanataev@ayu.edu.kz
11.Кенан СемизТүрік филологиясы8778706245687787062456891 662 5049kenan.semiz@ayu.edu.kz
11
Мамандық
1492
Студент
83
Жұмыспен қамтылған
126
ОПҚ

PhD, доцент Г.Ризаходжаева 2022 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. 25.05.2022 — 01.04.2023 аралығында Мичиган Мемлекеттік университетінде (АҚШ) ғылыми тағылымдамадан өтуде.

2022-2023 оқу жылында университетімізде ұйымдастырылған ХХХІ студенттік Ғылыми-теориялық конференцияда кафедраның Орыс тілі және әдебиеті секция нәтижелері бойынша СҒЗЖ конкурсына 49 жұмыс келіп түсті ( 56 білімгер, 19 ғылыми жетекші)

2022-2023 оқу жылының күзгі семестрінде Студенттердің кезекті ХХХI ғылыми-теориялық конференцияcының «Ағылшын  тілі»  секциясында студенттер баяндамасын тыңдау 24.11.2022 жылы ұйымдастырылды. Жалпыакадемиялық ағышын тілі кафедрасының оқытушылары ғылыми жетекшілік жасаған жұмыстар қарастырылды., «Ағылшын тілі»  секциясы бойынша 16 баяндама тыңдалды

21.11.2022-06.12.2022 ж. білім алушылардың ХХХІ -ші ғылыим-теориялық конференциясы өтті.Студенттер өз баяндамаларын жоғары дәрежеде қорғап шықты.

2022 жылы 8 желтоқсанда Түркістан халықаралық әуежайы басшылығының Ағылшын филологиясы және аударма ісі кафедрасының студенттерімен кездесуі өтті. Студенттердің Түркістан халықаралық әуежайында өндірістік тәжірибеден өтуі туралы мәселе қаралды. Ең маңызды жаңалық-Ясауи университеті мен әуежай арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Филология факультеті ОПҚ-ы әр оқу жылында халықаралық және республика көлеміндегі ғылыми конференцияларға қатысып, Scopus базасына енетін журналдарда, ККСОН ұсынған басылымдарда ғылыми мақалалар жариялап отырады. Факультеттің аясында Жас ғалымдар кеңесі қызметін атқарады, ғылыми ізденіске әр кафедранының жас мамандары тартылады.

Оқытушылар бекітілген бағыттар аясында ғылымның заманауи жетістіктері бойынша ғылыми семинарларда баяндамалар жасайды. Оқытушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын жасауы үшін Scopus және Google Scholar сайттарында профильдері бар.

2-3 ақпан 2024 ж. күндері Өзбекстан Республикасының астанасы — Ташкент қаласында Халықаралық Ислам Академиясында «АДАМДЫҚ БАУЫРЛАСТЫҚ ПЕН ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФАКТОРЫ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Халықаралық ғылыми шараға Халықаралық Ислам Академиясының шақыртуымен  Италия, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Қазақстан және Өзбекстан мемлекеттерінің ғалымдары қатысты. Аталған конференцияға университетіміздің Филология факультетінің аға оқытушылары: Рысбекова Ләззат, Қыздарбекова Мөлдір қатысты. Теология факультетінен факультеттің ғылым жөніндегі декан орынбасары — аға оқытушы, PhD Сайфунов Бауыржан, Дінтану кафедрасының меңгерушісі — аға оқытушы, PhD Камалова Фэриде қатысты. Конференцияға қатысушы ЮНЕСКО-ның, Бүкіләлемдік Мұсылмандар қауымдастығының, Рим Католик шіркеуі өкілдерінің баяннамалары негізінен «бауырластық һәм тыныштық» тақырыптары аясында өрбіді. Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Ғылыми іс-шара барысында Халықаралық Ислам Академиясының ректоры ГАФУРОВ Уйгун Толкинұлы Ахмет Ясауи университеті арасындағы жұмыстарды жан-жақты жандандыру керектігіне екпін қойып, ерекше ықыласпен атап өтті.

Ғылыми іс-шараның ресми бөлімінен соң оқу ордамыздың оқытушылары университетаралық қатынастарды дамыту аясында Халықаралық Ислам Академиясының дінтану және исламтану бағытында мамандар дайындайтын кафедралардың оқытушы-профессорлар құрамымен кездесті. Кафедра меңгерушілері мен оқытушы-профессорлар құрамы ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізу, маман дайындау, академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде білімалушылар мен оқытушыларды тағылымдамадан өткізу тб. жұмыстар жоспарын түзу сияқты мәселелерді ақылдасып, талқылады.

Ғылыми іс-шараның келесі кезеңі ғылыми-тарихи-мәдени таныстырылым болды. Конференция қонақтары Халықаралық Ислам Академиясының оқу корпустарымен, ғылыми кітапханасымен, академияның сирек қолжазбалар сақтау қорымен танысты. Ары қарай Өзбекстан астанасының қақ ортасында орналасқан Шайхантаур (Шайх Ховенди әт-Тахур) кешенінде мәңгілік тыныс тауып жатқан атамыз Төле би баба кесенесіне зиярат жасалып, тағзым етілді.

2022-2023 оқу жылында Филология факультетінде 99 топ бар, оның ішінде «Қазақ филологиясы» кафедрасында 14 топ, «Түрік филологиясы» кафедрасында 5 топ, «Педагогикалық шетел тілі» кафедрасында 47 топ, «Ағылшын филологиясы және аударма ісі» кафедрасында 21 топ «Әлем тілдері» кафедрасында 12 топ бар. Барлығы 35 оқытушы-профессор құрамы тәлімгерлік қызмет атқарады. Әр топтың тәлімгері жыл басында тағайындалған топтармен бірге жыл бойы атқаратын тәрбие жұмыстарының жоспарын жасап, бекітті. Тәрбие жұмысының жоспары аудиториялық және аудиториядан тыс тақырыптар бойынша құрылды.

Филология факультетінде білім алып жатқан білімгерлер 2022-2023 оқу жылының алғашқы жарты жылдығында университет, факультет көлемінде ұйымдастырылған барлық іс-шараларға белсенді қатысты.

2022-2023 оқу жылында факультет деңгейінде өткізілген іс шаралар:

Кафедрада тәрбие жұмысы университет және факультет жоспарлары негізінде және бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі. Онда әртүрлі үлгідегі тәрбие жұмысының бағыттары қарастырылған. Тәрбие жұмысы арнайы бағыттар бойынша жұмыстарды жүргізеді. Атап айтар болсақ:

  • Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.
  • Рухани-адамгершілік тәрбие.
  • Ұлттық тәрбие.
  • Отбасылық тәрбие.
  • Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.
  • Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.
  • Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Факультетте тәрбие жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес төмендегі бағыттар бойынша жүргізілді:

Оқытушылардың тәрбие жоспарлары бекітілді. Тәлімгерлер есебі кафедра мәжілісінде үнемі тыңдалып отырады. Тәлімгерлер кеңесінде тәрбие жоспарының орындалуы қадағаланып, жарты жылдық есебі кафедра мәжілісінде талқыланады. Барлық топтарда алдын ала жоспарланған тақырыптық тәлімгер сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, тәлімгерлік сағат барысында студенттердің үлгеріміне, сабаққа қатысуға байланысты мәселелер талқыланды.

Жылдық жоспарда көрсетілгендей төмендегі бағыттар бойынша апталық тәрбие жұмыстары атқарылды, әр аптада өткізілген тәрбие сағаттарына байланысты хаттамалар жазылып, расталынды.

Жоспар бойынша 1-ші қазан Ұстаздар мерекесіне арнап тәлімгер Толысбаева Әдемаудың басшылығымен, ФҚӘ-012 топ білімгерлерінің ұйымдастыруымен «Ұлықтаймыз ұстазды» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Сонымен қоса 2022-2023 оқу жылының бірінші жарты жылдығында университетішілік және факультет аралық бірнеше шара өткізілді.

03.10.2022-26.10.2022 ж. күндері өткен Университетіміздің 30 жылдығына күндері студенттер арасындағы факультетаралық ХХХІ дәстүрлі спартакиа өтті. Бұл спторттық жарысқа ФРЛ-121Б тобының студенті Эрметов Рамазан мен ФРЛ-122Б тобының студенті Усманова Севинчтің ұйымдастыруымен факультетімізден кіші футбол, 4/100 эстафета, жүгіру, волейбол, баскетбол, қол күресі, үстел теннисі, кросс 2000 м., кросс 1000 м. секілді спорт түрлері  бойынша студенттер қатысты. Аталған спорт түрлерінде факультетіміздің Сунетуллаев Жасур (ФАТ-113Б), Ибраев Бақберген (ФҚӘ-112Б), Кеңесбек Айғаным (ФҚӘ-211Б), Кемелбек Айдын (ФАТ-213А),  Мамматханова Нигора (ФАД-211Б), Абджапарова Севара (ФАҚ-212), Закир Руслан (ФҚФ-111), Байдулла Құдайберді (ФАД 211 Б), Йылдырым Фуркан (ФАФ-111А), Чомрук Жұма Али (Фаф-211Б), Тұрашбек Дидар (ФАТ 213 Б), Ирисматов Хуснимурод    (ФРЛ 221 Б), Сулейманов Абизар (ФАФ-911Б), Тиллабаев Рауан (ФАФ-911Б) т.б. студенттері өз өнерлерін көрсете білді. Волейболда қыздар І орынды, жігіттер ІІ орынды, кросс 1000 м. спорт түрінен І орынды иеленіп жалпы командалық көрсеткіш бойынша ІV орынға тұрақтады. Жақсы ойын көрсеткені үшін Закиров Руслан, Эрметов Рамазан, Усманова Севинч алғыс хатпен марапатталды.

25 қазан — Қазақстан Республикасы күні мен университетіміздің 30 жылдығына орай 01.10.2022-15.10.2022 ж. күндері аралығында жастардың азаматтық сана-сезімін дамыту, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында Эссе және диктант жазу бойынша факультетаралық байқау өтті. Эссе байқауына 59 студент, диктант жазу байқауына 276 студент қатысты. Нәтижесінде үздік эсселер мен ең сауатты жазылған диктанттар бойынша жүлделі орындар берілді. Эссе байқауында Орынбасар Айдана (ФТФ-211) – I орынмен, Серік Жанна (ФҚӘ-011) ІI орынмен, Жураханова Шаира (ФЖК) IІІ орынмен марапаталып, ақшалай сыйақылар берілді (1-орын: 40 000 теңге, 2-орын: 30 000 теңге, 3-орын 20 000 теңге). Сонымен бірге диктант жазу байқауы бойынша I орынды Асқар Жарқынай, IІ орынды Сүйіндікова Динара, IІІ орынды Бекболат Бегайым алды.

2022 жылдың қараша айының 11-ші жұлдызында ФҚФ-111 тобының эдвайзері Т. Кошенованың ұйымдастыруымен Қазақ әдебиетінің классик жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай шығармашылық кеш ұйымдастырды.

22.11.2022 күні  «Ел-бүгіншіл, менікі ертең үшін» атты Ахмет Байтұрсынұлының мұрасына арналған университетішілік студенттердің ғылыми көрмесі өтті.

Көрмеге атсалысқан студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында марапат қағаздар беріліп, ақшалай сыйлықтар тарту етілді:

  • І дәрежелі диплом: Омарбекова Айдана
  • ІІ дәрежелі диплом: Раева Венера Саматқызы
  • ІІ дәрежелі диплом: Исатай Ботакөз
  • ІІІ дәрежелі диплом: Тұрарбек Мерей, Смағұл Арайлым
  • ІІІ дәрежелі диплом: Борантай Ақмарал
  • ІІІ дәрежелі диплом: Жарылқасым Шұғыла, Әмірхан Алуа

15.12.2022 күні университетіміздің кітапханасының конференция залында 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – Тәңір берген тәтті сый» атты мерекелік іс-шара өтті.1986 жылғы желтоқсан оқиғасына байланысты көрініс ұйымдастырылып, ӨАК-211 тобының студенті Сабыр Нұрдаулет желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рысқұлбековтің, ФҚӘ-221А тобының студенті Балқожа Шұғыла Ербол Сыпатаевтың анасының, ФРЛ-211А тобының студенті Бабаханова Диана ҚайратРұсқұлбековтің анасының, ФҚӘ-211А тобының студенті Тұрарбек Мерей Сабираның анасының және ФҚӘ-211Б тобының студенті Кеңесбек Айғаным Ләззат Асанованың анасының ролін сомдады. Аманбай Ұлжанат, Тұрарбек Мерей, Балхожа Шұғыла, Кеңесбек Айғаным т.б. студенттер желтоқсан оқиғасы, тәуелсіздік секілді тақырыптарда өлең-шумақтарын оқыды.

2022-2023 оқу жылында оқытушы-тәлімгерлер барлық топ студентерімен тәрбие жұмыстарын атқарды. Тәрбие жұмыстары аудиторияда және аудиториядан тыс жүргізілді. Тәрбие жұмыстары тек оқу ғимараттармен шектелмей сонымен қатар жатақханада да өтіп тұрды. Топ тәлімгерлері жатақханада тұратын студенттердің тәртібін, тазалығын, тұрмысын үнемі қадағалап тұрды.

06.03.2024ж. Филология факультеті Педагогикалық шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Г.Жамантаева ФАҚ-211 А/Б тобы студенттерімен мұқтаж отбасыға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, түскен қаржыға әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға азық-түлік әперілді. Факультеттен ерікті түрде жәрмеңкеге атсалысып, үлес косқан студенттер де болды.

Факультетіміз алыс-жақын шетелдермен қарым-қатынасын үзген емес. Сәйкесінше ағымдағы оқу жылында факультетімізде Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Моңғолия, Әзербайжан, Ауғанстан, Түркіменстан, Тыва және де Ресейдің бірнеше қалаларынан білім алушылар келіп оқып жатыр. 2022-2023 оқу жылында ТТЕ гранты неігзінде 6В01716 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 6B01717 – Орыс тілі мен әдебиеті, 6В01718 – Шетел тілі: екі шетел тілі: (ағылшын және қытай тілдері), 6В01719 – Шетел тілі: екі шетел тілі: (ағылшын және түрік тілдері), 6В02332-Шетел филологиясы: ағылшын тілі, 6В02333-Шетел филологиясы: түрік тілі, 6В02335-Аударма ісі: ағылшын тілі білім бағдарламалары бойынша 30 шетелдік білім алушы қабылданды. Қабылданған студенттердің өздерінің қалауы негізінде №1 (қыздар), №2 (ерлер), №6 (аралас) жатақханаларға орналастырылды. Қазіргі таңда №1 жатақханада 22, №2 жатақханада 30, №6 жатақханада 19 білім алушы орналасқан.

Факультетімізде бірнеше оқытушы халықаралық бағдарламалар мен келісімшарттар негізінде шетелден келіп білім беруде. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңесі тарапынан түркі тілдері мен әдебиеттерінің даму тенденцияларын, оқыту әдіснамасын, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты пәндерді жүргізу және тәжірибе алмасу  мақсатында Түркиядан жіберілген 7 ғылым докторы, 1 профессор, 1 доцент, 4 магистр-оқытушы, жалпы саны 11 оқытушы қызмет етіп жатыр. Сонымен бірге ағылшын тілін үйрету мақсатында қызмет атқаратын English Language Fellow бағдарламасының аясында Америка Құрама Шататтарынан 1 оқытушы  келіп оқытушылық қызмет атқаруда. Америкалық Кейси Торнтон Педагогикалық шетел тілдері кафедрасында 02.09.2022-30.05.2023 аралығында студенттерге дәріс жүргізеді және оқытушыларға әдістемелік көмек көрсетеді. Жалпы English Language Fellow бағдарламасы аясында Филология факультеті, Педагогикалық шетел тілдері кафедрасында американдық оқытушылар 2020-2021 оқу жылынан бастап  пандемияға байланысты  онлайн дәріс жүргізген.

Түрік филологиясы кафедрасының PhD, аға оқытушысы Е.Жиенбаев 01.06.2022-31.08.2022 жж. аралығында Анкара Хаджы Байрам Вели университеті, Түркі тілдері мен әдебиеттері кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша үш айлық тағылымдамадан өтіп қайтты.

Жыл сайын кафедрамыздың оқытушы-профессор құрамы «Мәулана» бағдарламасы бойынша Түркия Республикасының белді университеттерінде біліктілігін жетілдіреді, Туркия университеттерінде тәжірибе алмасудан өтті.

Алишер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік Өзбек тілі және әдебиеті университеті доценті Дехканов Акрамжон Кодировичтің 21.11.22-23.11.22ж. күндері аралығында Филология факультеті, Түрік филологиясы кафедрасында «Словарь тюркских наречий» (Дивану лугат-ат турк) Махмуда Кашгари как древнетюркский письменный памятник», «Художественные отрывки, пословицы и поговорки в произведении Махмуда Кашгари «Словарь тюркских наречий» тақырыптарында семинар өткізді.

2022 жылы қарашаның 14-19 жұлдыздары арасында, Erasmus бағдарламасы аясында кафедра оқытушылары Хорватияда Загреб университетінің түркология факультетінде болды, онда дәріс берді және академиялық жұмыстармен айналысты.

2022-2023 оқу жылының Қазан айында Түркі Кеңесінің Орхун академиялық бағдарламасы аясында Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі С.Бейсембаева және доцент А.Байтуова Түркия Республикасы, Ататүрік университетінде тәжірибе алмасты.

Педагогикалық шетел тілдері кафедрасының PhD, доценті Г.Ризаходжаева 2022 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. 25.05.2022 — 01.04.2023 аралығында Мичиган Мемлекеттік университетінде (АҚШ) ғылыми тағылымдамадан өтуде.

Ағылшын филологиясы және аударма ісі кафедрасы оқытушылары2022-2023 оқу жылында “Science Service” халықаралық жобаларды үйлестіру орталығында ОПҚ халықаралық талаптарға сәйкес біліктілігін арттыру курсын онлайн форматта өтіп, сертификаттарға ие болды.

Филология факультетінде 6 кафедра бар:  Қазақ филологиясы кафедрасы, Түрік филологиясы кафедрасы, Ағылшын филологиясы және аударма ісі кафедрасы, Педагогикалық шетел тілдері кафедрасы, Орыс тілі және әдебиеті кафедрасы және Жалпыакадемиялық ағылшын тілі кафедрасы.

Педагогикалық шетел тілдері кафедрасының жетістіктері:

PhD, доцент м.а А.Мейрбеков 2021 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болды. PhD, доцент Г.Ризаходжаева 2022 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. 25.05.2022 — 01.04.2023 аралығында Мичиган Мемлекеттік университетінде (АҚШ) ғылыми тағылымдамадан өтуде.

2020 жылы PhD, доцент м.а А.Мейрбеков «6-9 сыныптарда ағылшын тілін оқытуда оқушылардың коммуникативтік (listening, reading, speaking, writting) дағдыларын жетілдіру бойынша оқу-әдістемелік кешенін зерттеу және жасау» және «Организация топонимической экспедиции по Республике Казахстан: составление этимологического каталога географических названий на 4 языках (казахский, русский, английский и на латинице)» тақырыптарында жобаны жеңіп алды. Жобаны жүзеге асыру ұзақтағы – 3 жыл.

2021 жылы соц.ғ.к., доцент м.а Б.Турлыбеков «Болашақ ағылшын тілі мамандардың академиялық дағдыларын жетілдіру арқылы кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруы бойынша оқу-әдістемелік кешенін зерттеу және әзірлеу» тақырыбында жобаны жеңіп алды. Жобаны жүзеге асыру ұзақтағы – 3 жыл.

Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының жетістіктері:

2022 жылдың Қыркүйек-Желтоқсан айы аралығында кафедра оқытушылары: Чаканова С.Д., Жапарова Л.Б., Бабаева Қ.С., Бердалиева Р.Ш., Бейсембаева С.Б., Ашимова С.Ж., Адамова Г.М. университетке сіңірген еңбектері үшін университетіміздің 30 жылдығына орай арнайы Алғыс хат және төсбелгімен марапатталды.

Жалпыакадемиялық ағылшын тілі кафедрасы жетістіктері:

2021-2022 оқу жылында ағылшын тілінен білімін шыңдау жағынан ОПҚ жетістіктерге де жетті, Акешова Насиба Мурзахановна TOEFL сертификатына қол жеткізсе, Оспангалиева Гулжан Усенбайкызы IELTS сертификатына және ағылшын тілінен Ұлттық біліктілік тестілеу сертификатына иемденді.

2022-2023 оқу жылының күзгі семестрінде бірқатар ОПҚ білім және ғылым саласында жетістіктерге жетті, атап айтқанда Жалпыакадемиялық ағышын тілі кафедрасының меңгерушісі  Жанатаев Қазақбай Абдуалиевич 30.11.2022 «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген енбегі үшін» төс белгімен марапатталды. Кафедраның оқытушылары Алипхан Гүлжан Каратаевна, Якиева Гулмира Шариповна, Джамалова Саида Алмазовна сынды бірқатар ОПҚ 21.10.2022 университеттің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін 30 жылдық мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды. Буркитбаева Меруерт ханым Ұстаздар мерекесіне орай, оқу ордасының жетістікке жетуіне қосқан .үлесі үшін университетен атынан Алғыс хатқа ие болды.

Қазақ филологиясы кафедрасы жетістіктері:

2020 жылы ф.ғ. к., профессор м. а. Г. Жылқыбай «XXI ғасырдағы түркі әлемінің интеграциясы: қыпшақ факторының лингвистикалық аспектілері» тақырыбындағы жобаны жеңіп алды. Жобаны жүзеге асыру ұзақтығы — 3 жыл. Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша білім алушылар арасындағы жүлдегерлер:

09.04.21 жылы Назарбаев университетінде өткен ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жас ғалым — 2021» атты студенттердің ІІІ Республикалық ғылыми көрмесінде «Қазақ әдебиеті» бағыты бойынша ф.ғ.к., доцент П.Адиеваның жетекшілігімен Г.Әбубәкірова, Ә.Муратбаев ІІ орын иеленді.

25.01.21 жылы ф.ғ.к., доцент П.Адиеваның жетекшілігімен «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған студенттер арасындағы онлайн блиц-турнирде білімі мен жоғары ойлау дағдысымен ерекшеленген жеңімпаз Жолшыбекова Асел 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Түрік филологиясы кафедрасы жетістіктері:

Кафедра доценті м.а., ф.ғ.к. Е.Омирбаев ҚР Мәдениет Министрлігінің Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы дипломы мен төсбелсімен марапатталды (27.11.2021 ж.).

Қазақстан Республикасы 2021 жылғы 12 сәуір «Ғылым қызметкерлері күніне» орай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ғылым саласының дамуына үлес қосқаны үшін PhD, аға оқытушы Э.Адильбекова мен PhD, аға оқытушы Е.Жиенбаев университет ректоры Ж.Темірбекованың алғыс хатымен марапатталды.

Кафедраның PhD, аға оқытушысы Е.Жиенбаев 01.06.2022-31.08.2022 жж. аралығында Анкара Хаджы Байрам Вели университеті, Түркі тілдері мен әдебиеттері кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша үш айлық тағылымдамадан өтіп қайтты.

Ағылшын филологиясы және аударма ісі кафедрасы жетістіктері:

2022-2023 оқу жылында “Science Service” халықаралық жобаларды үйлестіру орталығында ОПҚ халықаралық талаптарға сәйкес біліктілігін арттыру курсын онлайн форматта өтіп, сертификаттарға ие болды.

2022 жылы 4 қазан күні кафедра оқытушысы, Шериева Г.Т. оқу ісі мен мәдени-тәрбиелік жұмыстарға белсене араласып, өз ісінде біліктілік танытқаны және оқу ордамыздың жоғары жетістіктерге жетуіне үлес қосқаны үшін марапатталды.

Қарағанды университеті Академик Е. А. Бөкетов пен Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті 7M02301-Шетел филологиясы бағыты бойынша бірлескен білім беру бағдарламасы туралы Меморандумға қол қойды. Дәрістерді 2023-2024 оқу жылының бірінші семестрінде өту жоспарланған. buketov.edu.kz

21.11.2022-06.12.2022 ж. білім алушылардың ХХХІ -ші ғылыим-теориялық конференциясы өтті.Студенттер өз баяндамаларын жоғары дәрежеде қорғап шықты.

2022 жылы 8 желтоқсанда Түркістан халықаралық әуежайы басшылығының Ағылшын филологиясы және аударма ісі кафедрасының студенттерімен кездесуі өтті. Студенттердің Түркістан халықаралық әуежайында өндірістік тәжірибеден өтуі туралы мәселе қаралды. Ең маңызды жаңалық-Ясауи университеті мен әуежай арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

2023 жылы қаңтар айында  кафедра оқытушысы, Есіркеп Диляфруз TKT (Teaching Knowledge Test) пәнді оқыту әдістемесі туралы білімдерін тексеретін Кембридж емтиханың сәтті тапсырып, сертификаттарын алды.

Напишите свой вопрос

 

    ×