Масадиков Хайрулла Ғайбуллаұлы
Ғылым департаментінің директоры

Ғылым департаменті

Ғылым департаменті  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Ғылым департаментінің директоры –PhD доктор Масадиков Хайрулла Ғайбуллаұлы.

Ғылым департаментінің құрамы келесі құрылымдардан тұрады:

  1. Ғылыми институттар мен орталықтар;
  2. Ғылыми зерттеулер бөлімі;
  3. Ғылыми басылымдар бөлімі;
  4. Диссертациялық кеңестер;

Департаменттің негізгі міндеттері:

– Ағымдағы және болашақтағы ғылыми және инновациялық қызметті жоспарлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

– Іргелі, қолданбалы және инновациялық зерттеулер, халықаралық бағдарламалар мен жобалар бойынша зерттеулер құжаттамасын үйлестіру, жүргізу және оларды жүзеге асыруға ықпал ету;

– Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесін жинақтау, іргелі және қолданбалы ғылымның дамуының басым бағыттарын анықтауға қатысу;

– Келген мақала қолжазбаларының ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (2016 жылғы 12 қаңтар, №20 бұйрық)  талаптарына және  «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде басылымдар қолжазбасын рәсімдеу Ережесіне» сәйкестігін қадағалау;

– «Ясауи университетінің Хабаршысы», «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабарлары», «Түркология» журналдарының тұрақты жарыққа шығуын қамтамасыз ету;

– Ғылыми мақаласы келіп түскен барлық қазақстандық және шетелдік ғалымдармен байланыс орнату.

МАМАН

Атабаева Гүлмира Маратқызы

МАМАН

Асан Айнұр Асанқызы

Напишите свой вопрос

 

    ×