2024 жылы 29 наурыз < Түркістан тағылымдары> Республикалық ғылыми практикалық конференция

  • Күні & Уақыты:
    • Ақпан21, 2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ және ЖОғАРЫ Білім МИНИСТРЛІГІ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ТҮРКІСТАН ТАҒЫЛЫМДАРЫ»  Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның

АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті, Тарих кафедрасының базасында 2024 жылдың 29 наурыз күні «Түркістан тағылымдары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Конференция онлайн форматында өтеді. Конференция материалдарының жинағы электронды нұсқада (PDF форматында) таратылады.

Конференция жұмысы төмендегі секциялар бойынша ұйымдастырылады: 

  • «Ұлы Даланың жеті қыры» және қазақ руханияты
  • Тарих және этнология
  • Археология және музейтану
  • Филология
  • Әлеуметтану ғылымдары
  • Білім берудегі инновациялық технологиялар.

Өткізілу формасы: онлайн үшін, ZOOM платформасында (сағат 11:00)

Өткізілу формасы: офлайн үшін, Мәдениет орталығының кіші залы (сағат 11:00). Конференцияның ZOOM сілтемесі қосымша жіберіледі.

Жұмыс тілдері: қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдері.

Баяндама мәтініне қойылатын талаптар:

Баяндама мәтіні төмендегі талаптарға сай рәсімделуі қажет:

  1. Баяндаманың көлемі 5 беттен (А4 форматы) аспауы тиіс. Беттер номерленбейді.
  2. Жоғарғы шегі – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1,5 см, сол жағы – 3 см.
  3. Шрифт: Тimеs New Roman, кегль – 12.
  4. Қатараралық интервал — бірлік.
  5. Баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН жазылады, содан соң парақтың ортасына автордың аты-жөні, тегі, жұмыс орны көрсетіледі.
  6. Баяндаманың соңына әдебиеттер тізімі беріледі. Сілтеме тік жақшаға алынып, қайталанған жағдайда реттік номеріне сай пайдаланылған әдебиеттің беті көрсетіледі. Мысалы: [7, 3 б.].
  7. Рефераттық сипаттағы баяндамалар қабылданбайды, студенттердің жеке авторлығындағы баяндамаларға жетекшісінің пікірі болуы міндетті.
  8. Баяндамалар қазақ, орыс тілдерінде қабылданады.

Баяндама мәтіндері 2024 жылдың наурыз айының 20-іне дейін қабылданады.

Ұйымдастыру комиссиясының мекен-жайы: Б.Саттархан даңғылы, 3-ғимарат, 219 каб. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің «Тарих» кафедрасы.

Мақаланың (баяндаманың) электрондық нұсқасын мына электрондық почтаға жіберу керек: E-mail: marat.salgaraev@ayu.edu.kz;

Байланыс тел: сот. 87002342535; 87778849595  М.Т.Салғараев

Ұйымдастыру комиссиясы

Напишите свой вопрос

 

    ×