«Yassawi академиялық үстемдік орталығы»

2022 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жанында «Yassawi академиялық үстемдік орталығын» (бұдан әрі — Орталық) ашу жоспарлануда. Орталық дамудың үш бағытын қамтиды: медициналық, биотехнологиялық және экологиялық. Орталық болашақ мамандардың практикалық даярлығының базасы, сондай-ақ жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытудың өзегі болады. Орталықта университеттің клиникалық-диагностикалық орталығы базасында ауруларды диагностикалау мен емдеу жөніндегі ғылыми-зерттеу зертханалары шоғырландырылатын болады. Жаңа орталықты құру инновациялық білім беруді қалыптастыруға ықпал етеді және медициналық, биотехнологиялық және экологиялық ғылым мен практика саласындағы әлемдік жетістіктерді ықпалдастыруға мүмкіндік береді.

Тікелей нәтиже: медицина, жаратылыстану ғылымдары және IT профильдері бойынша бәсекеге қабілетті және жоғары білікті, өз саласында заманауи білімді, инновациялық әдістерді және құзыретті дағдыларды меңгерген мамандарды даярлау мақсатында «Yassawi академиялық үстемдік орталығын» құру және дамыту.

Жоба іске асырылатын бағдарламалық құжаттарға сәйкес жобаның соңғы нәтижелері келесіндей:

— «Yassawi» академиялық үстемдік орталығында оқудан өткен ХҚТУ түлектерінің үлесі 35%;

— Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алғандардың жалпы санынан құрылған «Yassawi» академиялық үстемдік орталығында оқудан және аттестациядан өткен ХҚТУ түлектерінің үлесі 20%;

— Биотехнология, медицина, стоматология, жаратылыстану және IT салалары бойынша біліктілігін арттырған 2000 маман мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытылады;

— Рецензияланатын басылымдарда 50 жарияланым;

— ҚР БҒМ қаржыландыратын және сыртқы көздерден іске асырылатын 10 ғылыми жоба;

— Рейтингтік басылымдарда 45 жарияланым;

— H индексі 3-тен асатын 15 шетелдік ғалымды «Yassawi» академиялық үстемдік орталығына тарту;

— ҚР 30 патенті

Big Data in Clinical Medicine зертханасы инженерлік факультет базасында «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының мамандарын тарта отырып жұмыс істейтін болады. 

Орталық ғылыми-зерттеу және диагностикалық зертхана

Орталық ғылыми-зерттеу және диагностикалық зертханасы микроорганизмдердің молекулярлық генетикасы және генетикалық аурулар саласында ғылыми-зерттеу және диагностикалық жұмыстар жүргізу мақсатында құрылады.

Университеттің клиникалық-диагностикалық орталығы базасындағы Функционалдық диагностика орталығы

Функционалдық диагностика орталығы Ахмет Ясауи Клиникалық-диагностикалық орталығының базасында функционалдық диагностика бөлімінің мамандарын тарта отырып, жұмыс істейтін болады.

Университеттің клиникалық-диагностикалық орталығы базасында Кардиохирургиялық орталық 

Кардиохирургиялық орталық Ахмет Ясауи Клиникалық-диагностикалық орталығының базасында жүрек-қан тамырлары аурулары бөлімінің мамандарын тарта отырып жұмыс істейтін болады. Аталған орталық келесі медициналық қызметтерді көрсететін болады: эхокардиография, стресс-экг, ангиография, жүрек тамырын стенттеу және т.б. Сондай-ақ Түркиядан жетекші мамандарды тарта отырып жоғары технологиялық кардиохирургиялық оталар, оның ішінде балаларға арналған кардиохирургиялық оталар жасалады.

Университеттің клиникалық-диагностикалық орталығы базасындағы Көз денсаулығы орталығы

Көз денсаулығы орталығы Ахмет Ясауи Клиникалық-диагностикалық орталығының базасында жұмыс істейтін болады. Орталықтың қызметі офтальмотолог мамандарын дайындауға және Түркістан аймағының азаматтарын емдеуге бағытталады. Мамандар Түркияның жетекші медициналық орталықтары мен университеттерінің шетелдік серіктестерімен бірге офтальмология саласында заманауи күрделі хирургиялық операцияларды жүргізеді. 

Өсімдіктер физиологиясы, фитопатология және агрохимпочввтану саласындағы зерттеулердің ғылыми-білім беру зертханасы үш бағытта жұмыс істейтін болады: Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы, өсімдіктер фитопатологиясы, өсімдіктерді минералды қоректендіру.

«Экологиялық қауіпсіздік» зертханасы «Биология» кафедрасының мамандарын тарта отырып, «Жаратылыстану» факультетінің базасында жұмыс істейтін болады. Зертхананың зерттеу бағдарламасына өңір аумағының ластану деңгейін бағалау және халық денсаулығы үшін тәуекелдерді белгілеу мақсатында қоршаған орта объектілеріне кешенді экологиялық мониторинг жүргізу кіретін болады.

Напишите свой вопрос

 

    ×