Жатақханалар орталығы

Университетімізде 6 студенттер үйі жұмыс істейді. Шетелден және еліміздің шалғай аймақтарынан келген студенттердің басым бөлігі осы студенттер үйлерінде тұрады. Студенттердің жатақханаларға орналасуына, алаңсыз оқуына қажетті жағдайлар жасалған.

Студенттер үйі қазіргі заманның талаптарына сай ғаламтор желілеріне қосылған. Мұндағы кітапхана, оқу залы, буфет, жаттығу залы, кір жуу бөлмелері, жиналыс өткізетін бөлмелер студенттерге қызмет жасайды. Студенттер үйі ғимараты жанында жазғы спорттық кешендер және футбол алаңдары бар.

Студенттер үйі дирекциясының негізгі міндеттері:

  • Болашақ мамандардың адамгершілік, эстетикалық жағынан дамуын қамтамасыз ететін қажетті тұрмыстық жағдайлар жасау, жоғары этикалық көзқарастар қалыптастыру;
  • Студенттерді салауатты өмір салты ережелерін білуге баулу;
  • Студенттер үйі білім алушыларының орналасуына көмектесу;
  • Студенттер үйі тұрғындарының міндетін, құқықтарын түсіндіру;
  • Студенттер үйі кеңесінің іс-шараларын жатақхана кеңесі отырысында бекіту;
  • Тұрғындардың су, энергия көздерін үнемдеп жұмсалуын бақылап отыру;
  • Студенттер үйіндегі тазалықты қадағалау;
  • Оқу орны басшылары мен топ жетекшілерімен тығыз байланыста болу;
  • Тәрбие процесін жоспарлауға, ұйымдастыруға бақылау жасау.

Студенттер үйі тұрғындарының құқықтары:
1. Тұрмыстық бөлмелерді, жуынатын бөлмені, оқу залын және басқа да ортақ қолданылатын бөлмелерді еркін қолдануға;
2. Қолдануға жарамайтын құрылғыларды, жиһаз, төсек-орын жабдықтарын және студенттер үйінің басқа заттарын уақытымен ауыстыруға өтініш білдіруге;
3. Студенттер үйінде тұратындардың барлық мәселелерін шешу мақсатында арнайы студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жоғары кеңесін құруға және тілек, ұсыныстар айтуға.

Студенттер үйі тұрғындарының міндеттері:

  • Қоғамдық мүліктерді ұқыпты сақтауға, бөлмелерді таза ұстауға;
  • Электр энергиясын, су көздерін ұқыпты, үнеммен пайдалануға;
  • Техникалық өрт қауіпсіздігін сақтауға;
  • Ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтауға;
  • Студенттер үйі  ғимаратын, құрылғыларын және басқа инвентарларды ұқыпты ұстауға және сақтауға;
  • Студенттер үйі қызметкерлерінің талаптарын орындауға.

Студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттың 16 түрі бойынша секциялар жұмыс жасайды. Оған 700-ге жуық спортшы-студенттер қатысады. Оларға дзюдо (ерлер, қыздар), қазақша күрес, самбо, еркін күрес, баскетбол (ерлер, қыздар), таэквандо, бокс, гимнастика, тоғызқұмалақ, волейбол секілді спорт секциялары мен тренажер залы, жүзу бассейні үздіксіз қызмет етуде.

Университетіміздің Продюсерлік орталығында мәдени іс-шараларды жүзеге асыру үшін Эстрада ән үйірмесі, КТК, Хореография, сахна режиссурасы, Ән өңдеу студиясы, Балетмейстер, Ұйымдастырушы  жұмыс  жасайды.

Университетімздің өнерпаздарын түрлі дәрежедегі Халықаралық, республикалық, облыстық фестивальдарға, конкурстарға дайындап, тәрбиелеу және олармен уақыт бекітілген кесте бойынша жұмыс атқару.

Студенттік өзін-өзі басқару құрылымына тартылған студенттердің жалпы саны – 1018. 700 студенттен құралған 33 студенттік клуб жұмыс істейді. Оның ішінде, белсенділері – “Халықаралық қатынастар”, “Түркі дүние жастары”, “Атамұра” , “Medical Tokens”, “Зияткерлік ойындар”, “ХҚТУ Самұрықтары”, “Кино және сурет” клубтары.

 

Напишите свой вопрос

 

    ×