Тулежанов Нурпейс  Кудайбергенович

м.ғ.к. доцент м.а., кафедра меңгерушісі

Жалпы хирургия кафедрасы

2004 жылы қазан айының 28-і жұлдызында Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылыми Кеңес шешімі негізінде медицина факультетінің құрамында «Жалпы хирургия» кафедрасы ашылып кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к., доцент Мұрат Сағынәліұлы Жүнісов сайланды.

2011-2012 оқу жылында  кафедра меңгерушісі болып  м.ғ.д., доцент Ғалымжан Мамырбекович Елікбаев қызмет атқарды.

2013-2014 оқу жылында кафедра атауы «Жалпы хирургия, инструментальды диагностика және фармакология» кафедрасы болып, кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к., доцент Мұрат Сағынәліұлы Жүнісов жұмыс атқарды.

2014-2015 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к., доцент м.а. Нұрпейіс Құдайбергенұлы Төлежанов жұмыс істеп келе жатыр.

Кафедраның құзіреті: білім алушыларға «білім», «дағды» және «қарым-қатынас, іс-әрекет» деңгейлерінде оқытудың және бағалаудың заманауи әдістемелік құралдарын қолдану.

Кафедраның негізгі міндеттері:

  • Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру, жүргізеді.
  • оқу, тәрбие, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, емдеу-диагностикалық жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау;
  • заманауи технологиялар мен оқытудың түрлерін еңгізу;
  • оқу процесі және сынақ-емтихан сессиясының қорытындысына сараптама жасау;
  • оқу-әдістемелік үрдіске студенттің ғылыми, өзіндік жұмысының сапасын жетілдіруге арналған түрлі әдістемелік нұсқаулар дайындау;
  • әдістемелік семинарлар, конференциялар, білім және тәрбие жөнінде өзекті мәселелерге арналған жиналыстар ұйымдастыру және өткізу;
  • оқу құралдары және басқа оқу-әдістемелік құжаттар дайындаудың перспективалық жоспарларын дайындауға қатысу;
  • пәндері бойынша оқу сабақтарын жүргізуді бақылау мен ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
  • емдеу және консультациялық жұмыстарды ұйымдастыру;
  • клиникалық конференциялар өткізу;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми семинарлар ұйымдастыру;

Кафедрада «Жалпы медицина» — 6В10155 және «Стоматология» — 6В10156 мамандықтары бойынша 6 пәннен дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізіледі: «Жалпы хирургия», «Фармакология», «Клиникаға кіріспе және коммуникативті дағдылар»  және «Медициналық биофизика». Олар негізгі пәндер болып есептеледі. Студенттерге сапалы білім беріп, өз маманның үздік иесі болуына болашақ мамандарды даярлап тәрбиелейді. Сонымен қатар, кафедраның оқытушы-профессорлары симуляциялық орталыққа және клиника бөлімдерінде студенттерге тәжірибелік дағдыларды жоғары дәрежеде білім беруде. Кафедра құрамында 1 ғылым докторы, 4 доцент,  4 ғылым кандидаты, 1 PhD-докторы, 3 магистр-оқытушы және  7 оқытушы жұмыс істейді. Факультет деңгейінде кафедрамыздың құрметті профессор-оқытушы құрамы: Темирбеков А.Н., Жумабаев У.А. және Н.К.Тулежанов әдістемелік семинарларды жыл сайын жоғары деңгейде өткізеді. Кафедрамыздың доценті, б.ғ.д. Жумабаев Уалихан Ағабекұлы 2022ж. «Үздік оқытушы» конкурсының жеңімпазы атанды. Кафедраның құрметті профессор-оқытушы құрамы университетіміздің дамуына  өз үлестерін қосып Университет, Министрлік және Республикалық тарапынан марапаттарға ие.

Кафедраның қазіргі таңдағы ғылыми потенциалының пайыздық көрсеткіші – 50%. Кафедраның ОПҚ-ы Халықаралық және Республикалық деңгейлерде ғылыми конференциялар және семинарларға қатысқан, ғылыми мақала отандық, шетелдік, оның ішінде Әлемдік рейтингтік ғылыми басылымдарда жариялаған, инновациялық патенттер алған, сонымен қатар студентттердің ғылыми-теориялық конференцияларында орын алған студенттер Республикалық деңгейде марапатталған.
Кафедра ұйымдастырылғаннан бері ОПҚ-ның белсенділігімен кафедрада жүргізілетін пәндер бойынша оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдар  және  электрондық оқулықтар баспаларға шығарылуда.
Кафедра меңгерушісінің басшылығымен 1-5 курс аралығындағы студенттерден тұратын медициналық «Veritas» клубын құрды. Клубтың студенттері көптеген Халықаралық Олимпиадаларға, Конференциялар мен Форумдарға белсенді қатысып жүлделі орындардан көрінуде.
Халықаралық байланыс Түркия мемлекеті Измир қаласы Еге университеті медицина факультеті жалпы хирургия кафедрасы мен  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті медицина факультеті жалпы хирургия кафедрасының ұйымдастыруымен 2016 жылы мамыр айының 29-31 жұлдыздарында  Қазақстан Республикасы  тәуелсіздігінің 25 жылдығына, ЮНЕСКО 2016 жылды Қожа Ахмет Ясауи жылы деп жариялануы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 25 жылдығына және хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессоры Ш.М.Сейдиновтың 63 жылдық мерей тойына орай «Эндокрин саласындағы ынтымақтастық және  медицинадағы өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференция  және мастер-класс ұйымдастырылып, өткізілді.
Кафедрада гранттық ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде:
Гранттық ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Шұбаттың негізінде, дәрілік сығындылармен үйлескен жаңа қышқылды сүт биопрепаратын алудың технологиясын зерттеп, өңдеу» — жетекшісі: б.ғ.д., профессор м.а. У.А. Жумабаев;
Гранттық ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Арнайы диабеттік «Инуллакт-Фито» тағамдық өнім өндіру» — жетекшісі: б.ғ.д., профессор м.а. У.А. Жумабаев;
Сонымен қатар, кафедраның профессор-оқытушы құрамы бірнеше патенттердің авторлары:
«Электрохирургиялық коагулятор» атты хирургиялық құрылғысына №1859 21.11.2016 жылы патент алды. Авторлары: п.ғ.д., доцент У.А.Байзақ, м.ғ.к., доцент м.а. Н.Қ.Төлежанов және б.ғ.к., аға оқытушы Б.Ү. Байзакова;
«Жылу жинақтайтын панелді қоршаудың құрамасы» атты пайдалы моделіне 07.12.2018 жылы № 106412 патент алды. Авторы: техн.ғ.к., доцент, ХҚТУ профессоры А.Н.Темирбеков.
«Экоглауко капсула» атты пайдалы моделіне патенттік тіркеу № 2019/039.2 өтінімін 09.03.2019 жылы алды. Авторы: техн.ғ.к., доцент, ХҚТУ профессоры А.Н.Темирбеков.
«Устройство для одновременного воздействия на биологические активные точки тела массажем, теплом и переменным магниттым полем» атты құрылғысына №2019/0397.2 15.11.2019 жылы патент алды. Авторлары: п.ғ.д., доцент У.А.Байзақ, м.ғ.к., доцент м.а. Н.Қ.Төлежанов және б.ғ.к., аға оқытушы Б.Ү. Байзакова;
2018-2021 жылдарға арналған «ҚР БжҒМ Ғылым комитеті» ММ атынан, Оператор – «Ғылым Қоры» АҚ-ның ғылыми және ғылыми – техникалық қызмет нәтижелерін  коммерцияландыру жобаларын қаржыландыруға бағытталған конкурс бойынша «Диабеттік тағамға арналған арнайы «Инуллакт-Фито» тағамдық өнімін өндірістен өндіру» атты жобасы конкурс жеңімпазы атанды.
«Диабеттік тағамға арналған арнайы қышқылды сүт өнімі» атты пайдалы моделіне  №6721  17.03.2021  жылы  патент алды. Авторы: б.ғ.д., профессор м.а. У.А. Жумабаев; оқытушы магистр Ұ.Т. Бағысбаева.
«2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының Жеңімпазы атанды-Жумабаев У.А.
2022 жылдан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы 6D070100 — «Биотехнология» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінің мүшесі сонымен қатар ҚР БжҒМ-нің 24.02.2022 жылғы №64бұйрығына сәйкес «Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу туралы» Тәуелсіз сараптамалық комиссиясының мүшесі- Жумабаев У.А.
Үміткер Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті Марапаттау комисииясының 30.03.2022 жылғы отырысында
(№ 8 хаттамасы) талқыланып, «Қазақстан Республикасының ғылымын
дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттауға Жумабаев У.А.  ұсынылды.
Кафедрада жыл сайын көптеген ғылыми мақалалар және бірнеше импакт-факторлы мақалалар Халықаралық, Отандық журналдарда жарыққа шығуда. Сонымен қатар, жыл сайын кафедра оқытушылардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары дайындалып баспаға шығарылады.

Кафедра медицина факультетінің ІII курстың 13 тобына тәлімгерлік жұмыс атқарады. Кафедрада оқу, әдістемелік және ғылым жұмыстарымен қатар тәрбие жұмыстары жүргізіліп отырады. Мәдениет, өнер, рухани байлықтарына дұрыс көз-қарас қалыптастыру мақсатында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте»,  «Жастардың Рухани Жаңғыру», «Мен өз елімнің патриотымын», «Ұлттық дәстүрлер», тақырыптарына тәрбие сағаттары мен іс-шаралар ұйымдастырылды. Студенттерге тәрбиелік мәні бар, қараша айында «Ясауи университеті» газетіне, «университет студенттерінің үні» айдарымен жариялымдағы, кафедра меңгерушісі Н.К.Тулежановпен бірге дайындалған, ұстазымыз  Өтеп Мырзағалиұлының  ғылыми-педагогикалық 50 жылдық еңбек өтіліне сәйкес, «Ұстаздық жолда – жарты ғасыр» тақырыбына мақала жарияланды. «Үш тұғырлы тілді» дамыту мақсатында «Жалпы хирургия» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы: И.Б.Усембаева., М.С.Аймаханов., Е.Н.Тулежанов және А.С.Минтасованың ұйымдастыруларымен және студенттердің қатысуымен «The Modern Medicine» тақырыбында дебаттық-сайыс өткізілді. Іс-шараға факультет деканының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ғ.Н.Асанова және тәрбие департаментінің өкілдері мен оқытушылар қатысып, өз пікірлерін атап өтті.

Напишите свой вопрос

 

    ×