ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КЕҢЕСІ

Құрметті Республикамыздың білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау ұйымдары, мекемелер, кәсіпорындар, фирмалар мен компаниялардың басшылары! Сіздерді университетіміздің қазіргі заман талаптарына сай білімді де білікті студенттердің қатарынан өздеріңізге қажетті мамандарды таңдап алуға және оларды кәсіптік практика ісіне тартуға шақырамыз. Сонымен бірге, Сіз университеттің қоғамдық ұйымы болып табылатын Жұмыс берушілер Кеңесіне мүше бола отырып, мекемеңіздегі бос орындарды студенттерге таныстырып, оларға іріктеу және таңдау жұмыстарын жүргізе аласыз.

Бәсекеге қабілетті жоғары біліктілігі бар мамандарды даярлаудың сапасын арттыру мақсатында университетте жұмыс берушілер Кеңесі құрылған. Жұмыс берушілер Кеңес қызметінің басты бағыттарына білім алушылардың кәсіби іс-тәжірибеден өту базаларын кеңейту, оқу үдерісінің жұмыс берушілердің талаптарымен сәйкестендіру мен мамандарды дайындаудың бірлескен білім беру бағдарламаларын жасау, бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыру, халықаралық жобаларға қатысу жұмыстары болып табылады. Жұмыс берушілер Кеңесі университет пен жұмыс берушілердің бірлесе отырып жоғары білікті мамандарды даярлау бағытындағы өзекті мәселелерді анықтап, жұмыс берушілердің талаптарына сай оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша сараптама жасап, нақты ұсыныстар әзірлейтін және оларды шешу жолдарын талқылайтын пікірсайыс алаңы болып табылады. Кеңес шешімдері ұсынымдық және кеңестік сипатта болады.

Жұмыс берушілер Кеңесінің мақсаттары мен міндеттері:

• жоғары сапалы білім беру ортасын қалыптастыруда туындайтын мәселелерді шешуге қолдау көрсету;
• еңбек нарығы талабына сәйкес университеттің оқу және ғылыми әлеуетін нығайту;
• жоғары кәсіби білім жүйесін дамытуға және жұмыс берушілердің ұсыныстары бойынша бітірушілердің кәсіби біліктілігін қалыптастыруға қолдау көрсету;
• білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және кәсіби іс-тәжірибені өткізуге қатысу, сонымен бірге бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын, жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру;
• бітірушілердің жұмысқа орналасуына көмек көрсетіп, ықпал жасау.

Жыл сайын университетті 1500-2000 білім алушы бітіріп, диплом алады. Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жылдан жылға артып келеді. Бітіруші түлектерді жұмысқа орналастырудың тиімді жолдарының бірі жыл сайын жұмыс берушілердің қатыстырылуымен өткізілетін «Бос орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылады, облыстық деңгейде ғана емес республика бойынша жұмыс берушілердің бұл шараға қатысуға жыл сайын қызығушылықтары артып келе жатқанын да айта кеткен жөн. Мысалы, 2015 жылы өткізілген жәрмеңкеге 97 ұйым мен кәсіпорындар өкілдері қатысса, 2016 жылы қатысқандар саны 109 болды. Сондай-ақ, бітіруші курс білім алушыларына Кәсіпкерлік мектеп бизнес саласы арасында жұмысқа орналастыру тақырыбы бойынша өткізілетін пікірсайыстардың алаңы болып саналатын «дөңгелек үстелдердің» ұйымдастырылуы, кәсіпорындар мен мекемелердің қатысуымен өткізілетін шеберлік шыңдау сабағы (мастер-класс) мен түрлі тұсаукесерлердің (презентациялар) де алатын орны зор. 2015-2016 оқу жылынан бастап бітіруші курс білім алушылары, жоғары оқу орны және жұмыс берушілер арасында оқуын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу шартымен жасалған үшжақты келісім-шарттар негізінде мекемелер мен кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтіп, тәжірибе нәтижесі бойынша бітірушілер сол мекемелерге жұмысқа қабылдану мүмкіншіліктері жасалды. Осындай келісім-шарттар негізінде соңғы жылдары 250-480-ге дейін білім алушылар ұйымдар мен кәсіпорындарға өндірістік тәжірибеден өтуге жіберілуде және бұл шара алдағы жылдары өз жалғасын тауып, артады деген үміттеміз. Университет пен кәсіпорындар арасындағы ықпалдастықтың және оның маңыздылығының артуына білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында, мекемелер мен өндіріс орындарында кафедра филиалдарының ашылуы мен дуальды оқыту жүйесінің іске асырылуының ықпалы зор. Бүгінгі күні университетте тіркелген 49 кафедра филиалдары бар. Қорытынды да, жұмыс берушілер Кеңесі университеттің осы бағыттарда дамуына және өзара ынтымақтастық қатынастардың нығаюына үлкен үлес қосуда.

Жұмыс берушілер кеңесінің ережесі

Напишите свой вопрос

 

    ×