Орталық миссиясы – Стратегиялық даму жоспарын жасау және орындалуын қадағалау, сапа менеджменті жүйесінің СМЖ ISO 9001:2015 ХС талаптарына сәйкес жұмыс қалпында ұсталуын қамтамасыз ету, Халықаралық және ұлттық рейтингтерге қатысу.

Орталық қызметінің мақсаты – Қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің жұмысын ИСО 9001:2015 ХС талаптарына сәйкес ұйымдастыру,  рейтинг бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және Стратегиялық даму жоспарын жасау және оның орындалуын қадағалау.

Орталықтың негізгі міндеттері:

  • Сапа саласындағы саясатты және мақсаттарды жасау және оны университет қызметкерлеріне жеткізу;
  • Университеттің сапа менеджменті жүйесінің СМЖ ISO 9001:2015 ХС талаптарына сәйкес жұмыс қалпында ұсталуын қамтамасыз ету;
  • СМЖ бойынша қолданыстағы құжаттамалардың жарамдылығын, жаңартылуын мерзімді түрде қадағалау;
  • СМЖ, рейтинг салаларында ішкі семинарлар өткізу;
  • СМЖ талаптарына сәйкес ішкі тексерулер (аудит) ұйымдастыру және нәтижелерін талдау;
  • Сапаны басқару саласында озық тәжірибелерді үйрену, Халықаралық, ұлттық рейтингтерге қатысу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • Стратегиялық жоспардың орындалуын қадағалау, стратегиялық жоспар бойынша есептерді талдау,  университет деңгейінде қорытынды есеп дайындау.

Стратегиялық даму, рейтинг, комплаенс бақылау және сапа орталығы

Стратегиялық дамуды жоспарлау және сапа менеджменті

► Рейтингтік бағалау

СРСО орталық жоспары

ОРТАЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ

Дәрібаев Жанәлі Еркінбекұлы

Қызметтері

1985 ж. — Алматы ауыр машина жасау заводында аға инженер-технолог.

1988 ж. — Кентау экскаватор заводы болат құю цехының  шебері, аға шебері.

1990 ж. — Кентау аймақтық салааралық бірлестігінің ғылыми-зерттеу орталығында зерттеуші.

1994 ж. – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу лабораториясы меңгерушісі, күндізгі бөлімі аспиранты, Экология және химия кафедрасының аға оқытушысы, доценті, “Экология” ғылыми-зерттеу институтының ғалым хатшысы, Экология факультетінің, Біліктілік жетілдіру факультетінің, Инженерлік-педагогикалық факультетінің деканы,

2014 жылдан бастап Стратегиялық жоспарлау, рейтинг және сапа орталығының жетекшісі.

Біліктілікті арттыру
  1. Түрік стандартизация институты, ISO 9001:2000 СМЖ ішкі аудиторлар курсы.
  2. “Интерсертифика-ЦентрАзия” оқу орталығы – СМЖ ішкі аудиторы.
  3. ҚазМУ біліктілік жетілдіру институты.
  4. ҚР БжҒМ “Өрлеу” Біліктілік жетілдіру ұлттық орталығы.
  5. «Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі» аккредиттеу процедураларының сарапшысы.
  6. “Қазақстан сапа мекемесі”, ХС ИСО 9001:2015, ішкі аудитор.
  7. «Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің» (НКАОКО) ұлттық сарапшысы.
  8. «Astana Garant Consulting» – ХС ИСО 9001:2015, ішкі аудиторы, 2021ж.
Зерттеу жұмыстары, жарияланымдары
  1. Экология негіздері. Оқулық: Түркістан — ХҚТУ, 2000ж. 196 б.
  2. Восстановление активности окисленных форм сернистого натрия электрохимическом способом. Алматы, 2000. Республиканский журнал «Промышленность Казахстана» №3.с.104-107.
  3. Экология. Оқулық: Алматы, “Дәнекер”, 2005. 313 б.
  4. Эколого-экономическая оценка состояния окружающей среды Туркестанского региона. Журнал: “Ізденіс-Поиск”, Алматы, №4, 2006.
  5. Turkistan’in ekolojik durumu ve delecegi. Turk yurdu журналы, 2010ж. №274. Анкара.
  6. Дифференциально-термический анализ твердых продуктов процесса совместной гидрогенизации угля и сланцев Шубаркольского месторождения. Научный журнал Актуальные проблемы гуманитарных и естественных наук РФ, Волгоград, 2012 г. №11.
  7. Formation of The Informational-Communicative Competence Of Future Specialists Түркия, Анталия, 2013 Vol 4 (2013): 3rd World Conference on Innovation and Computer Science (INSODE-2013). AWERProcedia information Techology Computer Science. 2013, 04, pp 212-218.
  8. The formation of professional competencies  of  future specialists . Қытай, 2013 Life Science Jornal – 2013. Vol. 10 (9s). – P.426-430.
  9. Формирование иноязычной коммуникативной компетенции  в процессе подготовки будущих экологов. Педагогический вестник Казахстана, Павлодар, Павлодарский педагогический институт, №2-3, 2014 г., с. 20-30
  10. Ахмет Йасауи кесенесін тарихи қалпына келтіру мәселелері. Астана, 2016. ЕҰУ “Хабаршы” журналы, 2016, №1 (110) 241-244б.
  11. Sunakbaeva D. K., Sainova G.A., Akbasova A.D., Daribayev J.E., Arsenik ve cıva ZEHĠR toprak Marmaris / Turkey 8-10 April, International Congress on Agriculture and Forestry Research (AGRIFOR) 1050-1054 б.
Жетістіктері

1.Химия ғылымдарының кандидаты (19.11.1998 ж. №22 хаттама);

  1. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасы (2011);
  2. ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2011);
  3. Облыстық Мәслихаттың Грамотасы (2013);
  4. ОҚО әкімдігі ішкі саясат басқармасының алғыс хаты (2013);
  5. “Нұр Отан” партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының Құрмет грамотаcы (2010, 2015);
  6. “Ясауи жылы” медалі (2016);
  7. “Ұлағатты ұстаз” төсбелгісі (2018);
  8. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты (2019).
  9. Кентау қаласының құрметті азаматы (2019)
Напишите свой вопрос

 

    ×