Біліктілікті арттыру орталығы

Біліктілікті арттыру орталығы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің біліктілікті арттыру орталығы Университет Жарғысы, Орталық туралы ереже негізінде әрекет етеді және Академиялық мәселелер вице-ректорына тікелей бағынады.
Орталықтың негізгі мақсаттары:
— біліктілік шеңберінде кәсіби деңгейді жетілдіру және (немесе) кәсіби қызмет үшін қажетті жаңа құзыреттілікті алу;
— ОПҚ-ны білім берудің жаңартылған мазмұнын, құрылымын және инновациялық технологияларын оқу процесіне енгізуге даярлау;
— университеттің бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау сапасын арттыру;
— білім беру процесінің менеджментін жетілдіру болып табылады.
Орталықтың қызметі келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
— педагогикалық және кәсіби шеберлікті арттыру, кәсіби құзыреттілікті меңгеру;
— ғылымның, прогрессивті техника мен технологияның заманауи жетістіктері негізінде теориялық және практикалық білімді тереңдету;
— оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын жетілдіру ;
— кәсіптік білім берудің инновациялық технологияларын тарату және игеру;
— педагогикалық технологияларды жетілдіру және заманауи технологияларды енгізу;
— педагог кадрлардың жетекші кәсіби шеберліктерін, кәсіби-жеке қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың ғылыми әлеуетін арттыру;
Негізгі бағыттары:
— біліктілікті арттырудың перспективалық жоспарына сәйкес оқытушыларды ҚР орталық және жақын және алыс шетел ЖОО-на жіберу;
— жоғары мектеп педагогикасының өзекті мәселелері, кредиттік оқыту технологиялары, компьютерлік технологиялар негіздері және т. б. бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшылары, ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері үшін курстық іс-шаралар ұйымдастыру;
— мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері, қала мен облыстың мұғалімдері мен мектеп қызметкерлері, орта-арнайы, кәсіптік білім беру басшылары, кәсіпкерлер үшін курстық іс-шаралар ұйымдастыру;
— педагогикалық білімі жоқ, кәсіптік білімі бар азаматтарды қайта даярлау;
— педагогикалық бейін бойынша білім беру бағдарламасын оқыту;
— түлектердің қосымша білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру.
— мекемелер қызметкерлерінің сұраныстарына қарай курстар ұйымдастыру.
Біліктілікті арттыру орталығы оқытудың мынадай түрлерін пайдалана отырып бағдарламаларды іске асырады:
— қысқа мерзімді курстар;
— ұзақ мерзімді курстар
— онлайн курстар;
— тренингтер;
— семинарлар;
— вебинарлар;
— дайындық курстары.
Біліктілікті арттыру курстары оффлайн, сондай-ақ қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Мекен жайы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов 29.
Орталықтың штаттық бірлігі:
Орталық директоры
Жоба менеджері-3
Маман
  • Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік іс жүргізу кодексі
  • Инклюзивті білім беру және үдерісті ұйымдастыру
  • Жаңартылған білім беру мазмұны аясында пән мұғалімдерінің құзіреттілігін дамыту
  • Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша сабақ беру және бағалау
  • Білім беру ұйымдарын басқарудың педогогикалық менеджменті
  • Оқытушылардың цифрлық құзыреттілігін дамытудағы педагогикалық дизайн
  • Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту
  • Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
  • Бейнелеу өнері салаларын оқытудағы инновациялық технологиялар
  • Жаңартылған білім беру мазмұны аясында пән мұғалімдерінің құзіреттілігін дамыту
  • Педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасы
  • Ата түрік принциптері
  • Гипербариялық оксигенация

жоба менеджері

Досмаилова Айгуль Мусылманбековна

 

жоба менеджері

Бегманов Абзал Ермаганбетович

 

жоба менеджері

 

маман

 

Напишите свой вопрос

 

    ×