Кентау институты

  • Түркістан облысы Кентау қаласы Б.Момышұлы көшесі №65
  • +7 (72536) 35745

    Кентау кампусы

    Кентау институты 1993 жылы құрамында Медицина және Экология факультеті бар Кентау бөлімшесі болып ашылды.1994 жылы Кентау бөліміне Өнер факультеті қосылды. Бөлімшенің алғашқы вице-президенті – м.ғ.д, профессор М.Рысұлы. Одан кейін бұл қызметті м.ғ.д., профессор, академик А.Рақышов, х.ғ.д., профессор А.Баешов, м.ғ.к. доцент Ы.Молдалиев атқарды. 2003-2008 жылдар аралығында педагогика ғылымдарының докторы профессор Ж.К.Оналбек, 2008-2013 жылдар аралығында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Қ. Мухамеджанов, 2013-2018 жылдар аралығында педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.М.Беркимбаев, 2018-2021 жылдар аралығында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Үсенбек Рахмет, 2021 жылдан бастап педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.М. Беркимбаев Кентау кампусының директоры қызметін атқарып келеді.
    Кентау кампусының құрамында жалпы 60 қызметкер жұмыс жасайды. Әкімшілік құрамында Ақпараттық технология (ақпараттық ресурстық) бөлімінің қызметкерлері: басшысы   -1, инженер бағдарламашы -1, кітапхана қызметкерлері -4, Тәрбие қызметкері -2, Бухгалтерия қызметкері -2, Шаруашылық қызметінде: жетекші инженер -1, инженер-энергетик -1 және 47 көмекші қызмет көрсетушілері бар.
    Кентау кампусында Инженерия факультеті және Дайындық орталығы білім алушылары дәріс алады. Кампустың материалдық-техникалық базасы, мамандар әлеуеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай, білім алушыларға толық жағдайлар жасалынған. Білім алушыларға арналған 3 оқу ғимараты мен 400 орындық Жатақхана, спорт және тренажер залдары, жиналыстар мен әртүрлі іс-шаралар өткізуге арналған музыкалық аспаптары және LED экранмен жарақталған Акт залы, интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сыныптар, арнайы зертханалар, оқу үдерісін жүргізуге арналған заманауи электронды оқулықтар, барлық оқу аудиториялары мультимедиялық құрылғылары (проектор-маркерлік тақталар), интерактивті тақталары бар 50 оқу дәрісхана жұмыс жасайды. Факультетте студенттер мен тыңдаушыларға арналған медициналық қызмет көрсету орны, кітапхана, асханалар қызмет көрсетеді. Барлық ғимараттар жоғары жылдамдықтағы Интернет және Wi-Fi желілермен қамтамасыз етілген. Кітапхана қорында  45 мыңға жуық кітап жинақталған. Кітап қорының молаюы студенттер мен тыңдаушылардың білім алуына мол мүмкіндік береді.
    Сонымен қатар, барлық ғимараттарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бейнебақылау камералары және кіріп-шығуды бақылауға арналған турникет құрылғыларымен қамтамасыз етілген.

    https://www.facebook.com/share/r/dPZdm3NQtb9YsBd8/?mibextid=roAVj8

    Напишите свой вопрос

     

      ×