Инновация тенденциялары талданды

«Заманауи ғылым және білімнің өзекті мәселелері мен инновация тенденциялары». Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи университетінде осындай атаумен ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Келелі жиынға отандық ғалымдар мен оқытушы-профессорлар қатысты

Ғылымдағы жетістік мықты ғалымның тынымсыз тәжірибесімен келеді.   Конференция өткізу арқылы ұжым «Физика» кафедрасының меңгерушісі, физика-математикалық ғылымдардың докторы, профессор Төребай Тұрмамбековке құрмет көрсетті. Азаматтық 60 жылдық мерейтойы осылайша халықаралық деңгейде аталып өтті.

Көкетай Темірғали – Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры

Білімсіз, ғылымсыз ел болмайды деген бар бізде. Міне, сол білімін шыңдап, ғылымның төріне шыққан азамат – Төребай. Біз сол Төребайға бірер жылы сөзімізді арнап, жақсы профессор екенін айта өтейік деген ниетпен келіп отырмыз. Бұл жақсы бастама.

Ғылыми жиынға жүзге жуық ғалым қатысты. Заман қажеттілігіне қарай инновациялық жобалар талданды. Әр ғалым өзі қызмет атқаратын ЖОО-ның инновациялық әлеуетін танытатын күрделі тақырыптарды қамтыды.

Талжан Райымбердиев – Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті

Осы бағыттағы ғылыми жиындар көп болса, мына қазақ елінен шыққан профессорлар бір-бірімен тәжірибе алмаса отырып, ертеңгі ұрпақ үшін еңбек етсе, жұмыс нәтижелі болмақ. Педагогикалық ғылым қай уақытта болмасын, үлкен сұранысқа ие. Сондықтан да бұл бастамаға тек қана оң көзқарастамыз.

Ғалымдардың бұл басқосуы еліміздегі ғылым, білім және инновация саласындағы оң өзгерістер барын, инновациялық даму тенденцияларының жоғары екенін көрсетті. Шара соңында барлық қатысушы арнайы сертификатқа ие болды. Түркиялық профессорлар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осындай инновациялық бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқаруға ұсыныс білдірді.

Напишите свой вопрос

 

    ×