УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ «ӨЗГЕРІСТЕР ДӘУІРІНДЕГІ КӨШБАСШЫ» ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Түркістан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының ұйымдастырумен 14-15 наурыз күндері «Өзгерістер дәуіріндегі Көшбасшы» тақырыбында форум өтті.
Форум «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндама аясында білім берудегі менеджментті нығайтуға, табысты оқу ортасын құрудың өзекті мәселелеріне, оқыту сапасын жетілдіру және қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға, тәжірибе алмасуға, жаңаша көзқарастар және шешімдерді жүзеге асыруда өңірдің білікті мектеп директорларының фасилитациялық ортасын құруға бағытталған.
Басқосудың негізгі мақсаты – мектепті басқарудың тиімді қолдау жүйесін дамыту мен өңірлік білім беру саясатын жетілдіруге белсенді қатысу.
Форум аясында шетелдік және отандық ғалымдардың қатысуымен пленарлық мәжіліс және секция жұмыстарын өткізілді.
Шараға арнайы қатысқан университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова «Білім беру өзгерістеріндегі басқару және жергілікті басшы құрамды даярлау» тақырыбында баяндама жасады. Оқу орнымыздың басшысы көшбасшы болып қалыптасудың негізгі қағидаттарын, болашақ көшбасшыларды даярлауда білім беру ұйымдарының маңыздылығын ерекше атап өтті.
Жанар Амангелдіқызы өз сөзінде: «Көшбасшылық – жаратылыс берген дарын ғана емес, мол тәжірбиені талап ететін дүние. Сондықтан бұл жайында білім алудан, тәжірибе алмасудан жалықпауымыз қажет», — деді.

Напишите свой вопрос

 

    ×