1
УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ «ӨЗГЕРІСТЕР ДӘУІРІНДЕГІ КӨШБАСШЫ» ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Түркістан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының ұйымдастырумен 14-15 наурыз күндері «Өзгерістер дәуіріндегі Көшбасшы» тақырыбында форум өтті. Форум «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндама аясында білім берудегі менеджментті нығайтуға, табысты оқу ортасын құрудың өзекті мәселелеріне, оқыту сапасын жетілдіру және қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға, тәжірибе алмасуға, жаңаша көзқарастар және шешімдерді жүзеге асыруда өңірдің білікті мектеп […]

11111
«ЖАС АҚЫН – ЖАҢА ТУҒАН АЙ СИЯҚТЫ» АТТЫ ПОЭЗИЯ КЕШІ ӨТТІ

Бүгін университетімізде Журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Жас ақын – жаңа туған ай сияқты» атты поэзия кеші өтті. Жыр шумақтарынан шашу шашылған рухани кеште Журналистика кафедрасының студенттері қазақ поэзиясымен қатар, шетел поэзиясынан да өлеңдер оқыды. Талантты студенттер Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова сынды өзге де қазақ ақындарының шығармашылығынан сыр шертті. Сонымен қатар, орыс, қырғыз, түрік ақындарының өлең жолдарын […]

1
УНИВЕРСИТЕТІМІЗ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Бүгін университетіміздің басшылық құрамы мен қызметкерлерінің қайырымдылыққа жинаған қомақты қаражат көлемінен Түркістан облысындағы әлеуметтік аз қамтылған 42 отбасына азық-түлік таратылды. Бұл игі бастама республика көлеміндегі «Наурызанама» онкүндігінің аясында ұйымдастырылды. Университетіміздің қызметкерлері жүк көлігіне тиелген азық-түліктерді аз қамтылған отбасыларға Түркістан облыстық ардагерлер кеңісінің жанында орналасқан Әлеуметтік дүкенде үлестірді. Облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов қайырымды іске […]

1
СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгін университетіміздің мәдениет орталығында солтүстік өңірлерге «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке бойынша Қарағанды, Ұлытау, Абай, Павлодар,Солтүстік пен Шығыс Қазақстан облыстары 11 657 бос жұмыс орындарын ұсынды. Атап айтқанда, Павлодар облысында — 3464, Солтүстік Қазақстан облысында — 1246, Абай облысында — 1279, Ұлытау облысында — 523, Шығыс Қазақстан облысында — 2393, Қарағанды облысы бойынша 2 752 […]

жапония 1
ЖАПОНИЯДАН УНИВЕРСИТЕТІМІЗГЕ ПРОФЕССОР КЕЛДІ

Университетімізге Жапония мемлекеті, Ямагучи перфектуралық университетінің (Yamaguchi Prefectural University) вице-президенті, профессор Масако Иуано келді. Масако Иуаноның университетімізге келу себебі: «Қазақстандағы үштілділік саясатының ағылшын тіліне негізделген білім берудің нәтижелері» тақырыбындағы зерттеу жұмысына байланысты университетіміздің Филология факультетінің оқытушы-профессор құрамы мен қызметкерлерімен кездесу және семинар өткізу. Кездесу барысында профессор өзінің зерттеу жұмысына байланысты мәліметтермен, ақпараттармен және де Жапониядағы […]

111111111
ИТАЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Университетімізде Экономика, басқару және құқық факультеті «Халықаралық қатынастар» кафедрасы мен Халықаралық қатынастар клубының «Жас дипломаттарға семинар» жобасы аясында Италия Республикасы Генуя университетінің доктор-профессоры және Италияның Генуя қаласы мэриясының Халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Андреа Менегатти семинар өтті. Андреа Менегатти – саясаттану, муниципалды басқару салаларының үздік маманы, саяси ғылымдар докторы. «Батыс Африкадағы Ислам: жас африкалық демократиядағы сопылық […]

1
«ЖАҺАНДЫҚ КӨШІ-ҚОН ТОЛҚЫНДАРЫ: ЖАҢА ОҢТҮСТІК КӨШІ-ҚОН АҒЫНДАРЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Оқу ордамызда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директор орынбасары Женгизхан Жаналтай «Жаһандық көші-қон толқындары: Жаңа оңтүстік көші-қон ағындары» тақырыбында семинар өтті. Аталған семинар Экономика, басқару және құқық факультеті «Халықаралық қатынастар» кафедрасы мен Халықаралық қатынастар клубының «Жас дипломаттарға семинар» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жиын барысында жаһандық көші-қон мәселесі адам құқықтарымен ұштастырылып, көші-қон және адам құқықтары ұғымдары теориялық тұрғыдан талданды. […]

111111111111
АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫ ЖАЙЫЛДЫ

Қасиетті Рамазан айында оқу ордамызда жылдағы дәстүр бойынша университет құрамы мен студенттеріне арнайы ауызашар дастарханы жайылды. Рамазан айы бастау алғалы еліміздегі және Түркия Республикасының қалаулы азаматтары мен мекемелері университетіміздегі барша қауымға арнап ауызашар беруде. Ізгі істі алғаш болып Түркия мемлекетінің «Kayatürk Group» компаниясы бастады. Аталған компания атынан Орталық асхана мен Филология факультеті және Кентау кампусында […]

1
БИСҰЛТАН БИ АНСАМБЛІНЕ «ХАЛЫҚТЫҚ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Университетіміздің студенттерінен құралған «Бисұлтан» би ансамбліне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» және «Үлгілі» атағын беру туралы комиссиясының шешіміне сәйкес «Халықтық» атағы берілді. «Бисұлтан» – өзіндік ерекшелектері мен жетістіктері бар халықтық би ансамблі. Ұжымды сахналық киімдері де өзгелерден ерек етеді. Түрлі байқаулардың жеңімпазы атанған ансамблдің көркемдік жетекшілері – ҚР үздік хореографтары, ҚР мәдениет […]

1
«ЕУРАЗИЯ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНДА ІШКІ АУДИТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Ахмет Ясауи Университетінің «Еуразия» ғылыми-зерттеу институтында 2024 жылдың 03-06 наурыз аралығында ҚР СТ ISO 9001:2015 стандартының талаптарына сәйкес ішкі аудит өткізілді. Ішкі аудиттің мақсаты ішкі сапаны қамтамасыз ету және менеджмент жүйесінің тиісті шарттарын сәйкестігі мен тұрақтылығын анықтау болып табылады. Аталған тексерулерді бас аудитор: риск-менеджері Кырыкбаев М.Т., аудитор: СРСО басшысы Кырыкбаева С.С. өткізді. Ішкі аудит барысында […]

Напишите свой вопрос

 

    ×