УНИВЕРСИТЕТІМІЗ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Бүгін университетіміздің басшылық құрамы мен қызметкерлерінің қайырымдылыққа жинаған қомақты қаражат көлемінен Түркістан облысындағы әлеуметтік аз қамтылған 42 отбасына азық-түлік таратылды.
Бұл игі бастама республика көлеміндегі «Наурызанама» онкүндігінің аясында ұйымдастырылды.
Университетіміздің қызметкерлері жүк көлігіне тиелген азық-түліктерді аз қамтылған отбасыларға Түркістан облыстық ардагерлер кеңісінің жанында орналасқан Әлеуметтік дүкенде үлестірді.
Облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов қайырымды іске атсалысқан университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова мен ұжымына ризашылығын жеткізді.
«Наурыз айы мен айлардың сұлтаны болған Рамазан айы құтты болсын! Бүгін Ясауи университеті сый-сияпат жасауда. 42 отбасыға азық-түлік әкелген университет ректоры Жанар Темірбекова мен ректор өкілі Пейами Баттал мырзаға, университет ұжымына алғыс айтамыз!»,-деді Жарылқасын Әзіретбергенов.
Ал, универсиет ректоры Жанар Темірбекова:
«Өздеріңіз білетіндей университетіміз құрылған күннен бастап әлеуметтік жобалармен қатар, ғылыми-білім беру жобаларын қоса атқаруда. Өз кезегімізде бізді де облыс, қала ақсақалдарының игі бастамаларын қолдауға шақырғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Наурыз бен Ораза айларындағы дәстүр болсын, осындай ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан сауапқа толы істі қуана қабыл алдық. Бір апта бұрын оқу ордамыздағы әріптестеріміздің барлығы бір ауыздан осындай қайырымды іске қолдау көрсетті. Бұл істі қасиетті айдағы шын ниетпен берілген жәрдем деп қабылдайсыздар деп сенеміз!»,- деді.
Азық-түлікпен қамтылған отбасылар, аналар қауымы университет ұжымына алғыстарын білдірді.

Напишите свой вопрос

 

    ×