БИСҰЛТАН БИ АНСАМБЛІНЕ «ХАЛЫҚТЫҚ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Университетіміздің студенттерінен құралған «Бисұлтан» би ансамбліне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» және «Үлгілі» атағын беру туралы комиссиясының шешіміне сәйкес «Халықтық» атағы берілді.
«Бисұлтан» – өзіндік ерекшелектері мен жетістіктері бар халықтық би ансамблі. Ұжымды сахналық киімдері де өзгелерден ерек етеді.
Түрлі байқаулардың жеңімпазы атанған ансамблдің көркемдік жетекшілері – ҚР үздік хореографтары, ҚР мәдениет қайраткерлері Орынбай Айболат пен Гүлнәзия Тәуекелова.
Айта кетейік, 2002 жылы университетіміздің әр мамандықтан жиналған студенттері «Би-сұлтан» би ансамблін құрды. Бұл ұжым 2004 жылы университетімізде «Хореография» мамандығының ашылуына себепкер болды.
Университеттің талантты биші студенттерінен құралған «Бисұлтан» би ансамблі көптеген байқаулардың жеңімпазы атанған. Бұл ұжым 2003 жылы Астана қаласында өткен «Шабыт» халықаралық шығармашылық фестивалінде бас жүлдені жеңіп, дәл сол жылы Польша мемлекетінде «Мазовше» корольдік би ансамблінің ұйымдастырумен Халықаралық хореографиялық фестивалінде Дипломант атанды. Ал 2011 жылы РФ-ның Уфа қаласында өткен Халықаралық «Байық» фестивалінде «Гран-при» иеленген.
Сондай-ақ, 2022 жылы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» болып жарияланған Түркияның Бурса қаласындағы халықаралық Наурыз фестиваліне қатысты. Ал 2023 жылы Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул және Вонджу қалаларына барып, өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.
Би ансамблі басқа да көптеген аймақтық, республикалық және халықаралық фестивалдерде көрермен көзайымына айналып үлгерді.
2023 жылы би ұжымы «Терең тарихтан – Жарқын болашаққа» атты шығармашылық кешін өткізді.
«Бисұлтан» би ансамблін жарқын жетістігімен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз!

Напишите свой вопрос

 

    ×