СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгін университетіміздің мәдениет орталығында солтүстік өңірлерге «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке бойынша Қарағанды, Ұлытау, Абай, Павлодар,Солтүстік пен Шығыс Қазақстан облыстары 11 657 бос жұмыс орындарын ұсынды.
Атап айтқанда, Павлодар облысында — 3464, Солтүстік Қазақстан облысында — 1246, Абай облысында — 1279, Ұлытау облысында — 523, Шығыс Қазақстан облысында — 2393, Қарағанды облысы бойынша 2 752 бос жұмыс орны бар.
Өңіралық қоныс аудару – жұмыс күші артық облыстардан жұмыс күші жетіспейтін облыстарға жұмысқа орналастыруға немесе кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу бойынша міндеттемелер негізінде жүзеге асырылады.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде мемлекет елдің оңтүстік өңірлері тұрғындарының солтүстікке ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі. Бүгінгі жәрмеңкеде студенттер, бітіруші түлектер және облысымыздың тұрғындары мемлекеттік қолдау түрлерімен танысты.
Солтүстік аймақтарға көшу кезінде мемлекеттік қолдау түрлері: Көшуге материалдық көмек көрсету (басшыға және отбасының әрбір мүшесіне бір мезгілде 70 АЕК); 12 ай ішінде тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу (15-21 АЕК); Экономикалық ұтқырлық сертификаты, яғни тұрғын үй сатып алу, салу немесе тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарна үшін ақшалай төлем түріндегі материалдық көмек (4 миллион теңгеге дейін беріледі) ұсынылады.
Жәрмеңкеде солтүстік өңірде жұмыс істеп, қоныс аударуға қызығушылық танытқан азаматтар өздерін толғандырған сауалдарына жауаптар алды.

Напишите свой вопрос

 

    ×