«ЕУРАЗИЯ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНДА ІШКІ АУДИТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Ахмет Ясауи Университетінің «Еуразия» ғылыми-зерттеу институтында 2024 жылдың 03-06 наурыз аралығында ҚР СТ ISO 9001:2015 стандартының талаптарына сәйкес ішкі аудит өткізілді. Ішкі аудиттің мақсаты ішкі сапаны қамтамасыз ету және менеджмент жүйесінің тиісті шарттарын сәйкестігі мен тұрақтылығын анықтау болып табылады. Аталған тексерулерді бас аудитор: риск-менеджері Кырыкбаев М.Т., аудитор: СРСО басшысы Кырыкбаева С.С. өткізді.
Ішкі аудит барысында аудиторлар Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Стратегиялық жоспардың орындалуына, даму бағдарламасы, қауіпсіздік мәдениетін бағалау, қызметтер, жауапкершілік және ұйымның уәкілеттіктерінің орындалуына т.б. процестердің жүргізілуіне мән берді.
Ішкі аудит жұмыс жағдайында өтті, аудиттен басқа, ҒЗИ қызметкерлеріне тәуекелдерді басқару негіздері бойынша оқу курсы өткізілді және университеттің комплаенс қызметінің өзекті мәселелері қамтылды.

Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығы

Напишите свой вопрос

 

    ×