ЖАПОНИЯДАН УНИВЕРСИТЕТІМІЗГЕ ПРОФЕССОР КЕЛДІ

Университетімізге Жапония мемлекеті, Ямагучи перфектуралық университетінің (Yamaguchi Prefectural University) вице-президенті, профессор Масако Иуано келді.
Масако Иуаноның университетімізге келу себебі: «Қазақстандағы үштілділік саясатының ағылшын тіліне негізделген білім берудің нәтижелері» тақырыбындағы зерттеу жұмысына байланысты университетіміздің Филология факультетінің оқытушы-профессор құрамы мен қызметкерлерімен кездесу және семинар өткізу.
Кездесу барысында профессор өзінің зерттеу жұмысына байланысты мәліметтермен, ақпараттармен және де Жапониядағы білім беру жүйесі бойынша да ақпараттармен бөлісті.

Халықаралық байланыстар департаменті

Напишите свой вопрос

 

    ×