Ынтымақтастық келісімдер кеңеюде — BNEWS.KZ

Бүгін Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркияның Стамбул университеті және Қазақстанның Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің басшылары ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz.

Университет президенті, профессор У.Әбдібеков, І вице-президент, профессор М.Куталмыш шара мақсатына түсініктеме берді. Мұнан әрі Стамбул университетінің ректоры, профессор Махмут Ак Түркияның беделді университеті жөнінде мағлұматтар беріп, бүгінгі ынтымақтастықтың келешекте екі тарапқа да игілік алып келетінін жеткізді.

Еліміздің қара шаңырағы саналатын Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, профессор Ғ.Мұтанов алдағы уақытта екі білім ошағы арасында тәжірибе алмасу, әріптестік мақсатта түрлі бағыттарда тиімді іс-шаралардың атқарылатындығын айтты. Сондай-ақ, Ғ.Мұтанов профессор У.Әбдібековке және профессор М.Куталмышқа «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 80 жыл» мерейтойлық медалін табыстады, деп хабарлады Ахмет Ясауи университетінің баспасөз қызметі .

Мұнан әрі, ЖОО ректорлары өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Жоғары білім беру саласының көшбасшылары  өзара әріптестік байланыстардың нәтижесінде бірлікте инновациялық жобалар жасау, кәсіби мамандар даярлау, студент алмасу, ғылыми-зерттеулер, ортақ мәдени шаралар  жүргізу сияқты, т.б. мәселелер қолға алынатындығын баса айтты.

Ахмет Ясауи университетінің президенті Уәлихан Сейділдәұлы қадірлі қонақтар, профессор Махмут Ак пен профессор Ғалымқайыр Мұтановқа университеттің «Құрметті профессоры» атағын табыстап, сый-сыяпат тапсырды.

Қонақтар оқу орда басшылары профессор У.Әбдібеков пен М.Куталмышқа сыйлықтар табыстап, университет ұжымына жемісті тіледі. Университеттің лебіз кітабына тілектерін қалдырып, оқу орын кампусы мен мәдени ошақтарымен танысты.

Айта кетер болсақ, Стамбул университеті 24 мың оқытушы-профессор мен қызметкері бар, Түркияның ең озық, беделді университеті. Қазіргі таңда 260 мың студент оқиды. 564 жылдық тарихы бар оқу орынында 5 медициналық клиника жұмыс істейді.

Напишите свой вопрос

 

    ×