Қазақстандық екі ЖОО Түркия университетімен білім беру саласында ынтымақтасты — КазИнформ

АСТАНА. ҚазАқпарат — Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркияның Ыстанбұл университетімен және Қазақстанның Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен ынтымақтастық меморандум жасасты, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Меморандум жасасу барысында университет президенті, профессор Уәлихан Әбдібеков пен І вице-президент, профессор М.Куталмыш шара мақсатын түсіндіріп берді. Мұнан әрі сөз алған Ыстанбұл университетінің ректоры, профессор Махмут Ак Түркияның беделді университеті жөнінде мағлұматтар беріп, бүгінгі ынтымақтастықтың келешекте екі тарапқа да игілік алып келетінін жеткізді.

Еліміздің қара шаңырағы саналатын Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, профессор Ғалымқайыр Мұтанов өз кезегінде алдағы уақытта екі білім ошағы арасында тәжірибе алмасу, әріптестік мақсатта түрлі бағыттарда тиімді іс-шаралардың атқарылатындығын айтты. Сондай-ақ, Ғалымқайыр Мұтанов профессор У.Әбдібековке және профессор М.Куталмышқа «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 80 жыл» мерейтойлық медалін табыстады.

Ахмет Ясауи университетінің президенті Уәлихан Сейділдәұлы қадірлі қонақтар, профессор Махмут Ак пен профессор Ғалымқайыр Мұтановқа университеттің «Құрметті профессоры» атағын табыстап, сый-сыяпат тапсырды.

Мұнан әрі, үш ЖОО ректорлары өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Жоғары білім беру саласының көшбасшылары  өзара әріптестік байланыстардың нәтижесінде бірлікте инновациялық жобалар жасау, кәсіби мамандар даярлау, студент алмасу, ғылыми-зерттеулер, ортақ мәдени шаралар  жүргізу сияқты, т.б. мәселелер қолға алынатындығын баса айтты.

Өз кезегінде қонақтар оқу орда басшылары профессор Уәлихан Әбдібеков пен М.Куталмышқа сыйлықтар табыстап, университет ұжымына жемісті тіледі. Университеттің лебіз кітабына тілектерін қалдырып, оқу орын кампусы мен мәдени ошақтарымен танысты.

Айта кетер болсақ, Ыстанбұл университеті 24 мың оқытушы-профессор мен қызметкері бар Түркияның ең озық белді университеті. Онда қазіргі таңда 260 мың студент оқиды. 564 жылдық тарихы бар оқу орынында 5 медициналық клиника жұмыс жасап тұр.

Напишите свой вопрос

 

    ×