ҚазҰУ және ХҚТУ өзара меморандумға қол қойды — Қазақстан Шымкент телеарнасы

Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университеті екі бірдей оқу орнымен ынтымақтастық меморандумын түзді. Еліміздегі қарашаңырақ — Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Түркияның Стамбул білім ордасымен үшжақты келісімге қол қойды. Жоғары білім беру саласының көшбасшылары арасында енді инновациялық жобалар жасау, кәсіби мамандар даярлау, студент алмасу сынды келелі істер қолға алынады.

Жиында алдымен, жергілікті оқу орнының басшылығы қонақтарға  меморандум мақсаттарын түсіндірді. Ал, Стамбул университетінің ректоры, профессор Махмут Ак Түркияның беделді білім ордасы жөнінде кең мағлұмат беріп, бүгінгі ынтымақтастықтың келешекте екі тарапқа да игілік алып келетінін жеткізді.

Махмут Ак – Стамбул университетінің ректоры

Қазақстанға, соның ішінде Түркістанға келгеніме қуаныштымын. Ахмет Ясауи университеті тек қана әлеуметтік ғылымдар ғана емес, жаратылыстану, инженерия, медицина және басқа сала бойынша білім беріп келеді. Түркиядағы университеттер сияқты үлкен заманауи корпустары бар және жатақхана, коттедж, спорт алаңдары, яғни, білім алушыға жақсы жағдай жасалғанын көріп тұрмын. Стамбул университеті мен Ахмет Ясауи университеті  арасындағы осы меморандум келешекте білім-ғылым, мәдени жағынан да табыс алып келетініне шын жүректен сенемін.

Ал, Қазақ Ұлттық университетінің ректоры алдағы уақытта екі білім ошағы арасында тәжірибе алмасу, әріптестік бағыттағы түрлі жобалардың іске асатынын айтты. Сондай-ақ, қонақтар жергілікті оқу орнының басшылығына  «Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 80 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті.

Ғалымқайыр Мутанов – Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры

Ахмет Ясауи университетінің президенті Уәлихан Сейділдәұлы да мәртебелі меймандарға құрмет-қошемет көрсетті. Түркиялық профессор Махмут Ак пен профессор Ғалымқайыр Мұтановқа университеттің «Құрметті профессоры» атты төсбелгісін табыс етті.

Айта өтейік, Стамбул университеті 24 мың оқытушы-профессоры бар, Түркияның ең таңдаулы университеті. Қазіргі таңда 260 мың студент оқиды. 564 жылдық тарихы бар оқу орнында 5 медициналық клиника жұмыс істейді. Тәжірибе алмасқанға оңтайлы.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Напишите свой вопрос

 

    ×