Астанада «Ұлы Дала тарихы» көрмесі ашылды — 24.kz

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала тарихы» атты сурет көрмесі ашылды. Ұлттық музейде өтіп жатқан мәдени шараға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өнер факультетінің ұстаздары мен магистранттары салған 40-тан астам туынды қойылды. Көрме екі бөлімнен тұрады. «Ұлы Даланың ұлы тұлғалары» бөлімінде Абылай хан, Керей және Жәнібек хандардың және қазақтың үш биінің бейнесі суреттелген қылқалам туындыларын көруге болады. Ал екінші бөлімде қазақ жерінде өткен оқиғаларды баяндайтын «Отырар моншасы», «Тайқазан», «Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құрылысы» атты картиналарды тамашалай аласыз.   Омар Бабажанов, суретші: — Әр тақырыпты университет тарихшыларымен, ғалымдармен, профессорлармен ақылдаса отырып, кеңесе отырып, солардың дереккөздеріне сүйене отырып көріністерді орындап шықтық. Бұрын салынбаған хандарды, соңғы хан Кенесары ханды, сосын Қасым ханды бейнелеп шықтым.

Напишите свой вопрос

 

    ×