Халықаралық қазақ-түрік университетіне – 25 жыл!

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи университеті — тәуелсіз мемлекетпен тел жетілген оқу орны. Білім шаңырағы өздерінің 25 жылдық мерейтойы мен университет күнін атап өтті. Бұл күні білім ұясынан қанат қаққан түлектер бас қосып, өткен күннен естеліктер айтты

Бұл 1992 жылғы мамырдың бірі болатын. Бауырлас, түбі, діні, ділі бір екі ел – Қазақстан мен Түркия арасындағы берік ынтымақтастықтың белгісі ретінде  Құл Қожа Ахмет Яссауи атындағы университет құрылды. Игі іске тәуелсіздігін енді алған Қазақстан басшысы мен  Түркия Республикасының сол кездегі премьер-министрі Сүлейман Демирел ұйытқы болып,  Түркістандағы Мемлекеттік университетке халықаралық мәртебе берді. Қазақ-түрік бауырластығының дәнекеріне айналған құжатқа бүгінде 25 жыл.

Уәлихан Әбдібеков – Қ.А.Яссауи Атындағы ХҚТУ-нің ректоры

Түркістан биыл Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ие. Университет түлектері сабақты ине сәтімен келіп, осынау мерейлі жыл аясында бас қосқандарына риза.

Әділ Әуелбеков – Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-НІҢ түлегі

Марат Достаев — Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің түлегі

Айтулы жиында оқу орнының алғашқы жылдардағы қиындықтары, сол қиындықты жеңу жолындағы ерен еңбек тереңінен айтылды. Мерейлі тойға арнайы келген түлектер білім ордасының бүгінгі әлеуетін көріп, жоғары баға берді.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Напишите свой вопрос

 

    ×