Яссауи мұрасы насихатталды

«Қожа Ахмет Яссауи мұрасы мен Түркістан». Қасиетті мекенде осындай атаумен халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Алқалы жиын Елбасының бағдарламалық мақаласын насихаттай отырып, киелі жерлерді таныту, тарихи-мәдени мұраларымызды сақтауды көздейді. Оны насихаттау арқылы келешек ұрпақ кәдесіне жарату да қаралған. Басқосуда сондай-ақ, Отандық музей саласындағы кейбір көкейкесті мәселелер талданды.

Конференция жұмысына Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей Федерациясынан келген ғалымдар мен отандық музей ісінің 30-дан аса білікті маманы қатысты. Түркі халқының рухани пірі Қожа Ахмет Яссауи мұраларының Алты Алаш тарихындағы орны, рөлі екшелді.

Асқар Тұрғанбай – Халықаралық «Түрксой» ұйымының өкілі, филология ғылымдарының кандидаты

Бұл конференция ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен болып жатыр. Бұл шараның мақсаты — Қожа Ахмет Яссауидің мұрасын таныту.

Жиында сөз алғандар аталған конференцияның ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен тəжірибені арттыруға маңызы зор екенін айтты. Яссауи мұрасының адамзат игілігіне айналуына Түркі елі ғалымдарының да сүбелі үлес қосатынына сенім білдірді.

Конференцияға қатысушылар елдің рухани-әлеуметтік даму бағытындағы ойларын ортаға салды. Бұл ретте Елбасы мақаласын жетекшілікке алу жайы айтылды.  Рухани бірлік пен ұлтаралық татулықты сақтай отырып, ортақ мәдениетті қалыптастыру келелі міндет екені түсіндірілді.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Напишите свой вопрос

 

    ×