Ғылымды дамыту – жаңа технологияға жол

Елбасы Жолдауына Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушы құрамы да үн қосты. «Елбасы елді озық отыздыққа жетелейтін 10 бағытты айқындап берді. Енді оны жүйелі жүзеге асырып, жоғары оқу орындарына артылған міндеттің үдесінен шығу маңызды, — дейді білікті ғалым педагогтар.

Президент екшеген міндеттердің сапында әсіресе, жоғары оқу орындарына тиесілі тапсырма көп. Жолдау ең алдымен, білім берудің жаңа сапасын қалыптастыруды жүктеді. Барлық жастағы азаматтарды қамтып, білім беру ісінде өзіміздің озық жүйені жедел құру қажеттігін көрсетті.

Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы, өзгерістерге үнемі бейім болу, жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту екені даусыз. Бұл тұрғыдан алғанда, Түркістандағы іргелі оқу орнының жоспарлары ауқымды.

Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет, — деді Елбасы. Жыл санап, әлеуеті артқан оқу орны бұл міндетті әрі қарай дамытуға бек дайын. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейтуге де ден қойып отыр. Бұл әлбетте, жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты болмақ.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Напишите свой вопрос

 

    ×