ОЗАТ ДӘРІСТЕР ҒАЛАМТОР АРҚЫЛЫ ДӘРІПТЕЛЕДІ

Елбасы Жолдауын қолдап, Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінің ұжымы да келелі кеңес өткізді. Білім ордасының оқытушы-профессорлық құрамы студенттерге жеке дара түсіндірме жүргізіп, стратегиялық құжаттың тиімді тұстарын насихаттауда. Бұл тұста ұстаздардың біліктілігін арттырып, озат дәрістерді ғаламтор арқылы дәріптеу негізгі міндетке айналған.

Елбасы қазақстандықтарға бұл Жолдауды – озат отыздыққа апарар төте жол деп көрсетті. Яғни, мемлекет басшысы меңзеген бағыттан таймау, ең алдымен, дамуға бастамақ. Сондықтан да оны егжей-тегжейлі түсініп, жүзеге асыру әр азаматтың міндеті болмақ.

Бүгінде Қазақстан төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, яғни, технологиялық және әлеуметтік салалардағы терең, қарқынды өзгерістерге қадам басып отыр. Бұл тұста ұстаздар қауымына артылар жүктің салмағы ауыр. Жаңа үрдісті жете меңгеріп, цифрлық Қазақстанды дамыту – негізгі міндет.

Елбасы Жолдауы — еліміздің дамуына, болашағына жол көрсетер құжат, — дейді студенттер.  Сондықтан, шәкірттер аталған мақсаттар мен межелерді жүзеге асыру барысында аянбай еңбек етуге дайын.

П.Биназарқызы 

Напишите свой вопрос

 

    ×