«ТАРИХИ ТАҢДАУ» КӨРМЕСІ — ТҮРКІСТАНДА

«Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам». Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі Түркістан жұртының назарына ұсынылды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ұйымдастырылған шара «Тарихи таңдау» деген атаумен шымылдық түрді.

Бұл жоба Мемлекет басшысының Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы шешуші рөлін жан-жақты көрсетеді. Мол мұрағат, тарихи жәдігерлер – ширек ғасырлық тәуелсіздік шежіресіне дерек. Көрме осынысымен де ел жүрегіне жақын.

Елбасы өмірдерегінен сыр шертетін көрменің өскелең ұрпаққа үлкен тәлім-тағылымы бар. Батыл бастамаларға жігерлендіріп, елдің патриоты болуға үндейді. Мұндай шараның қасиетті мекенде ұйымдастырылуы да — Рухани жаңғырудың алғышарты.

Көшпелі көрмені тамашалауға Түркістан жұртшылығы белсене қатысты. Келушілерге Нұрсұлтан Назарбаевтың қарапайым металлургтен бастап, Президент дәрежесіне дейінгі еңбек жолын баяндайтын маңызды материалдар ұсынылды. Президенттің сирек кездесетін бейнешежіре кадрлары мен фотосуреттеріне де елдің көзі қуанып, көңілі толды.

П.Биназарқызы

Напишите свой вопрос

 

    ×