Түркістанда «Тарихи таңдау» атты көшпелі экскурсия өтті — Алаш Айнасы

Түркістан қаласы, Ахмет Ясауи университетінде «Жаһандану үдерісінде Түркі әлемінің келешегі, мүмкіндіктер мен қауіптер» атты халықаралық әлеуметтік ғылымдар конгресі өз жұмысын бастады.

Кеше, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Көшбасшылық дағдыларды дамыту» атты жастар форумы өтті.

Шара ұйымдастырушысы – БҰҰ-ның Алматыдағы өкілдігі Қоғамдық ақпарат департаментінің және ХҚТУ «Жастар орталығы», «Халықаралық қатынастар» клубы (IKTU International Relations Club). Клуб төрағасы – «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенті Б.Унбаева. Клуб жетекшісі — «Халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., PhD Эфтал Шукру Батмаз.

Даму және қаржыландыру жөніндегі проректор М.Эрен, Ұйымдастыру және тәрбие ісі жөніндегі проректор Б.Мухамеджанов, БҰҰ-ның өкілдігі Қоғамдық ақпарат департаментінің директоры В.Самек сөз сөйлеп, форум жұмысына сәттілік тіледі. Басшылар спикер қонақ В.Самекке шапан жауып, сый-сыяпат, Алғыс хат табыстады. Университет президенті, профессор У.Әбдібеков өз қабылдауында болған В.Самекке сый-сыяпат, оқу орданың естелік альбомын табыстады. ХҚТУ Студенттік кеңесінің төрағасы Д.Берікпаев «Ахмет Ясауи университеті:терең тарихтан жарқын болашаққа!» атты баяндама жасады.

Сондай-ақ, Қазақстанның біршама ЖОО-нан, мектептерден 70-ке жуық жастар қатысты. Шымкент қаласының «Назарбаев зияткерлік мектебі», «Мирас» университеті, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Кентау қаласының «Дарын» мектебінің өкілдері, Қазақстандағы халықаралық жастар ұйымдарының көшбасшылары келді. «Global Shapers Community — Қазақстан», «AIESEC Kazakhstan», «Y-PEER Kazakhstan» секілді Қазақстандағы халықаралық жастар ұйымдарының лидерлері форум спикерлері ретінде қатысты.

Форумды Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенті Бота Унбаева жүргізді. Жастар форумда әртүрлі елдерден, университеттерден келген студенттер мәдени, ғылыми байланыс, және пікір-талас, келіссөздер жасау секілді дипломатиялық тәжірибе алмасады. Жастарды халықаралық мәселелерден хабардарлығын арттыруда, жаңа инновациялық ұсыныстар жасасуға өз септігін тигізеді. Форум қатысушылары күн тәртібіне қойылған мәселелерді талқылады. Көшбасшы жастар «Мансапқа қалай жете аламыз?», «Шетелде мемлекет имиджін қалыптастырудағы жас көшбасшылардың рөлі», «Жастарға үздік көшбасшы болуға не кедергі келтіреді?», «Осындай жастар ұйымдарының мүшесі қалай бола аламын?», «Жастар және Тұрақты даму мақсаттары: ТДМ-на жетудегі жастардың рөлі», «Сұхбаттасуды жемісті өткізудің жолдары», «Резюме жазу және көпшілік алдында сөйлеу», «Шетелде алынған тәжірибенің жастар болашағына қосар үлесі», «Жастар және көшбасшылық. Көшбасшылық дағдыларды қалай дамыта аламыз?», «Жастар және еріктілер қозғалысы; ұлттық және жаhандық дәрежедегі волонтерлік қозғалыстар», «Тимбилдинг және «тең-теңіне» қағидаты бойынша білім беру:Қазақстандағы «тең-теңіне» білім беру» секілді тақырыптарды қозғады.

Форум жұмысы қызу пікірталасқа толы қызықты дебаттарға жалғасты. Озық ойлы жастар әлемдік мәселелерді де қозғады. Форум жоғары деңгейде қызықты өтті. Қатысушылар коммуникацияның және сөйлеудің көптеген қырларын зерттеп, тәжірибесін шыңдап, ресми келіссөздер жүргізуді үйренді.

Сонымен қатар, Әлеуметтік ғылымдар факультеті оқу корпусының 417-кабинетінде «Біріккен ұлттар ұйымының бұрышы» ашылып, оның лентасын Қоғамдық ақпарат департаментінің директоры В.Самек, проректорлар М.Эрен, Б.Мухамеджанов қиды.

Напишите свой вопрос

 

    ×