ТҮРКІСТАННЫҢ ТҮРЛЕНГЕНІНЕ ТҮЛЕКТЕР ҚУАНЫШТЫ

Түбі бір түркі жұртының ортақ отаны болған Түркістан қаласы — түркі тілдес елдердің жастарына да ортақ мекен. Дәл қазір рухани шаһарда 16 елдің 400 студенті келіп, тіл сындыруда. Олардың барлығы тарихи қаланың облыс орталығы болғанына шаттанады.

Угур Ильмаздың Түркістанда жүргеніне үш жылдан асты. Түркиядан білім қуып келген шәкірт — бүгінде түркітілдес студенттер кеңесінің төрағасы. Барлық ұлт өкілдерінің жастарын бір арнаға тоғыстырып жүрген жол көне шаһардың облыс орталығы болғанына қуанышты. Айтуынша, бұл өзгеріс енді Түркістанның атын әйгілей түседі. Сонымен қатар жаңа облыс орталығы алдағы уақытта түркі тілдес ел жастарының көптеп жиналатын орталығына айналады.

Угур Ильмаз – түркітілдес студенттер кеңесінің төрағасы

Біз үшін Түркістанның облыс орталығы болғаны өте қуанышты жағдай. Себебі, барлығымыз үшін киелі де қасиетті саналған Түркістан орталық статусын алғаннан кейін жаңаша кейіпке енеді. Дамиды. Ал, оның гүлденгені барлығымызға жақсы. Әсіресе, осында келіп оқып жатқан жастар үшін өте қуанышты деп ойлаймын.

Түркістанның жаңа мәртебеге ие болуы Ахмет Атакты да ерекше толқытты. Ол биыл Түркістандағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің 1-курсын бітірді. Болашақта журналист болуды армандайды. Көне өркениет пен қазіргі мәдениет тоғысқан мекенде… ақпарат ағымы мықты болатынына кәміл сенеді. Пайымынша, Түркістан түптеп келгенде, тарихты қадір тұтып, елін сүйген жастар қаласына айналады.

Ахмет Атак – Қ.А Ясауи атындағы ХҚТУ студенті /Түркия/

Түркістанның облыс орталығы болуы ол Түркістанның дүние жүзіндегі беделіне де өз әсерін тигізеді. Нәтижесінде Түркістан бұған дейін тек діни және мәдени басқосулардың орталығы болып келген болса енді, бұл қала үлкен көлемдегі ауқымды шаралар өтетін алаңға айналады. Бұл осы шаһарға деген өзге азаматтардың қызығушылығын арттыратын болады.

Бұл тек екі студенттің ғана пікірі емес. Түркістанға келіп тіл үйреніп жатқан 400-дей түлектің ортақ ойы. Өйткені, рухани шаһарда тыныстап жүрген барлық жастың кеудесін қазір қуаныш кернеуде. Ол тарихи қаланың облыс орталығына айналғаны.

М. ЖАРЫЛҚАСЫН

Напишите свой вопрос

 

    ×