ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Жаңа гуманитарлық білім». «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық». Жоба бойынша «Ұлттық аударма бюросынан» аударылған 18 оқулық түркістандық жоғары оқу орындарына таныстырылды. Салатанатты шарада Қ. А. Ясауи атындағы халықаралы Қазақ-Түрік университетінің ұжымы игі бастаманы қолдайтындарын жеткізді. Енді бұл кітаптар шәкірттерге рухани азық болмақ.

Досай Кенжетай – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры

Бұл оқулықтар әлемнің көшін бастап тұрған университеттерде оқытылады. Авторлары дүниежүзіне әйгілі ғалымдар. Аударуға таңдалған еңбектерді іріктеу барысында сарапшылар көп жұмыс жасады. Нәтижесінде әлемнің үздік оқулықтары қазақ тіліне аударылып отыр

«Білім беру жүйесіне енетін оқулықтардың деңгейі өте жоғары,-дейді оқытушы құрам. Бұл дүиелер мазмұны мен құндылығы жағынан өзектілігін жоймайды. Өйткені, шетел шедеврлерінің таңдаулы туындыларынан шәкірттердің ұтары мол.

Айтып өтейік, қазақ тіліне аударылған гуманитарлық ғылымдар бағытындағы бұл оқулықтар алдыңғы қатарлы әлем университеттерінің оқу жоспарына енген. Кітаптар әлемнің 42 елінде, 34 тілде басылған. Жалпы таралымы 47 миллионды құрайды.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ 

Напишите свой вопрос

 

    ×