ЖАҢА ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ҰБТ БАСТАЛДЫ

Облыс орталығында Ұлттық бірыңғай тестілеу науқаны басталды. Түркістандық түлектер биыл 6 күн,яғни, маусымның 21 мен 27-сі аралығында сынақ тапсырады. Ал, тестілеу жұмыстары Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің оқу ғимаратында ораналасқан №744 орталықта өтеді.Білім бөлімі таратқан ақпаратқа сүйенсек, биыл облыс орталығындағы 64 мектептен 1732 оқушы тест тапсыруға өтініш берген.

Үміт пен күдік арпалысып, ата-ана бойын қобалжу билеген сәт -ҰБТ. Таңғы сағат сегізге жоспарланған сынақтың сақтық шаралары жоғары. Түлектер алдымен, жіті тексеруден өтіп, кейін ішке кірді. Тест сұрақтарымен алғашқы лекте… танысуға келген талапкерлерге… қала әкімі мен университет ректоры сәттілік тіледі.

Тәжібек Мұсаев – Түркістан қаласының әкімі

Биыл жалпы қаламызда 2629 оқушы мектепті бітірсе соның 1732 осы ҰБТ тапсырғалы отыр. енді сіздер 11 жылдық білімдеріңізбен тәлім-тәрбиелеріңізді дәлелдейтін сәт келді. Ендеше іске сәт деп ақжол тілейміз.

Болатбек Абдрасилов – Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ ректоры

Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТУ биыл сіздерге біздің оқу орынан түсу үшін барлық жағдайды жасайды.Қосымша мамандықтар ашылайын деп жатыр. Сол себептен біз ойлаймыз осы ҰБТ-ның жақсы нәтижесімен гранттық конкурсқа қатысып, грантты ұтып біздің университетке келеді деп.

Бірінші күнгі тестке 489 түлек қатысып отыр. Олардың тыныш та, қауіпсіз сынақ тапсыруы үшін барлық жағдай қарастырылған. Тест орталығының маңында байланыс желілері тұйықталып, бөгде адамдардың кіріп-шығуына тыйым салынған.Ал, ата-аналар ұл-қызының білімі сыналған сәтті үлкен экран арқылы сырттан тамашалай алады.

Шолпан Ахметова – ата-ана

Енді толқып тұрмыз. «баласы бәйгеге шапса, анасы үйде отырып тақымын қысады»-деген, сөз барғой. Сол рас. Бірақ біз осы жерде тұрып қолдау білдіріп жатқанымыз түлектерге дем береді деп ойлаймын.

Еске салып өтейік, ҰБТ –ны еліміздің оқушылары биыл 15-ші рет тапсырып отыр. Осы уақыт ішінде сынақ тапсыру талаптары да бірнеше рет өзгеріп, сұрақтарда жетілдірілді. Ең соңғы өзгеріс өткен жылы енгізілген болатын. Жаңа ережеге сәйкес, бірінші сынақта шектік баллдан өте алмай қалған түлекке тамыз айында қайта тапсырып көруге мүмкіндік беріліп отыр. Сол талап биылда сақталатын болады.

М. ЖАРЫЛҚАСЫН

Напишите свой вопрос

 

    ×