Қазақ тарихында ұлы шешімдер қабылданған шаһардың мәртебесі өсіп отыр – ректор

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде рухани астананың Түркістан облысының орталығы мәртебесіне ие болуына орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы Жарлыққа қол қоюы – халық үшін қуанышты жаңалық болды.

«Киелі Түркістан қаласының Түркістан облысының орталығы атанып, облыс мәртебесіне ие болуы құтты болсын! Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Түркістан тарихындағы үлкен маңызға ие шешім туралы Қазақстан халқына арнайы хабарлады. Қасиетті Түркістанды облыс мәртебесіне көтерген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегенділігіліне университет ұжымы атынан ризашылығымды білдіріп, рахмет айтқым келеді. Түркістан — қазақ хандығының астанасы болған, екі мың жылдық тарихы бар, Ұлы Жібек жолы тоғысқан киелі қала. Мәңгілік елді Ұлы мұрат тұтқан қазақ елінде үлкен қуанышты оқиғаның орын алуы барша қазақстандықтарды қуанышқа кенелтіп отыр», — деді сөз басында оқу орнының ректоры Б.Абдрасилов.

Оның айтуныша, қазақ тарихында ұлы шешімдер қабылданған шаһардың мәртебесі өсіп отыр.

«Қазақ тарихындағы Ұлы шешімдер қабылданған қазақ хандығының ордасы болған шаһардың мәртебесі өсіп отыр. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Түркістан облысын құру туралы Жарлығы киелі қаламыздың өсіп-өркендеуіне тың серпін беретін болады. Қала аумағында үлкен құрылыстар жүріп, тарихи қала қайта жаңғырып түлейді. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласымен астасып жатқан бұл шешім қаламыздың қайта жаңаруына септеседі. Қаламыздың облыс орталығы атануы біздің университетіміз үшін де үлкен серпіліс береді. Оқу орнымыздың әлеуеті өсе түсетін болады. Білімді жастардың қаламызға қызығушылығы артады. Университетте студенттер контингенті өсіп, түркі дүниесіндегі, республикамыздағы географиялық аумағы ұлғая түсетін болады деп сенеміз», — деп сенім білдірді ректор.

Напишите свой вопрос

 

    ×