Түркі әлеміндегі бірегей университет

Халықаралық Түркістан газетіне 03.06.2021 жылы Ахмет ӨМІРЗАҚтың «Түркі әлеміндегі бірегей университет» атты мақаласы жарық көрді.
https://turkystan.kz/article/147918-turki-elemindegi-biregey-universitet/?fbclid=IwAR2VA_U4xTWgqFvrfq6YrwZjomlYdOTyqZ96bI-Bvf-zP_ivVoaX5FqgdW0

Қазақстанда тәуелсіздіктің ал¬ғаш¬қы жылдарында көптеген институт университетке айналдырылды. Бірақ солардың ішінде қадым шаһар Түркістанда жаңадан ашылған Халықаралық қазақ-түрік университетінің орны бөлек. Біріншіден уни¬верситет 1991 жылы ашылды, сосын ол еліміздегі ха¬лық¬аралық мәртебесі бар жоғары оқу орны болды.
1992 жылы 31 қазанда Анкарада Қазақстан мен Түркия үкіметі арасында осы оқу орнын «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті етіп қайта құру туралы» келісімге қол қойылды. Келісім Қазақстан және Түркия Парламенті ратификациялағаннан кейін күшіне енді.
Биылғы наурыз айынан бастап Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ректоры болып Жанар Темірбекова тағайындалды. Ә дегеннен-ақ, жаңа ректор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» қағидасын басшылыққа ала отырып, өз жұмысын барынша әділ әрі жариялы түрде жүргізетінін айтқан болатын. Жанар Амангелдіқызы – экономика ғылымдарының кандидаты, Түркияның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнында білім алып, Халықаралық қазақ-түрік университетінің Анкара қаласындағы Өкілетті кеңесінде, сонымен қатар, ТҮРКСОЙ сынды халықаралық ұйымдарда да еңбек еткен. Қазақстанда да бірнеше жоғары оқу орнында табысты еңбек етіп, шебер ұйымдастырушы, білікті басшы ретінде танылған тәжірибелі маман. Жаңа технологиялар қарыштап дамып, білім мен ғылымның бәсі биіктей түскен дәуірде жаңаша ойлайтын менеджерлердің университет басшылығына тағайындалуы – оң үрдіс.
хмет Ясауи университеті – түркі әлеміндегі бірегей университет, ЖОО-да әлемнің 17 елінің жастары мен 30 ұлт пен ұлыс өкілдері арасында мәдениетаралық диалог пен ұлтаралық толерантты тәрбие жүріп жатыр. Қазіргі жаһандану жағдайында Түркі тілдес әлемді рухани біріктіруші білім беру орталығы ретінде Ахмет Ясауи университетінің идеологиялық маңызы зор. 2018 жылдан бастап ХҚТУ түркітілдес мемлекет университеттер Кеңесінің төрағасы болып келеді, оған Түркияның, Қазақстанның, Қырғыз Республикасының, Әзербайжанның 19 университеті кіреді.
Университет 2007 жылғы мамырда Болон декларациясына қосылу туралы меморандумға қол қойды және 2010 жылғы қыркүйекте Болон декларациясының негізі болып табылатын университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.
1991 жылы бірінші іріктеу нәтижесінде университетке 332 студент қабылданса, онда қазіргі студенттер контингенті 10 мыңға жуық студентті, интерндерді, магистранттар мен докторанттарды құрайды, оның ішінде 1,5 мыңға жуық студент алыс және таяу шетелдің түркітілдес мемлекеттерінен келген.
Үкіметаралық келісімшарттарға сәйкес Қазақстан Үкіметі жыл сайын Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ үшін алыс және таяу шетелдің түркітілдес мемлекеттерінің студент жастарын оқытуға 200 арнаулы мемлекеттік білім беру грантын бөледі.
Университетке ең дарынды және талантты жастарды тарту мақсатында Үкіметаралық Өкілетті кенестің шешімімен (Анкара) Түркия бюджетінен жыл сайын ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай алған, бірақ мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсынан өтпеген қазақстандық талапкерлер үшін 500 білім беру гранты бөлінеді.
Білім беру қызметі бакалавриаттың 54, магистратураның 30, PhD докторантураның 11, резидентураның 3, интернатураның 7 мамандығы бойынша жаратылыстану, гуманитарлық, экономикалық, заң, әлеуметтік, медициналық, техникалық ғылымдар, білім беру, бизнес, қызмет көрсету және өнер бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Университетте 71 доктор, 282 ғылым кандидаты, 67 РhD доктор жұмыс істейді. Оның ішінде 5 пайызы ‒ Түркия мен басқа мем-лекеттерден келген шетелдік оқытушылар.
Университетте үш деңгейлі оқыту жүйесі: Болон үдерісі талап-тарына сәйкес бакалавриат-магистратура-докторантура (резидентура) ендірілген. Оқу қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – Қазақстанның озық көп салалы университеттерінің бірі. Ахмет Ясауи университеті жыл сайын университеттердің ұлттық рейтингісінде ондықтың қатарынан көрініп жүрген, заманауи білім және ғылым саясатын жүзеге асыратын, тұрақты кәсіби және тұлғалық дамуды басшылыққа алатын инновациялық университет. Университет классикалық профильдегі университеттердің арасында ең алғашқысы, мұнда тұңғыш рет сонау 1992 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық мамандар даярлығы ашылған болатын.
Университет құрамында медициналық факультеті бар халықаралық full university жоғары оқу орындарының категориясына кіреді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бакалавриат, интернатура, магистратура, резидентура және докторантура сияқты көп деңгейлі бағдарламалар жүйесі негізінде жоғары базалық білім беруді қамтамасыз етеді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қабылдау мемлекеттік білім беру гранттары, келісімшарт (ақылы) және Түркия квотасы негізінде 105 мамандық бойынша білікті мамандарды даярлауды жүзеге асырады.
Университет құрамында 10 факультет, Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі, кәсіби колледж, 6 ғылыми-зерттеу инс¬титуты, докторлық диссертацияларды қорғау бойынша мамандандырылған диссертациялық кеңес қызмет көрсетуде. Университетте 10 мыңға жуық студент, интерндер, магистранттар, резиденттер мен докторанттар білім алып жатыр.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ашылу және қалыптасу тарихы түркі өркениетінде ерекше орын алған Түркістан қаласының тарихымен байланысты. Көне қаланың айрықша геосаяси орналасуы мен оның түркі халықтарының мойындалған рухани орталығы ретіндегі маңызын ескере отырып, университетті заманауи жоғары білікті мамандарды даярлаумен қатар құрудың негізгі мақсаты – түркі халықтарының ғылыми және мә¬дени көне орталығы, түркі әлемінің заманауи рухани астанасы – Түркістан қаласын жандандыру және дамыту.

Напишите свой вопрос

 

    ×